Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салыстырмалы диагностикасы. Меланодермияның басқа себептері (гемохроматоз, склеродермия, хлоазма, интоксикациялар (мышьяк
Меланодермияның басқа себептері (гемохроматоз, склеродермия, хлоазма, интоксикациялар (мышьяк, күміс), мальабсорбция синдромы, Пейтц-Джегерс синдромы, жүдеу (тиреотоксикоз, ісіктер және т.б), гипотония, диспепсиялық бұзылыстар.
Емі Өмір бойы кортикостероидтармен орынбасушы терапия тағайындалады. Диагнозды қойғаннан кейін гидрокортизон көктамырға немесе бұлшықетке енгізіледі (100–150 мг/тәу 2–3 егу). Гидрокортизон терапиясымен оң айқын әсер диагноздың дұрыс қойылғандығының айғағы. 1-СБҮБЖ-мен сырқаттанған науқастың жалпы жағдайы қалыптасқаннан кейін үстемелі терапия тағайындалады: глюко- және минералокортикоидты белсендігі бар дәрілерді араластырып беру (4.6 кесте).
4.6 кесте. Созылмалы бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігінде тағайындалатын орынбасушы терапия
Кортизолдың циркадты ырғағын имитациялау мақсатында науқасқа глюкокортикоидтардың 2/3 бөлігі таңертең, ал қалған 1/3 бөлігі түскі уақытта беріледі. Жүргізілген терапияның адекваттылығы гиперпигментацияның ақырындап азаюымен, қалыпты артериялық қысыммен және жалпы жағдайының жақсаруымен, ісіктің болмауымен бағаланады. Кез-келген инфекциялық аурулар кезінде гидрокортизон мөлшерін 2–3 есе жоғарылату қажет; ауыр қызбалық аурулар кезінде гидрокортизон екпелеріне ауысу қажет. Түрлі инвазивті медициналық шаралар алдында (тіс экстракциясы, гастроскопия және т.б.) бір рет 50–100 мг гидрокортизон енгізіледі. Екіншілік гипокортицизм кезіндегі орынбасушы терапияның ерекшелігі, тек айқын гипотония жағдайларынан басқа кездерде, флудрокортизонды тағайындауға қажеттіліктіктің болмауында. Жедел бүйрек үсті безі жеткіліксіздігін емдеу төмендегі қағидаларға негізделеді: · Регидратациялық терапия: алғашқы тәулікте 10–20% глюкоза ерітіндісімен бірге 2–3 литр изотониялық ерітінді көктамырға тамшылатып құйылады. · Гидрокортизонмен мол орынбасушы терапия: 100 мг көктамырға, кейін әрбір 3–4 сағат сайын 50–100мг көктамырға немесе бұлшықетке тағайындалады. Науқастың жағдайы тұрақтанғаннан кейін мөлшері сүйемелдеуші мөлшерге дейін төмендетіледі. Гидрокортизон болмаған жағдайда, сәйкес преднизолон мөлшері тағайындалады. · СБҮБЖ декомпенсациясына әкелген қосымша аурулар кезінде симптоматикалық терапия тағайындалады (жиі — инфекциялық аурулар қосылғанда антибактериальды терапия).
Date: 2015-07-01; view: 440; Нарушение авторских прав |