Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Эпидемиологиясы. ҚД-2 жалпы ҚД эпидемиологиясын анықтайды, себебі ол барлық қант диабеттің шамамен 98%-ын құрайды





ҚД-2 жалпы ҚД эпидемиологиясын анықтайды, себебі ол барлық қант диабеттің шамамен 98%-ын құрайды. ҚД-2 таралу жиілігі әр мемлекеттер мен этникалық топтарда түрліше ауытқиды. Европа мемлекеттерінде, АҚШ және Ресей Федерациясында ол халықтың 5–6%-да көрініс береді.

 

7.8 сурет. Қантты диабеттің 2 түріндегі β-жасушалардың секреторлы дисфункциясы (инсулин секрециясының 1-ші жылдам фазасының

түсіп қалуы).

7.8 сурет Время, часы- Уақыт, сағаттар Базальная гиперинсулинемия- Базальды гиперинсулинемия Инсулинемия, мЕД/л- Инсулинемия, мЕД/л Низкий пиковый уровень инсулинемии- Төмен шыңсыз инсулинемия деңгейі Выпадение 1-й секреторной фазы-1-ші секреторлы фазаның түсіп қалуы

 

ҚД-2-мен сырқаттану жас ұлғайған сайын артады: ересектердің 10%, Батыс елдері мен Ресейде 65 жастан асқан адамдардың 20% көрініс береді. ҚД-2-мен сырқаттану Америка мен Гавай аралдарының тұрғылықты халқында 2,5 есе көбірек дамыса, ал Пима тайпасының үнділерінің 50%-да (Аризона штаты) анықталады. Үндістан, Қытай, Чили және Африканың ауылдық жерлерінде тұрып, дәстүрлі өмір салтымен өмір сүретін тұрғындарда ҚД-2 даму жиілігі өте төмен (шамамен 1%). Ал Үндістан, Қытайдан АҚШ пен Ұлыбританияға көшкен халықтың арасында ҚД-2 таралу жиілігі 12–15 %.

БДДҰ мәліметтері бойынша әлемде қант диабетімен сырқаттанғандар саны болашақта, яғни 20 жылда 122%-ды құрайтын болады (135 млн-нан 300 млн-ға дейін). Бұл халықтың үдемелі қартаюымен, адамдардың урбанизацияланған өмір салтының өршуімен, тереңдеуімен байланысты. Соңғы жылдары ҚД-2 «жасарғаны», тіпті балалар арасында жиелегені алаңдатады.

 

Клиникалық көрінісі

Бірқатар жағдайларда клиникалық белгілері анықталмауы мүмкін, тек кездейсоқ гликемия деңгейін рутинді анықтау барысында ғана анықталады. Әдетте сырқат 40 жастан асқан кезде манифестацияланады, оған қоса науқастардың басым көпшілігінде семіздік және метаболикалық синдромның басқа да компоненттері анықталады (11.2 бөлімді қараңыз). Науқастар еңбекке қабілетінің төмендеуіне, оған басқа себептер болмаса шағымданбайды. Шөлдеу мен полиурия сияқты шағымдар да аса айқын болмайды. Науқастарды жиі терінің немесе қынаптың қышуы мазалайды, сондықтан мұндай науқастар гинекологтар пен дерматологтардың көмегіне жиі жүгінеді. ҚД-2-нің манифестациясынан нақты диагноз қойылғанға дейінгі аралықта көптеген жылдар өтетіндіктен (шамамен 7 жыл), науқастардың көбінде ауру алғаш анықталғанда ҚД кеш асқынуларының симптомдары мен көріністері басым болады. Бұған қоса, науқастар жиі дәрігерге кеш симптомдарының көрініс беруіне байланысты шағымданып келеді. Науқастар аяқтың ойық жаралық зақымдануына байланысты (диабеттік табан синдромы) хирургиялық стационарларда, көру қабілетінің үдемелі төмендеуіне байланысты (диабеттік ретинопатия) офтальмологтарда, инфарктар, инсульттар, аяқ қантамырлардың облитерациялаушы зақымдануына байланысты қаралған мекемелерде гипергликемия алғаш анықталады.

 







Date: 2015-07-01; view: 436; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию