Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Болжамы. Өз сырқатының ауырлығын түсінетін, қосымшы аурулар кезінде глюкокортикоидтар мөлшерін адекватты өзгерте алатын
Өз сырқатының ауырлығын түсінетін, қосымшы аурулар кезінде глюкокортикоидтар мөлшерін адекватты өзгерте алатын науқастардың өмір сүру ұзақтығы мен өмір сүру сапасы сау адамдардан айтарлықтай ерекшеленбейді. Сырқаттың болжамы қосымша аутоиммунды аурулар дамығанда нашарлайды. Адренолейкодистрофия кезінде болжамы нашар және ол гипокортицизммен емес, ОЖЖ-де демиелиниация үрдісінің жылдамдығымен анықталады. Жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігі кезінде өлім көрсеткіші 40–50 %-ды құрайды.
4.6. БҮЙРЕК ҮСТІ БЕЗДЕРІ ҚЫРТЫСЫНЫҢ ТУА БІТКЕН ДИСФУНКЦИЯСЫ Бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы (БҚТБД, адреногенитальды синдром) —аутосомды-рецессивті түрде тұқымқуалайтын кортикостероидтар синтезінің бұзылыстары. 90% жағдайда бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы 21-гидроксилаза (Р450с21) ферментінің тапшылығынан туындайды. Адреногенитальды синдромның басқа түрлері казуистикалық сирек кездеседі.
4.7 кесте. Бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы (Р450с21 тапшылығы)
Р450с21 ферментінің гені 6 хромасоманың қысқа иығында орналасады. Екі ген бар — Р450с21-ны кодирлейтін, CYP21-B белсенді гені және белсенді емес CYP21-A псевдогені. Бұл гендер гомологиялық. Кодирленген ген жанында гомологиялық ДНҚ-реттілігінің болуы мейоздың бұзылуына әкеліп, нәтижесінде гендер конверсиясы (белсенді ген фрагментінің псевдогенге ауысуы) немесе басты ген бөлігінің делециясы дамиды. Екі жағдайда да белсенді ген қызметі бұзылады. CYP21 генімен бірге 6 хромасомада кодоминатты тұқымқуалайтын HLA гені орналасады, нәтижесінде барлық гомозиготалық сибстарда сәйкес HLA-гаплотипі анықталады.
4.13 сурет. P450c21 тапшылығы кезінде дамитын бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясы патогенезінің сызбасы Патогенезі Бүйрек үсті бездері қыртысының туа біткен дисфункциясының патогенетикалық мәні стероидогенездің белгілі бір сатыларын қамтамасыз ететін қандай да бір ферменттер жүйесінің кемістігінен кортикостероидтардың біреуінің өндірілуінің тежеліп, ал екіншісінің артық мөлшерде өндірілуінде. P450c21 тапшылығы арқасында 17-гидроксипрогестеронның 11-дезоксикортизол мен прогестеронға, одан кейін дезоксикортикостеронға (4.13сурет) ауысу үрдісі бұзылады. Осылайша, фермент тапшылығының дәрежесіне қарай, кортизол мен альдостерон жетіспеушілігі дамиды. Кортизол жеткіліксіздігі теріс кері байланыс механизміне сәйкес АКТГ синтезін ынталандырады, ал ол болса бүйрек үсті безі қыртысының гиперплазиясына әкеліп, кортикостероидтардың шектен тыс түзілуін ынталандырады, сондықтан стероидогенез андрогендердің көп мөлшерде өндірілуіне қарай ығысады. Нәтижесінде бүйрек үсті безі генезді гиперандрогения дамиды. Клиникалық түрде фенотипі мутацияға ұшыраған CYP21-B генінің белсенділігіне қарай анықталады. Ол толық жоғалғанда синдромның тұз жоғалтқыш түрі дамиды, себебі бұл кезде кортикостероидтармен қатар минералокортикоидтардың да синтезі бұзылады. Ферменттің белсенділігі аздап сақталған кезде, минералокортикоидты жеткіліксіздік дамымайды, себебі қалыпты жағдайда кортизолмен салыстырғанда альдостеронның физиологиялық сұранысы 200 есе төмен. Р450с21 тапшылығының үш түрін ажыратуға болады: — Р450с21 тапшылығының тұз жоғалтқыш синдромы; — қарапайым вирилді түрі (Р450с21 жартылай тапшылығы); — классикалық емес түрі (постпубертатты).
Date: 2015-07-01; view: 429; Нарушение авторских прав |