Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Босанудың үшінші кезеңін белсенді жүргізу





Мақсаты- босанғаннан кейінгі қан ағулардың 2-2,5 рет дамуының мүмкіншілігін

төмендету.

Көрсетулері- босанудың үшінші кезеңі, босанып жатқан әйелдің ризалық мәліметін беру.

Қарсы көрсетулері- босанып жатқан әйелдің босанудың үшінші кезеңін белсенді

жүргізуге мәліметін беруге қабыл алмауы.

Мүмкін болатын асқынулары- утеротониктерді (метилэргометрин) қолдану аясындағы гипертензия.

Ресурстары – босану кереует, жеке жаялық, науа, шприц, окцитоцин, спирт, дәкелі шариктер, 2 қыспақ, қайшылар, бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптар, сабын, орамал.

Іс-әрекет алгоритмі:

- бала туғаннан кейін жатырда тағыда бір нәрестенің болуын білу үшін ішке пальпация жасаңыз;

- нәресте туғаннан кейін бірінші минут ішінде, жатырдың жиырылуын тудыратын окцитоцинді (10ХБ бұлшық ет ішіне) немесе басқа препаратты енгізіңіз;

- қолдарыңызды гигиеналық деңгейде жуыңыз;

- бір рет киетін стерилді резеңке қолғаптарды киіңіз;

- босанатын әйелдің бұтаралығынан 2 см қашықтықта кіндік бауға бірінші қыспаны, ал екінші қыспаны бірінші қыспадан 10 см төмен салыңыз;

- қыспалардың арасындағы кіндік бауды кесіңіз;

- кіндік бауды тартылу жағдайында бірінші қыспамен ұстаңыз;

- жатырдың жиырылуы кезінде, әйелге күшенуін сұраңыз, плацентаның тууы үшін жайлап кіндік бауды ұстап төмен тартыңыз (кіндік бауды қыспамен бірге бұтаралығына жақын ұстаңыз), басқа қолыңызды босанатын әйелдің қасаға үсті аймағына тура қойыңыз және кіндік бауды бақылап тартып тұру кезінде жатырды қасағадан алыстатып, оны ұстап тұрыңыз (контрқысым).

(Бұл жатырдың теріс айналып кетуінен сақтайды).

- егерде 30-40 секунд ішінде кіндік бауды бақылап тартып тұру кезінде плацентаның тууы болмаса, кіндік бауды тартуды тоқтатыңыз: бірақта оны тартып тұрып ұстаңыз және келесі толғақтарды күтіңіз; жатырдың келесі жиырылуы кезінде біруақытта қасаға үстінен контрқысым көрсете отырып кіндік бауды тартуды қайталаңыз;

- бала жолдасы туған кезде оны екі қолыңызбен ұстаңыз, және әзірше нәресте қабықтары туғанша, жайлап бұра беріңіз;

- бала жолдасы туғаннан кейін жатырдың ширақтығын бағалауды жүргізіңіз және жатырдың жиырылуы пайда болғанша дейін алдыңғы іш қабырғасы арқылы жатырға массаж жасаңыз (жатыр ішіндегі қан ұйындысын алып шығару үшін);

- бөлінген плацентаның және нәресте қабықтарының бүтіндігінің болуын мұқият тексеріңіз;

- бір рет киетін резеңке қолғаптарды шешіңіз және ҚҚҚ салыңыз.

- қолдарыңызды сабынмен жуыңыз және орамалмен құрғатыңыз.

- босанғаннан кейінгі ерте кезеңде 2 сағат бойы әр 15 минут сайын жатырға массаж жасаңыз.

 

Ескерту. Әр 30 минут сайын босаған әйелдің жалпы жағдайын мұқият бақылаңыз: босанған әйелдің шағымдары, пульсі, жыныс жолдарынан қанды бөлінділердің түсі және көлемі.

 

 







Date: 2015-07-01; view: 3850; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию