Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салыстырмалы диагностикасы. Туа біткен гипотиреозды транзиторлы гипертиротропинемиядан ажырата білу қажет, бұл кезде туа біткен гипотиреозға неонатальды скрининг
Туа біткен гипотиреозды транзиторлы гипертиротропинемиядан ажырата білу қажет, бұл кезде туа біткен гипотиреозға неонатальды скрининг жүргізу барысында өткінші ТТГ мөлшерінің жоғарылауы анықталады. Мұнымен қатар, Т4 гормонының транзиторлы мөлшерінің төмендеуі орын алса, транзиторлы гипотиреоз жөнінде ой түюге болады. Транзиторлы гипотиреоз себептері: йод тапшылығы, ұрықтың жетілмеуі, туылғанда дене салмағының аз болуы, құрсақішілік гипотрофия, құрсақішілік инфекциялар, жүктілік кезінде анасының тиреостатиктерді қабылдауы, анасындағы ҚБ-дің аутоиммунды аурулары. Жиі дамитын және жақсы зерттелген транзиторлы гипотиреоздың себептерінің бірі- йод тапшылығы (3.9 бөлімді қараңыз). Йод тапшылығы ауырлаған сайын скрининг нәтижесі бойынша транзиторлы гипертиротропинемия дамыған балалардың саны да жоғарылауда. Салыстырмалы диагностикасы жоғарыда көрсетілген алгоритм бойынша іске асады (3.21 сурет).
Емі Орынбасушы терапияның мақсаты қанда тезірек Т4 мөлшерін қалыптастырып, Т4 және ТТГ деңгейлерін қалыпты мөлшерде болуын қамтамасыз ететін L-T4 мөлшерлемесін таңдау болып табылады. L-T4 бастапқы тағайындалатын мөлшері тәулігіне дене салмағына 10–15 мкг. Кейін L-T4 адекватты мөлшерін таңдау мақсатында үнемі бақылау зерттеулерін жүргізу қажет. Болжамы Сырқаттың болжамы ең алдымен L-T4 орынбасушы терапияның басталуына тәуелді. Орынбасушы терапия нәресте өмірінің бірінші-екінші апталарында басталса, психикалық және физикалық дамудың тежелуінің алдын алуға әбден болады. Емді дер кезінде бастамаса олигофренияның түрлі дәрежесінен кретинизмге дейін асқынулар көрініс береді.
ТИРЕОИДИТТЕР «Тиреоидит» термині ҚБ қабынуымен өтетін гетерогенді аурулар тобын біріктіреді. Ең жиі кездесетіндері аутоиммунды тиреоидиттің әртүрлі варианттары.
Date: 2015-07-01; view: 574; Нарушение авторских прав |