Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
деңгей. 1.Науқас 25 жаста, диагноз: Бедеулік I
1.Науқас 25 жаста, диагноз: Бедеулік I. Спецификалық этиологиялы, екіжақты созылмалы сальпингоофорит, ремиссия сатысы, гинекология бөлімшесіне жіберілді. Жатыр түтіктерінің өтімділігін тексеру мақсатымен гистеросальпингография жүргізілді. Қорытынды: жатыр түтігі өтімділігі жоқ. Тактика:// Қабынуға қарсы терапия жүргізу// Гидротубация жүргізу// + лапароскопиялық адгезиолизис жүргізу// лапаротомиялық тубэктомия жүргізу// лапаротомиялық адгезиолизис жүргізу. *** 2.Қыз балалардың жыныс мүшелеріндегі үлкен гематомалары болған жағдайда дәрігердің тактикасы: // егер үлкен және оданда ұлғаятын болса - оны кесіп, қан кеткен тамырларды тігу// +кез келген жағдайда суық басу, викасол// үлкен гематомаларда күту тактикасы // кез келген гематомада- оны кесіп, қан кеткен тамырларды тігу // ештене істемеу. *** 3.Пубертантты кезеңдегі қыз балалардың жыныстық жетілуінің «өшірілген» вирилизация типі бойынша бұзылысының емі:// эстрогендермен орын басушы терапия // гестагендермен орын басушы терапия // + глюкокортикоидтарды қолдаушы дозада қолдану// хирургиялық коррекция// гонадолибериндердің агонистерін өмір бойы қолдану. *** 4.30-40 жастағы әйелдердегі патологиялық жатырдан қан кетудің себебін анықтаудағы ең нақты әдісті таңдаңыз:// Дененің базальді температурасын өлшеу// Эндометрий биопсиясы// +жатырды диагностикалық қырнау// гистероскопия// эстроген и прогестерон концентрациясын анықтау. ***
Жатыр мойнының фондық процесстеріне жатады:// дисплазия// карцинома in situ// +псевдоэрозия// микроинвазивті обыр// преинвазивті обыр *** Жатыр мойны эпителиясының ауыр дисплазиясы жатады:// микроинвазивті обырға// инвазивті обырға// +ісік алды ауруға// Carcinoma in situ// фондық процесстерге *** Жатыр мойны дисплазиясына диагноз қоюға арналған негізгі зерттеу әдісі:// цитологиялық зерттеу// +гистологиялық зерттеу// айнамен қарау// кольпоскопия// жатыр мойнына конизация жасау *** 30 жастағы әйелдің жатыр мойны қынаптық бөлігінің ауыр дисплазиясын емдеуге қолданатын әдіс:// электрокоагуляция// жатырдың қынаптан жоғары ампутациясы// +жатыр мойнына конизация жасау// жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы// криодеструкция *** 60 жастағы науқастың жатыр мойнының ауыр дисплазиясын емдеуге қолданатын әдіс:// диатермокоагуляция// криодеструкция// электрокоагуляция// жатыр мойнының конизациясы// +жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы *** Жатыр мойны обырының пайда болуына әсер ететін негізгі фактор:// +адам папилломасының вирусы// гиперэстрогения// семіздік// бедеулік // нейро-эндокринді бұзылыстар *** Жатыр мойны обырының келесі морфологиялық түрі жиі кездеседі:// ашық жасушалы обыр// ұсақ жасушалы обыр// +жалпақ жасушалы обыр// сарапталмаған обыр// базальді жасушалы обыр *** Жатыр мойны обырының аймақтық лимфа түйіндеріне жатады:// параректальді// +ішкі мықын// сандық// парааортальді// шаптық *** Карцинома in situ сипатталады:// ісіктің стромаға инвазиясы 3 мм// параметральді май қабатына ісіктің инфильтрациясы// ісіктің қынапқа ауысуы// ісіктің көлемі 4 см-ден үлкен// +ісіктік жасушалардың стромаға инвазиясы болмайды *** Жатыр мойны обыры жиі пайда болады:// ішкі аңқа бөлігінде// +жалпақ және цилиндрлі эпителидің шекарасында// цервикальді каналда// жатыр мойнының бездерінде// жатыр мойнының қынапқа өтер бөлігінде *** Жатыр мойны обырының ерте түріне жатады:// ауыр дисплазия// +интраэпителиальді обыр// инвазивті обыр// жатыр мойнының эрозиясы// эндоцервикоз *** Жатыр мойны обырына ерте диагноз қоюға арналған скрининг әдісі:// ректовагинальді қарау// +цитологиялық зерттеуге жатыр мойнынан жұғынды алу// анамнез жинау// кіші мықын ақзаларын УДЗ// қынаптың артқы күмбезі арқылы Дуглас кеңістігіне пункция жасау *** Жатыр мойнының микроинвазивті карциномасына келесі ісік жатады:// параметральді май қабатына таралған// стромаға таралмаған// +стромаға инвазия тереңдігі 3 мм дейін// стромаға инвазия тереңдігі 6 мм дейін// ісіктің эндометриге ауысуы *** Жатыр мойны обырының тік ішекке таралып өсуін анықтау үшін келесі зерттеу әдісін қолданады:// ангиография// лимфография// экскреторлы урография// +ректороманоскопия биопсиямен// цистоскопия *** Жатыр мойнының микроинвазивті обырын емдеудің негізгі әдісі:// +хирургиялық әдіс// гормондық терапия// дистанциялық сәуле терапиясы// криодеструкция// химиотерапия *** 28 жастағы науқаста жатыр мойнының карцинома in situ анықталды. Тиімді емдеу әдісі:// электрокоагуляция// + жатыр мойнына конизация жасау// жатырға қосалқылармен бірге экстирпация жасау// дистанциялық сәуле терапиясы// химиотерапия *** 26 жастағы әйелге жатыр мойнының карцинома in situ және 8 апталы екіқабаттылық диагнозы қойылды. Дәрігердін әрекеті:// бақылау// +екіқабаттылықты тоқтатып+жатыр мойнына конизация жасау// жатырға қосалқылармен бірге экстирпация жасау// екіқабаттылықты тоқтатып +химиотерапия жасау// бала табу+ қосарлап жасаған сәуле емі *** 50 жастағы науқасқа жатыр мойнының карцинома in situ диагнозы қойылды. Тиімді емдеу әдісі:// жатыр мойнына конизация жасау// криодеструкция// Вертгейм операциясы// +жатырға қосалқылармен бірге экстирпация жасау// дистанциялық сәуле терапиясы *** 68 жастағы науқаста интраэпителиальді жатыр мойны обыры анықталды. Қосымша аурулары болғандықтан хирургиялық ем жасалмайды. Альтернативті емдеу әдісі:// гормонды терапия// дистанциялық сәуле терапиясы// диатермокоагуляция// +қуысішілік сәуле терапиясы// химиотерапия *** Қосалқылармен бірге кеңейтілген жатыр экстирпациясы (Вертгейм операциясы) кезінде келесі лимфатүйіндері алынып тасталады:// +ішкі мықын// шаптық// параректальді// сандық// парааортальді ***
26 жастағы науқаста жатыр мойны ісігінің инвазиясы 3 мм микроинвазивті обыры анықталды (T1a1N0M0). Емдеу тактикасы:// жатыр мойнының диатермокоагуляциясы// жатырға қосалқылармен бірге экстирпация жасау// +жатыр мойнының конизациясы // Вертгейм операциясы // химиотерапия *** Эндометридің шынайы ісікалды ауруы:// безді гиперплазия// фиброзды полип // безді–кисталы гиперплазия// эндометрий полипі// +эндометридің атипиялық гиперплазиясы *** 30 жастағы науқастың жатыр қуысы кілегейінен алынған қырындыны гистологиялық тексеру кезінде эндометридің атипиялық гиперплазиясы анықталды. Емдеу әдісі:// бақылау// +гестагенмен емдеу// андрогенмен емдеу// жатырға қосалқыларсыз экстирпация жасау// химиосәуле емі *** 35 жастағы науқасқа эндометридің атипиялық гиперплазиясы бойынша гестагенмен гормонды ем жүргізілді. 6 айдан кейін бақылап тексеру кезінде оң динамика анықталмады. Науқасқа қолданылатын келесі емдеу әдісі:// гестагенмен емдеуді жалғастыру// андрогенмен емдеуді тағайындау// +жатырға қосалқыларсыз экстирпация операциясын жасау// диспансерлік бақылау// химиосәуле емін жүргізу *** Жатыр денесі обырының этиологиясында ең негізгі фактор болып саналады:// темекі шегу// адам папилломасының вирусы// +гиперэстрогения// венериялық аурулар// жеке гигиенаны сақтамау *** Жатыр денесі обырына диагноз қоюға келесі зерттеу әдісін қолданған жөн:// Шиллер сынамасы// кольпоскопия// электроконизация// диатермокоагуляция// +гистероскопия ***
Жатыр денесі обырының келесі морфологиялық түрі жиі кездеседі:// + аденокарцинома// жалпақ жасушалы обыр// ашық жасушалы обыр// безді-жалпақ жасушалы обыр// сарапталмаған обыр *** Жатыр денесі обырының T1с Nо Mо сатысында ісік инвазиясының тереңдігі жетеді:// эндометриге// миометридің ½ дейін// +миометридің қалыңдығының жартсынан көбіне// цервикальді каналға өтеді// параметридің май қабатына инфильтрация береді *** Жатыр денесі обырына диагноз қоюдың негізгі әдісі:// айнамен қарау// ішті сипап сезу// ректовагинальды тексеру// Р32 радиоизотопты зерттеу// +жатыр қуысын диагностикалық кыру+гистологиялық зерттеу *** Жатыр денесі обыр процессінің жергілікті таралу деңгейін анықтауда қолданады:// айнамен қарау// ирригоскопия// мықын сүйектерінін рентгенографиясы// +кіші мықынға магнитті-резонансты томография жасау// цистоскопия *** Эндометрии обырын келесі аурумен дифференциалды диагноз жүргізеді:// +жатыр миомасымен// қынап обырымен// тік ішек полипімен// аналық безі кистасымен// аналық безі қабынуымен *** Эндометрии обырына қосалқыларымен бірге кеңейтілген жатыр экстирпациясын жасауға көрсеткіштер:// +ісіктің цервикальді каналға өтуі// инвазияның беткейлік түрі// аналық безі кистасы// ісіктің жоғары сарапталған түрі// жатыр миомасы *** Жатыр денесі обырының II патогенетикалық вариантына тән:// семіру// қант диабеті// +ісіктің төмен сараланған түрі// ісіктің жоғары сараланған түрі// эндометрии гиперплазиясы *** Эндометрии обырына операциядан кейін гормонды терапия жүргізуге көрсеткіш:// науқастың жасы// ісіктік инвазия тереңдігі// +ісікте эстроген және прогестерон рецепторының болуы// қосымша аурулар бар// өкпеде метастаздың болуы *** 56 жастағы науқаста жатыр денесінің II сатыдағы ісігі анықталды, ісіктің төменсарапталған морфологиялық түрі. Қосымша аурулары жоқ. Көлемі қолайлы оперативті ем:// жатырдың қосалқыларымен бірге қынаптан жоғары ампутациясы// жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы// жатырдың қосалқыларымен бірге экстирпациясы+ үлкен шарбы резекциясы// +жатырдың қосалқыларымен бірге кеңейтілген экстрипациясы// жатырдың қосалқыларынсыз қынаптан жоғары ампутациясы *** Эндометрийдің қатерлі ісігін емдеуде қолданылатын гормоналды препарат:// +17-оксипрогестерон капронат// эстроген// тамоксифен// тестостерон пропионат// кортизол *** 51 жастағы науқаста жатыр денесінің Iв сатылы ісігі анықталды. Диаметрі 2 см ісік жатыр денесінің түбінде орналасқан, инвазия тереңдігі миометрийдің ½ дейін. Гистология-жоғары дифференцирленген аденокарцинома. Емнің қолайлы комбинациясы:// +операция+сәуле емі// операция+сәуле емі+гормон терапиясы// гормон терапиясы +химиотерапия// операция+химиотерапия// химиосәуле емі *** 43 жастағы науқаста эндометрийдің Іс сатылы ісігі анықталды. Диаметрі 3 см ісік жатыр денесінің түбінде орналасқан. Ісікте рецептор оң. Емнің қолайлы комбинациясы қандай:// қынаптан жоғары жатыр ампутациясы+сәуле емі// қосалқыларымен бірге жатыр экстирпациясы+гормон терапиясы// қосалқыларымен бірге жатыр экстирпациясы +химиотерапия// + жатырға қосалқыларымен бірге кең көлемді экстрипация жасау+ сәуле емі+гормон емі// химиосәуле емі *** 45 жастағы науқасқа аналық бездерінің ісігі бойынша жатырға қосалқыларымен бірге экстрипация мен оментэктомия жасалды. Гистологиялық зерттеу кезінде қатерлі ісік белгілері жоқ шекаралық сірлі цистоаденома анықталды. Қолданылатын тиімді шара түрі:// +бақылау// химиосәуле емі// полихимиотерапия// сәуле емі// гормон терапиясы *** Аналық без қатерсіз ісігін емдеудің негізгі тәсілі:// +хирургиялық// операция+химиотерапия// химиотерапия// операция+сәуле емі// гормон терапиясы *** Аналық бездің қатерсіз ісік түріне келесі жатады:// сірлі цистоаденокарцинома// муцинозды цистоаденокарцинома// +сірлі цистоаденома// эндометриоидты цистоаденокарцинома// аралас эпителилі қатерлі ісік *** Келесі гинекологиялық ағзаның қатерлі ісігі гистогенезі мен морфологиясының көптігімен ерекшеленеді:// жатыр// жатыр мойны// +аналық безі// қынап// вульва *** Аналық без қатерлі ісігіне радикалды хирургиялық операцияны бірінші кезекте жасауға қарсы көрсеткіштер:// науқастың жасы// ісіктің орналасуы// ісіктің гистологиялық құрылымы// ісіктің сарапталу деңгейі// +үрдістің жайылу деңгейі (асцит, плеврит, канцероматоз) *** Аналық безі қатерлі ісігінің жиі кездесетін түрі:// +эпителиалды ісік// жыныстық жолақ арқауының ісігі// герминогенді ісік// метастазды ісік// сарапталмаған ісік *** Дисгерминома мен тератобластома жиі кездесетін адамның жасы:// +бала кезде// репродуктивті// пременапауза// постменапауза// егде жаста *** Аналық без обыры жиі метастаз беретін ағза:// диафрагма// +үлкен шарбы// бас миы// өкпе// сүйек *** Ағымына озбырлық тән аналық бездің қатерлі ісігі:// муцинозды цистаденокарцинома// сірлі цистаденокарцинома// эндометриоидты цистаденокарцинома// дисгерминома// +ашық жасушалы аденокарцинома *** Аналық без қатерлі ісігін анықтаудың негізгі тәсілі:// ангиография// кіші жамбас сүйектерінің рентгенографиясы// лапароцентез// +гистологиялық зерттеу// ректовагиналды зерттеу *** Аналық безге жиі метастаз беретін ағза обыры:// көмей// +асқазан// тіл түбірі// қалқанша без// өкпе *** 45 жастағы науқаста оң жақ аналық безінің цистаденокарциномасы анықталды. Асцит бар. Емдеу әдісі:// оң жақ аналық безді алып тастау+ химиотерапия// жатырға қосалқыларымен бірге қынаптан жоғары ампутация жасау+ оментэктомия// жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау + оментэктомия// +жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау + оментэктомия+ химиотерапия// полихимиотерапия *** 38 жастағы әйелде аналық бездің IIс сатылы обыры анықталды, морфологиялық цистоаденокарцинома. Тиімді ем түрі:// жатырға қосалқыларымен бірге қынаптан жоғары ампутация жасау+химиотерапия// жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау + химиотерапия// +жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау + оментэктомия + химиотерапия// жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау + сәуле емі+ химиотерапия// химио-сәуле терапиясы *** 48 жастағы науқасқа оң жақ аналық безі ісігінің аяқшасының бұралуы себебінен оң жақ жатыр қосалқысы алынып тасталған. Гистологиялық ұйғарымы- сірлі цистоаденокарцинома. Келесі емдеу әдісі қолданылады:// полихимиотерапия// сәуле емі+полихимиотерапия// +релапаротомия+жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау+ оментэктомия+полихимиотерапия// релапаротомия+жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау+ сәулемен емдеу// жатырға қосалқыларымен бірге қынаптан жоғары ампутация жасау+ химиотерапия *** 42 жастағы науқаста оң жақ аналық без обыры анықталды. Жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасап, оментэктомия операциясы жасалды. Гистологиялық серозды цистоаденокарцинома. Ісік маңайындағы ағзаларға өспеген, үлкен шарбыға метастаз берген. Дәрігердің келесі әрекеті:// динамикада бақылау// гормонды терапия// +полихимиотерапия// кіші жамбас ағзаларын сәулелендіру// релапаротомия +ішперде арты лимфа түйіндерінің лимфодиссекциясы *** Жатыр хориокарциномасының жыныс ағзаларының басқа ісіктерінен айырмашылығы:// науқастардың жасы постменопаузада// тұқым қуалаушылық// +жүктілікпен байланысы және хориондық гонадотропин мен трофобласты бета-глобулиннің көрсеткіштері жоғары// ағымы қатерсіз// адам папилломасы вирусымен байланысты *** Жатыр трофобласты ісіктерінің клиникалық ағымының негізгі сипаттамасы:// +жыныс ағза жолдарынан қан ағу, жатырдың үлкеюі// клитор маңының қышуы// тік ішек маңының қышуы// зәр шығарудың бұзылуы// сел болып терлеу *** Хориокарцинома ісігінің қан ағу интенсивтілігі осыған байланысты:// науқастың жасына// ісік көлеміне// +ісіктің орналасуына// алыс метастаздардың болуына// қосымша аурулардың болуына *** Хориокарциномаға тән метастаз беру жолы:// +гематогенді// лимфогенді// имплантациялық// лимфогематогенді// метастаз беру тән емес *** Жатыр хориокарциномасының өкпеге метастаз беру ерекшелігі:// солитарлы метастаз// +метастаз санының көптігі// альвеолярлы// эмболиялық// метастаз бермейді *** 35 жастағы науқастың тек жатырмен шектелген хориокарциномасына жасалатын операция көлемі:// жатырға қосалқыларымен бірге қынаптан жоғары ампутация жасау// жатырға қосалқыларымен бірге экстирпация жасау// жатырға қосалқыларынсыз экстирпация жасау// +жатыр түтіктерімен бірге жатыр экстирпациясы// жатырға қосалқыларынсыз қынаптан жоғары ампутация жасау *** Көпіршікті кірмеге қыру жасағанан кейін бір айдан соң полихимиотерапия жасауға көрсеткіш:// +жатыр денесінің диаметрі 6 апталық жүктіліктей ұлғайған, хориондық гонадотропиннің зәрдегі деңгейі 5000// көлемі 10 см лютеинді киста бар, хориондық гонадотропиннің зәрдегі титрі 1000, жатыр денесінің диаметрі 10 апталық жүктіліктей ұлғайған// миға метастаз берген// сүйекке метастаз берген// бауырға метастаз берген *** Сарпай ісігіне диагноз қоюдың негізгі әдісі:// ректовагиналды қарау// цитологиялық зерттеу// +гистологиялық зерттеу// Р32 радиоизотопты зерттеу// термография *** Сарпайдың ісік алды ауруының негізгі емі:// +жай вульвоэктомия// сәуле емі// полихимиотерапия// қуыс іші арқылы сәулемен емдеу// Дюкен операциясы *** 58 жастағы науқаста қышу мен ауырсыну белгілері бар сарпай краурозы анықталды. Морфологиялық зерттеу кезінде дисплазия анықталған жоқ. Негізгі емдеу әдісі:// бақылау// +консервативті ем// вульвэктомия// сәуле емі// химиотерапия *** 62 жастағы науқаста сарпай краурозы анықталды. Гистологилық қорытынды бойынша: ауыр дисплазия. Негізгі емдеу әдісі:// +вульвэктомия// сәуле емі// шап лимфодиссекциясы// химиотерапия// консервативті медикаментозды ем *** 55 жастағы науқастың инвазивті өскен I сатылы (T1в No Mo ) сарпай обырын емдеудің тиімді әдісі:// жай вульвэктомия// +кеңейтілген вульвэктомия+шап-сан лимфоденэктомиясы// химиотерапия// дистанциялық сәуле емі// қуыс ішілік сәуле емі *** Сарпай обыры жиі орналасатын аймақ:// +үлкен жыныс ернеуі// кіші жыныс ернеуі// клитор// қынаптың кіреберіс безі// бұт арасы *** Озбыр ағымды сарпай обыры орналасқан аймақ:// үлкен жыныс ернеуі// кіші жыныс ернеуі// +клиторда// қынаптың кіреберіс безі// бұт арасы
Онкогинекология 2012 2013 30% 1. Вульваның обыралды процесстерінің негізгі диагностика әдістері:// +вульвоскопиямен биопсия // гистероскопия// шиллер проба// айнада қарау// кольпоскопия ***
2. Вульва краурозы кезінде басты симптом бұл:// көп мөлшердегі бөліністер// жалпы әлсіздік// субфебрилді температура// +айқын қышыну// контактты қанды бөліністер ***
3. Жатыр мойнының полипін анықтайтын негізгі зерттеу әдісі:// цервикоскопия// +жатыр мойнын айнада қарау// бимануалды зерттеу// кіші жамбас астауы мүшелерінің УДЗ// жағындыны цитологиялық зерттеу ***
4. Астында көрсетілгенердің қайсысы ретенционды кисталарға жатпайды:// +аналық без дисгерминомасы// лютеома // эндометриоидты киста// фоликулярлы киста// сары дене кистасы ***
5. Қатерсіз кистомалары бар науқастарды емдеу тактикасы:// диспансерлік бақылау// консервативті емдеу// сәулелі терапия// қабынуға қарсы терапия// +оперативті емдеу ***
6. Жатыр мойнының обырын жиі туғызатын себебі:// гениталды герпес// +адам папилломасының вирусы// жатыр мойнының созылмалы қабыну процессі// жатыр мойнының эндометриозы// жиі жасалған аборттар ***
7. Эндометрий обыры кезіндегі фондық ауруларға жатпайтыны:// эндометрийдің фиброзды полипі// безді гиперплазия// безді-кистозды гиперплазия// +эндометрий атрофиясы// эндометрийдің безді-кистозды полипі ***
8. Жатыр миомасы кезінде менструалды қызмет бұзылуының негізгі түрі:// альгодисменорея// аменорея// +гиперполименорея// гипоменорея// опсоменорея ***
