Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Этиологиясы. Вирусты этиологиялы, себебі сырқат кезінде науқастардың басым көпшілігінде тұмау





Вирусты этиологиялы, себебі сырқат кезінде науқастардың басым көпшілігінде тұмау, эпидемиялық паротит, аденовирустарға қарсы антидене титрі жоғарылауы байқалады. Сонымен қатар, жеделдеу тиреоидит жоғары тыныс жолдары инфекциясы, тұмау, эпидемиялық паротит, қызамықтан кейін дамиды. Сырқаттың дамуына генетикалық бейімділіктің әсер етуі дәлелденген. Жеделдеу тиреоидитпен сырқаттанған науқастардың ішінде НLА-Bw35 антигенінің тасымалдаушылары 30 есе жиі кездеседі.

 

3.18 кесте. Жеделдеу тиреоидит

 

Этиологиясы Вирустарға қатысты
Патогенезі Фолликулярлы эпителий бұзылыстарының дамитын деструктивті тиреотоксикоздың ҚБ-дің қабынулық өзгерістерімен бірге ұштасуы
Эпидемиологиясы Таралу жиілігі белгісіз. Әдетте, жиі әйелдерде 30–60 жас аралығында дамиды. Жас балаларда — казуистика
Басты клиникалық белгілері Желкеге, құлаққа, төменгі жаққа беріледі, басты бұрғанда және безді пальпациялағанда күшейетін мойын аймағындағы қатты ауыру сезімі. Тиреотоксикоз симптомдары, субфебрилитет
Диагностикасы ЭТЖ жоғарылауы (жиі айқын емес), лейкоцитоздың болмауы, тиреотоксикоз (жиі жеңіл), УДЗ бойынша «бұлт тәрізді» гипоэхогенді аймақтар, сцинтиграфия мәліметтері бойынша 99mTc сіңірілуінің төмендеуі немесе болмауы, оң нәтижелі Крайл тесті (преднизолонмен терапияның айқын және жылдам әсері)
Салыстырмалы диагностикасы Грейвс ауруы, көптүйінді уытты жемсау, жедел іріңді тиреоидит, ҚБ-дің инфильтративті аурулары
Емі Жеңіл түрлерінде-аспирин (300–600 мг әрбір 6 сағат сайын), айқын ауыру сезімі мен интоксикация синдромында — преднизолон 30 мг/тәу. 1–3 ай бойы
Болжамы Әдетте науқас толығымен сауығады; сырқат қандай да бір емдік шара жүргізілмесе де, өздігінен ремиссияға ұшырайды

 

Патогенезі

Егер жеделдеу тиреоидит патогенезінің вирусты теориясына сүйенетін болсақ, вирус тироцитке еніп, оны бұзып, фолликула ішіндегі сұйықтықтың қанайналымға түсуіне (деструктивті тиреотоксикоз) әкеледі. Вирус енуіне қарсы тіндік реакция гистологиялық гистиоциттермен және гигант тәрізді жасушалармен фокальді гранулематозды инфильтрациямен көрінеді. Вирусты инфекция аяқталғаннан кейін жиі қысқа гипотиреоидты кезеңнен кейін ҚБ қызметі қалпына келеді.

 







Date: 2015-07-01; view: 404; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию