Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Эпидемиологиясы. ҚД-1 барлық диабеттің 1,5–2 %-ын құрайды, алайда бұл салыстырмалы көрсеткіш болашақта ҚД-2
ҚД-1 барлық диабеттің 1,5–2 %-ын құрайды, алайда бұл салыстырмалы көрсеткіш болашақта ҚД-2 жиілігінің жоғарылауына байланысты төмендей беруі мүмкін. ҚД-1 ақ нәсілді адамдарда өмір сүру барысында даму мүмкіндігі шамамен 0,4%-ды құрайды. ҚД-1-мен сырқаттану жылына 3%-ға артады: 1,5 % — жаңа жағдайлар есебінен, ал қалған 1,5% —науқастардың өмір сүру ұзақтығының арту есебінен. ҚД-1 таралу жиілігі популяцияның этникалық құрамына тәуелді. 2000 жылы ол Африкада 0,02 %-ды, Оңтүстік Азияда, Оңтүстік және Орталық Америкада 0,1%-ды, Европа мен Солтүстік Америкада 0,2%-ды құрайды. Финляндия мен Швецияда ҚД-1-мен сырқаттану жиілігі өте жоғары (жылына 30–35 жағдай 100 мың адамға), ал ең төменгі көрсеткіш Жапония, Қытай және Кореяға тиесілі (0,5–2,0 жағдай). ҚД-1 жас шамалық шыңы 10–13 жасқа сай келеді. ҚД-1 басым жағдайда 40 жасқа дейін басталады.
Клиникалық көріністері Типті жағдайларда балалар мен жастарда ҚД-1 бірнеше аптада немесе айда дамитын айқын клиникалық көрініспен басталады. ҚД-1 манифестациясын инфекциялық және басқа да ілеспелі аурулар шақыруы мүмкін. ҚД барлық типтеріне гипергликемия әсерінен дамитын симптомдар тән: полидипсия, полиурия, терінің қышуы; бірақ ҚД-1 аталған симптомдар айқындығымен ерекшеленеді. Науқастар тәулігіне 5–10 литр сұйықтықты қабылдап, сыртқа шығаруы мүмкін. Инсулиннің абсолютті тапшылығынан дамитын ҚД-1 клиникалық симптомдарына 1–2 айда көлемінде 10–15 кг-ға дейін салмақ жоғалту жатады. Науқастарда жалпы және бұлшықеттік әлсіздік, еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі, ұйқышылдық көрініс береді. Сырқаттың бастапқы кезеңінде науқастарда тәбеттің жоғарылауы байқалғанымен, кетоацидоздың дамуына қарай анорексиямен ауысады. Соңғысы науқас аузынан ацетон иісінің шығуымен (жемістің иісі), жүрек айнумен, құсумен, іштегі ауыру сезімімен (псевдоперитонит), ауыр сусызданумен көрініп, коматозды жағдаймен аяқталады (7.7.1 бөлімді қараңыз). Бірқатар жағдайларда ҚД-1-мен сырқаттанған жас балалардың алғашқы клиникалық көрінісі инфекциялық немесе жедел хирургиялық патология көрінісінде үдемелі дамитын естің бұзылуынан комаға дейін ауысуымен анықталады. Салыстырмалы сирек жағдайларда 35–40 жастан асқан ҚД-1-мен сырқаттанған науқастарда (ересектердің латентті аутоиммунды диабеті) айқын манифестация дамымауы да мүмкін (орташа полидипсия және полиурия, салмақ азаюы болмауы), оған қоса гликемия деңгейі кездейсоқ рутинді зерттеу барысында анықталады. Мұндай жағдайларда науқастарға алғашқыда ҚД-2 деген диагноз қойылып, белгілі бір уақытқа дейін ҚД компенсациясын қамтамасыз етіп отыратын таблетка түріндегі қант деңгейін төмендететін дәрілер (ТҚДТД) тағайындалады. Алайда, бірнеше жылдардан кейін (жиі бір жыл көлемінде) науқаста инсулиннің абсолютті жеткіліксізділігі әсерінен дамитын симптомдар көрініс бере бастайды: салмақтың төмендеуі, ТҚДТД көрінісінде қалыпты гликемияға қол жеткізе алмау, кетоз, кетоацидоз.
Date: 2015-07-01; view: 422; Нарушение авторских прав |