9. Жатырдың субсерозды миомасы бар 45-жасар әйелді емдеудің әдісі:// +қосалқыларсыз жатыр ампутациясы// диспансерлік бақылау// 3-ай бойы гормонотерапия өткізу // Вертгейма операциясы // консервативті миомэктомия ***
10. Төмендегі цистаденомалардың қайсысы жиі малигнизациялайды: // +дисгерминома, папиллярлі цистаденома// фолликулярлы киста, гранулезожасушалы киста// дамыған тератомалар, серозді цистаденома// дермоидті киста, бреннера ісігі// параовариалді киста, лютеома ***
11. Жатыр денесінің обырын анықтайтын зерттеу әдісіне қайсысы жатпайды:// ректовагиналді зерттеу// гистероскопия// эндометрий аспиратының цитологиялық зерттеуі// гистеросальпингография// +кең кольпоскопия ***
12. Жатыр мойнының оперативті емдеуінен кейін онкоцитологияға жағындыны тексеру қанша уақыттан кейін көрсетілген: // +4 и 10 айдан кейін// 6 айдан кейін// 1 жылдан кейін// 2 аптадан кейін// 1 айдан кейін *** 13. Гистерорезектоскопия нені емдеуде таңдау әдісі болып табылады: // Жатырдың субсерозді миомасын// +жатырдың субмукозды миомасын// Жатырдың интралигаментарлы миомасын// Жатырдың интрамуральді миомасын// цервикальді өзектің жатыр миомасы *** 14. Трофобластикалық аурудың негізгі зерттеу әдісі қайсысы: // +АХГ динамикада// КЖА УДЗ динамикада// онкомаркерлер// гистероскопия *** 15. Жатыр мойны обыры, 1 сатысы, 34-35 апталық жүктілік диагнозы бар науқасты емдеу әдісі: // Жүктілікті үзу, қосарланған сәулелі терапия// +кесарево кесу, жатыр мойнын қосалқылармен кең экстирпациясы, операциядан кейінгі сәулелі терапия// Босаңу уақытына дейіналып келу, кейінгі сәулелі терапиямен// жатыр мойнын қосалқылармен кең экстирпациясы // химиотерапия *** 16. Хорионкарцинома –ненің қатерлі ісігі: // Децидуалды қабықтың// миометрийдің// +трофобласттың// текатіннің// эндометрийдің *** 17. Хорионкарциноманың негізгі емдеу әдісі қайсысы: // хирургиялық// дистанционды сәулелі терапия// +моно - және полихимиотерапия// гормональді терапия// симптоматикалық терапия *** 18. Аналық бездің қатерлі ісіктерінің арасында жиі кездесетіні:// +эпителиалды// жыныс тяжының стромасының// герминогенді// метастатикалық// фибросаркома *** 19. Аналық безі обырының жайылуының деңгейін зерттеудің ең ақпаратты зерттеу әдісі: // Гинекологиялық қарау// ультрадыбысты зерттеу// +лапароскопия// экскреторлы урография// гистероскопия *** 20. Аналық безінің шынайы қатерсіз ісіктеріне қайсысы жатады: // +кистома// Сары дене кистасы// Аналық без обыры// Аналық без поликистозы // Фолликулярлі киста *** 21. Аналық без ісіктерін емдеу тактикасы:// +хирургиялық емдеу// консервативті терапия// гормональді терапия// динамикада бақылау// сәулелі терапия ***
22. Радикалды операциядан кейін СА 125 маркерінің төмендеуін қанша уақыттан кейін бақылауға болады:// +2 айдан кейін// 5 айдан кейін// 1 аптадан кейін// 1 жылдан кейін// 2 жылдан кейің// *** 23. Жатыр денесінің обырын емдеуде қандай гормональді препараттар қолданылады: // эстрогендер// гестагендер// +комбинацияланған эстроген-гестагенді препараттар// пролактин// адреналин ***
Date: 2015-07-02; view: 1139; Нарушение авторских прав |