Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Оғамдық пікірдің саяси социологиясы
“Қоғамдық пікір” (publіc opіnіon) ұғымы алғаш рет ХІІ ғасырда қолданған деп саналады. Бұл ұғымның авторы ағылшын жазушысы және мемлекет қайраткері Д.Солсбери деп танылады. Бір қызығы, “қоғамдық пікір” ұғымының пайда болуы ағылшын Парламентінің қазіметімен байланысты болғанға ұқсайды. Бұл ұғымды пайдалану оны ел, халқы жағынан қолдауды білдіретін болды. ХVІІІ ғасырда “publіc opіnіon” жалпы ұғым ретінде қалыптасты. Кеңестік ғылымда қоғамдық пікір көбіне таптық пікірден жалпы халықтық пікірге ауысудың қандай да бір өтпелі кезеңі ретінде қабылданды. Басқа сөзбен айтқанда, қоғамдық пікір қандай да бір бірлік, біркелкілік деңгейге ие болу ретінде түсіндірілді. Кеңестік зерттеушілер қоғамдық пікірді рухани немесе рухани-тәжірибелік құбылыс ретінде қарастырды. Онымен қоса қоғамдық пікірдің тұтастай ғылыми қаңқасы жалпыға әйгілі марксшілдік-лениндік болмыс сананы анықтайды деген қағидаға келіп тірелді. Пьер Бурдьенің пікірінше, қоғамдық пікірді зерттеу тұтастай саяси саланың бастамасы мен қызметіне жатады. “Қоғамдық пікірді бүгінгі күйінде байқап білу - ол саяси әрекеттің құралы; мүмкін оның ең маңызды қызметі, қоғамдық пікір тек жеке дара пікірлерді жинау жолымен алынатын императив ретінде өмір сүреді деп сендіруден және қандай да бір орташа арифметикалық пікір немесе орташа пікір болады деген идеяны ендіруден тұратын шығар”. Пьер Бурдье, сұраулардың нәтижелері мен қоғамдық пікір ұғымының сәйкессіздігі мәселесін анықтай отырып, оның принциптік сәйкес келмейтіндігін көрсетті. Онымен қоса бұл жағдай социологиялық сұраулар, зерттеулер қоғамдық пікірден институционалды жоспарда бөлектеніп, дербестеніп кеткендігін көрсетті. Сұраулар индустриясы қоғамдық пікірді зерттеуде өзінің біршама тұрақты орнын тапты. Сонымен қатар, феноменді толық көлемде қамту олардың қолынан келмеді. Сұраулар көпшілік саласының бір бөлігі ретінде оның тек жекелеген құрамдас бөліктерін түсінуге қабілетті. Қоғамдық пікірге өзінің әлеуметтік мәні бойынша бірнеше категориялар жақын. Олардың біріншісі қоғамдық сана, өте жоғары деңгейдегі әлеуметтік нақтылықты көрсетеді. Қоғамдық пікір қоғамның санасына қатысты өзіндік бейнесі бар эмпирикалық алаңқай болып табылады. Қоғамдық сананы зерттеу үшін социологиялық білімнің операциялануының айтарлықтай күрделі рәсімі қажет. Қоғамдық пікірге қарағанда қоғамдық сана тікелей өлшенуі мүмкін емес. Басқаша айтқанда, онда қоғамдық сана әлеуметтік мән ретінде тек пікір айтуы, пайымдауы, әлеуметтік субъектілер позициясы арқылы зерттелуі мүмкін, олар өз жиынтығында қоғамдық пікір болып табылады. Поляк зерттеушісі Е.Вятр саяси сана социологиясын үш проблемалық салаға бөлді: саяси позициялар, қоғамдық пікір және идеология. “Бұл проблемалардың бәрін, олардың саяси қатынастарының объектісі болып табылатын жеке даралық немесе ұжымдық санаға жататындығы біріктіреді, онысымен қоғамдық пікірдің бірден бірнеше тәуелділіктері анықталады. Біріншісі - тік күйінде. Қоғамдық пікір саяси сананың құрамы болып табылады. Қоғамдық пікір феноменінің әрекет ету аумағы саяси санада жұмылдырылған. Қарапайым және теориялық сана факторы қоғамдық пікірдің қызмет етуінің ұйымдаспаған және ұйымдасқан, динамикалық және статикалық бастамасын анықтайды. Қарапайым сана адамдардың ағымдағы оқиғалар мен құбылыстарға көзқарасын білдіреді. Қоғамның өмір сүру саласының жағдайлары қаншалықты әр түрлі бейнеде болуы мүмкін болса, дерлік соншалықты қарапайым сана әр түрлі бейнеде болады. Ол адамның ойлау, бақылау, толғану, т.б. қасиеттеріне мүмкіндік болғанша болмыстың бүкіл жай-күйін көрсетуге тырысады. Теориялық сана қарапайым сана сияқты мобильді болуы мүмкін емес, өйткені күнделікті эмпирикаға теориялық сипат беруін байыту процесі әлеуметтік субъектілердің күнделікті рефлекстік әрекетіне қажетті уақытына қарағанда өте көп уақыт алады. Осыған орай теориялық білім қоғамдық сананы тұрақтандырады, қарапайым санамен туындайтын қайшылықты төмендетеді. Қоғамдық пікір мен қоғамдық сананың бірнеше ерекшеліктері көрсетілген. Біріншіден, қоғамдық сана жетілген мағынасында болады. Қоғамдық пікір болса, нақты көрініске ие (баспасөзде, теледидарда, шерулерде, т.б.) әлеуметтік құбылыс ретінде жіктелінеді. Екіншіден, бұл құбылыстарда оларды білдіретін субъектілердің айырмашылықтары көрінеді: “қоғамдық сана ұғымы қандай бір абсолюттік субъектті меңзесе, қоғамдық пікір де нақты сол эмпирикалық белгіленетін субъектілермен байланысты”. Үшіншіден, қоғамдық пікір деп қоғамдық сананың күйі ғана емес, сонымен қоса қоғамдық сананың ең қозғалғыш және серпінді бөлігі деп аталады, ал олардың тербелуін кейде алдын ала сезу мүмкін емес. Өз жұмысында қоғамдық пікірді қоғамдық сананың қазіргі кездегі өзекті әлеуметтік және саяси процестерге үн қосатын бөлігі дейді. Өз кезегінде қоғамдық пікір бірнеше нақтылы категорияларға жіктеледі. Олардың арасынан зерттеушілер әлеуметтік көңіл-күйлер мен саяси қызығушылықтарға баса назар аударуда. Қоғамдық пікір өз табиғатында плюралистік болып келеді. Керек десеңіз, көпшілікті қолдаушы қандай да бір пікірлер болғанмен де, барлық уақытта оларға жартылай немесе тіпті толық келіспейтін топтар болады. Нақтылы бір сұрақтар бойынша пікірлердің қандай да бір бағыттылығы, шоғырланғандығы жайлы сөз жүретін болса, онда бұл жерде әңгіме қоғамдық пікірлер жайлы емес әлеуметтік көңіл-күй жайлы болып жатқанына байланысты болады. Көңіл-күй дегеніміз өзіндік бейнесі бар қоғамдық пікірдің саяси әрекетінің бағыттары болып табылады. Пікірді қалыптастырушы ең маңызды факторлер ретінде жеке және қоғамдық мүдделер алға шығады. Қоғамдық мүдде қоғамдық және жеке дара пікірлерді салыстыру арқылы қалыптасады. Ал жеке мүдделердің принциптік шекаралары жоқ және болмыстың барлық саласына қатысты болуы мүмкін. Қоғамдық мүдделердің шеңберлері жеке мүдделерге қарағанда көбірек шектелген болып келеді. Ол көбіне әлеуметтік тәртіп құбылыстарымен тұйықталады. Мәселе адамдардың үлкен топтарын толғандырғанда, әсер еткенде ғана қоғамдық мәселеге айналады. Жеке мүдде бүтіндей құр бос сандалып, тез өтіп кететін түрде болуы мүмкін. Қоғамдық мүдде қоғам үшін принциптік түрде мәні бар мәселеде ғана бекітілген. Бірқатар авторлардың ойынша, қоғамдық пікір дегеніміз ұжымдардың қажеттіліктерін білдіруші мүдделер мен талпыныстар, көзқарастар мен түсініктердің интегралдық көрініс беруі болып табылады. Саяси қатынастардың мүдделері әлеуметтікке қарағанда бірқатар ерекшеліктерге ие. Саяси мүдделер ережелерді анықтау мүмкіндігіне ие болу үшін қандай да бір әлеуметтік институт құрылымында абыройлы орынға ие болуды көздейді. Әлеуметтік мүдде басқа ұғым және көбіне қайта өркендетудің социологиялық категориясымен байланысты. Әрбір индивид, ең алдымен өзінің өмірлік маңызы бар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және болашақта оларды қанағаттандыру үшін күш-жігер жұмсаудың азғантай шығынымен байланысты болғанын қалайды. Саяси және әлеуметтік мүдделер арасындағы айырмашылық саяси әрекеттесулердің өзіндік ерекшелігін анықтайды. Саясат, бізге мәлім болғандай, инидивидтің немесе индивидтер тобының басқа индивидтерге немесе индивидтер тобына, процестерге, институттарға немесе т.б. нәтижелі түрде бағындыру немесе бақылау орнатуға қол жеткізу мақсатымен әсер етуге, ықпал жасауға бағытталған саналы әрекеті. Саясилық - бұл, экономикада - пайдалы мен зиянды, эстетикада - керемет пен дарынсызды, моральда - жақсылық пен жамандықты айыру сияқты дос пен жаудың айырмашылығы. Саяси қарама-қайшылық - ол ең қарқынды қарама-қайшылық немесе ең шеткі және кез келген нақтылы қарама-қайшылық саяси қарама-қайшылықтың өзі. Мұндай жағдайдан келіп шығатын қорытынды, саяси мүдделер қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі негізінде құрылады. Яғни, саяси мүдделердің табиғаты өзінен-өзі дуалистік болып табылдады. Біреулері билікке қол жеткізу үшін күреседі, ал екіншілері оны сақтап қалу үшін күреседі. Осыдан саяси мүдделер мен қоғамдық пікірдің айырмашылығы анықталады. Біріншісі қарама-қарсы, екіншілері қарама-қайшылықты синкреттік бейнеде көрінеді. Саяси салада ақиқат болмай, тек мүдделер ғана болады. Олар саяси процестің тікелей қозғаушы күшін білдіреді. Мүдде - ол қажеттілік, әлі күнге дейін қол жетпегенге қол жеткізу, адамдардың бастамаларын, күш-қуатын бағыттай отырып, не нәрсе қозғап отырады, ортақ мақсаттарға қол жеткізуге итермелейтін не дегенге қызығушылық. Саяси мүдделер, әдетте бүркемеленген ортада көрінеді. Ол қоғамда билікке қол жеткізудің өзіне тән ерекшелігімен байланысты. Ол үшін ірі әлеуметтік топтардың мүдделерінің қорғаушысы немесе жалпы ұлттық мүдделердің қорғаушысы ретіндегі ұстанымда болу қажет. Тек жеке көзқарас пен мүддені қорғай отырып кез келген қоғамда түсіністік пен танылуға қол жеткізу. Сол себепті саясатта мүдделер, әдетте бүркемеленген формада, тікелей емес, жанама әдістерде көрінеді. Әдістемелік тұрғыдан алғанда, қоғамдық пікір мүдделер мәнінен гөрі білдіру формасында өте маңызды болады. Мүдде барлық саяси топтар үшін қозғаушы фактор болып табылады. Алайда ол жария деңгейінде, саясатта пікір, көзқарас, пайымдау формасына ие бола бастайды. Олар өз жиынтығында саяси позиция ұғымында қалыптасады және өз жалғасында саяси топтардың әрекеті үшін негізгі болып табылады, яғни ұстанымға ие болады. Сайлаулар саяси процестегі қоғамдық пікірдің кескінін көрсету механизмі ретінде. Сайлау жүйесін мемлекеттік деңгейде қолда бар қоғамдық пікірді оның өзіндік ерекшелігі бар белгілерін жоғалтып алуға жол бермей пайдалануға мүмкіндік беретін жобалаушы ретінде елестетуге болады. Сайлау “билік деңгейіндегі көзқарастардың, пікірлердің кең жиынтығын қайта ортаға тастауы сияқты. Яғни сайлаулар қоғамдық пікірдің сандық, әсіресе сапалық сипаттарын көруге мүмкіндік беретін айна іспеттес. Э.Лейкман және Дж. Ламберт сияқты сайлау жүйелерінің атақты теоретиктері сайлаудың мынадай міндеттерін бөліп көрсетеді: 1. Сайлаушылардың қоғамдық пікірлерінің негізгі бағыттарын білдіретін парламентті қалыптастыру. 2. Сайлаушылардың көпшілігінің еріктеріне сәйкес келетін үкімет. 3. Жеке қасиеттері басқару қызметін атқаруға сәйкес келетін өкілдерді сайлау. 4. Күшті және тұрақты үкімет. Сонымен, сайлау жүйесін зерттеушілер сайлаулардың бірқатар бірінші кезектегі міндеттерін алға тартты. Ол қоғамдық пікірдің негізгі бағыттарын көрсете білетін мемлекеттің заң шығарушы органдары болып табылады. Басқаша айтар болсақ, бұл орган қоғамдық топтардың әлеуметтік мүдделерін білдіруге тиісті. Сайлау бұқара халықтың ерік-жігерінің және психологиялық дайын болуының арқасында қоғамдық пікірдің рационалды (интеллектуалды) ұйытқысын құрайтын көзқарастарын, білімдерін және т.б. іске асырады. Соның нәтижесінде ерік-жігер бастамасы қоғамдық пікірдің көбінесе рухани білімнен рухани-тәжірибелік білімге айналуына жол ашады. Жоғарыда айтылғандарға байланысты сайлау жүйесінің теоретиктері Э.Лейкман және Дж.Ламберт көрсеткендей сайлаудың негізгі міндеттері тікелей қоғамдық пікір институтымен байланысты деп тұжырым жасауға болады. Яғни, сайлау қоғамдық пікірдің рационалдық, эмоционалдық және ерік-жігер құрамдас бөліктерінің көріну механизмдері екенін білдіреді. Бір қызығы, авторлар “сайлаушылардың қоғамдық пікірі” деген бір анықтамаға келіп тірейді. Яғни, олар қоғамдық пікір дегенге оның негізінде сайлаушылар корпусы ұсынылуын айтқысы келеді. Шынында да сайлауларда қандай да бір мемлекеттік орынға үміткерлерді таңдауда қоғамдық пікір анықтаушы мәнге ие болады. Ол дауыс беруге құқығы бар азаматтар немесе елдің бүкіл ересек тұрғындары тарапынан қалыптасады. Сайлау механизмінен басқа қоғамдық пікірді білдіруші механизм ретінде басқа институттар да бар екенін айту керек. Оның қатарында өзінің деңгейі мен диалогтік ауқымдарының құрылымы формасында алға шығатын мүдделерді келістірудің парламенттен тыс механизмдері және т.б. бар.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 1. Амелин В.Н. Социология политики. - М., 1992. 2. Амелин В.К, Дегтярев А.А. Социология политики: становление и современное состояние // Социология в России / Под ред. В.А. Ядова. М., 1998. 3. Бурдье П. Социология политики / Пер. с фр. - М., 1993. 4. Введение в политологию. Авт-сост. Джунусова Ж.Х., Булуктаев Ю.О., Акимова А.М. - Алматы, 1998. 5. Вебер М. Класс, статус и партия / Пер. с англ. В.Чесноковой // Социальная стратификация. Вып. 1. - М., 1992. - С. 19-38. 6. Вебер М. Основные социологические понятия // Вебер М. Избранные произведения. - М., 1990. 7. Вятр Е. Социология политических отношений. М., 1979. 8. Доган М., Пеласси Д. Сравнительная политическая социология. М., 1994 9. Дюверже М. Политические партии. М., 2000. 10.Масловский М.В. Политическая социология бюрократии. М., 1997. 11.Михелъс Р. Социология политической партии в условиях демократии // Антология мировой политической мысли. Т.2 / Отв. ред. Т.А. Алексеева. М., 1997. 12.Политическая социология: Российская академия управления курс лекций. - М., 1993. 13.Политическая социология. Ростов н/Д: Феникс, 1997. 14.Политология. Учебник для студентов высших учебных заведений. Под общей редакцией А.Н. Нысанбаева. Алматы, 1998. 15.Современная западная социология: Словарь. -М., 1990. 16.Тощенко Ж.Т., Бойков В.Э. Политическая социология: состояние, проблемы, перспективы // СОЦИС, 1990. (9. 17.Тощенко Ж.Т. Социология. Общий курс. - М., 1994. 18.Шварценберг Р.Ж. Политическая социология. (В.3-х ч.). Пер. с фран. - М.: Б. И., 1992. 19.Энциклопедический социологический словарь. М., 1995. 20.Американская социология. М., 1975. С.205-206. 21.Аитов Н.А. Общество переходного периода. Алматы, 1994. Date: 2016-07-25; view: 358; Нарушение авторских прав |