Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Салыстырмалы диагностикасы. Аталған үш тиреоидиттің тиреотоксикалық кезеңдерін Грейвс ауруымен салыстырмалы диагностикалау қажет
Аталған үш тиреоидиттің тиреотоксикалық кезеңдерін Грейвс ауруымен салыстырмалы диагностикалау қажет. Соңғысының үнемі босанудан кейінгі кезеңде жиі басталатынын (рецидив беретінін) және интерферон препараттарын қабылдаудан индуцирленуін ескеру қажет. Грейвс ауруы мен деструктивті АИТ-тің үш түрінің тиреотоксикалық кезеңін салыстырмалы диагностикалауда қолданылатын әдістің бірі ҚБ сцинтиграфиясы болып табылады, мұнда Грейвс ауруы кезінде- 99mTc сіңірілуінің диффузды ұлғаюы, ал деструктивті тиреоидиттерде — сіңірілудің төмендеуі немесе мүлдем жоғалуы анықталады (3.25 сурет). Грейвс ауруы мен емізулі әйелдердегі босанудан кейінгі тиреоидитті салыстырмалы диагностикалау айтарлықтай қиындықтар тудырады, себебі емізетін әйелдерге ҚБ сцинтиграфиясы қарсы көрсетілім болып табылады. Бұл жағдайда науқасты динамикалық бақылау аса маңызды, себебі босанудан кейінгі тиреоидит кезінде қанда тиреоидты гормондар біртіндеп төмендейді. Деструктивті тиреоидиттердің гипотиреоидты кезеңін созылмалы АИТ соңында дамитын тұрақты гипотиреоздан салыстырмалы диагностикалау қажет. Бұл кезде анамез мәліметтері (босану, интерферонмен терапия) және орынбасушы терапияны тоқтатып динамикалық бақылау жүргізу көмек береді.
Емі Тиреотоксикалық кезеңде тиростатиктерді (тиамазол) тағайындау көрсетілмеген, себебі деструктивті тиреотоксикоз кезінде ҚБ гиперфункциясы дамымайды. 3.25 сурет. Босанудан кейінгі тиреоидит кезіндегі қалқанша без сцинтиграфиясы: 99mTc сіңірілуінің кенет төмендеуі, керісінше сілекей бездерімен сіңірілуінің жоғарылауымен ұштасуы
Айқын жүрек-қантамырлық симптоматика кезінде β-адреноблокаторлар тағайындалады. Гипотиреоидты кезеңде левотироксинмен орынбасушы терапия тағайындалады. Бір жылдан кейін бұл препаратты қабылдауды тоқтатады: егер гипотиреоз транзиторлы болса, науқастар эутиреоз сақталады, ал тұрақты гипотиреоз кезінде ТТГ деңгейі артып, Т4 деңгейі төмендейді.
Date: 2015-07-01; view: 394; Нарушение авторских прав |