Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Азаматтық қоғам және оның институттары
Еуропалық ғылымда мемлекет пен қоғамды айыру идеясына алғаш келгендердің бірі Дж.Локк еді. Ол өз ойларында принциптік маңызды жағдайдан индивидтің ажырамас қасиеті ретіндегі жеке меншікке негізделді. Меншік еңбекпен жасалады және мемлекеттің пайда болуына дейін қалыптасты, ол мемлекеттің осы меншікті қорғау мақсатына ие екенін аңғарамыз. Ш.Монтескье Локктен кейін қоғам мен мемлекетті бөліп тастады. Ол үшін азаматтық қоғам - тарихи дамудың нәтижесі, адамзат тарихының табиғи жағдайдан, отбасынан және қаһармандық кезеңнен кейінгі төртінші сатысы. Азаматтық қоғам және мемлекет мәселелерін қазіргі заманғы оқытылуына тікелей әсер еткен идеялар Г.Гегель тарапынан ұсынылған еді. Гегель бойынша азаматтық қоғам - олардың әрекеттесуі құқықпен реттелетін жеке тұлғалар, таптар, түрлі топтар мен институттар мүдделерінің күрделі сәйкестенуін білдіретін азаматтардың жеке өмір сүру саласы. Азаматтық қоғам мемлекет дамуының кезеңі болғанымен, оған тікелей тәуелді емес. Азаматтық қоғамның тамыры жеке меншікті, мүдделер қауымдастығын және азаматтарды формальді (яғни заңмен қарастырылған) теңдігін қалыптастырады. Мемлекет пен азаматтық қоғамның диалектикалық бірлігінің негізі - қоғамның жоғары деңгейде жіктелген әлеуметтік құрылымы. Азаматтық қоғамды мемлекет анықтамайды керісінше мемлекетті азаматтық қоғам анықтайды. Және мемлекет пен азаматтық қоғам арасындағы қатынас көпшілік алдындағы билік пен жеке дара бостандық арасындағы қатынас тәрізді. Қазіргі заманғы отандық ғалымдардың азаматтық қоғамға деген көзқарастары негізгі екі ұстанымға келіп тіреледі. Олардың бірінің айтуынша бұл қоғам, еркін нарық және демократия жолында құрылуға міндетті. Олардың түсіндіруінше бұл - түрлі жеке мүдделер мен адамдар талабын білдіретін және олардың іске асырылуына жағдай жасайтын жеке және мемлекеттен тәуелсіз қоғамдық институттардың, ұйымдар мен бірлестіктердің жүйесі. Екінші позицияға сәйкес “азаматтық қоғам” категориясы дегенде ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы өндірістік қатынастар мен саяси төңкерістер пайда болған қазіргі заманғы қоғамдардың түрлері айтылады. Бұл жерде азаматтық қоғам адамдардың қазіргі заманғы өнеркәсіп өркениеттері шеңберінде араласу формасы ретінде немесе жеке, мемлекетке тәуелді емес күнкөріс көздеріне ие әлеуметтік таптар мен топтардан пайда болған қоғам жағдайы ретінде түсіндіріледі. Азаматтық қоғамда еркіндік пен бостандыққа баса назар аудару, батыстық саяси ғылымдағы либералды-демократиялық дәстүрге тән. Либералдық демократия көзқарасы тұрғысынан азаматтық қоғамның мәні индивид пен мемлекет арасындағы бірқатар қорғаушы құрылымдардың жасалуында болды. Сөйтіп, сырттан кедергі жасаудан бостандық қамтамасыз етіледі, яғни бостандық “не үшін” емес “неден” деген мағынада (жағымсыз либералдық көзқарас) ол қалайша және ненің арқасында іске асырылуы мүмкін екені көрсетілмейді. Азаматтық қоғам дегенде жалпы мемлекетке тәуелді емес және онымен қатарласа өмір сүретін түрлі әлеуметтік топтардан, қозғалыстардан, бірлестіктерден, мәдени, ұлттық, аумақтық және басқа қауымдастықтардан құралған жеке тұлғаның көп бейнедегі мүдделерін білдіру формасы ретінде қызмет атқарушы қоғамның ерекше саласы түсіндіріледі. Азаматтық қоғамды адамдар бір-біріне және мемлекетке тәуелді емес ретіндегі индивидтердің әрекеттесуінің өзіндік бір әлеуметтік кеңістігі түрінде көзге елестетуге болады. Саяси социология азаматтық қоғамның құрылымына назар аудара отырып, оның екі жақты табиғатын ашады: идеалды және нақтылы, материалды және рухани т.б. дамудың полярлық бағыттарының болуы. Азаматтық қоғамның құндылығы мен маңыздылығы оның қызметтерінен көрінеді: Интегративті қызмет. Азаматтық қоғам адамдарды топтар мен қауымдастықтарға еркіндік және еріктілік принципі бойынша біріктіреді. Бұл қызмет түрлі күштердің күресуінің деструктивті мүмкіндігін тоқтатуға, оларды дұрыс жолға бағыттауға шамасы жететін нормалар мен шекараларды анықтайды. Инструментальдық қызмет (ұжымдық түрде мақсатқа қол жеткізу). Дистрибутивтік қызмет (марапаттарды, рөлдерді бөліп беру). Ұдайы өсіру қызметі (әлеуметтік өмірдің ұдайы өркендеуін қамтамасыз ету). Реттеуші қызметі (реттеу, адамдар іс-қимылын нормалар мен шектеулер жүйесі арқылы бақылау). Қоғамның өзі мемлекеттен тәуелсіз және оның көмегімен жеке индивидті жалпы қалыптасқан нормаларды сақтауға мәжбүрлей алатын құралдары мен шектеулері бар. Коммуникативтік (өзара түсінісуге, қарама-қайшы және түрлі бағыттағы мүдделердің және ұмтылыстардың, индивидтердің, топтардың, ассоциациялардың, қозғалыстардың т.б. арасында пәтуаға қол жеткізу) қызмет. Халықтың саяси мәдениетінің дамуы нәтижесінде азаматтық қоғамның саяси партиялар, бұқаралық ақпарат құраладары, бұқаралық әлеуметтік қозғалыстар, ассоциациялар және басқалар сияқты институттары мемлекеттік құрылымдар секілді үйреншікті құбылысқа айналуда. Әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдар мемлекетке қарағанда билік өкілдігіне ие емес. Саяси партиялар сияқты, олар алдына мемлекеттік билікті қолына алуды мақсат тұтпайды, яғни әуел бастан саяси болып саналмайды, бірақ кейде саясаттануы мүмкін. Алайда олар билік басында кімнің тұрғанына, мемлекет кімнің мүддесіне орай әрекет етуде деген мәселелерге немқұрайдылықпен қарамайды. Бұл жағдайда да олардың саяси белсенділігі - көбірек іс-әрекеттің негізгі мақсатына қарағанда жанама нәтиже болады. Қоғамдық ұйымдар - ол қоғамның плюралистік табиғатын, онда өзіндік мүдделері бар көптеген әлеуметтік топтардың бар екендігін білдіру. Соңғысы қоғамдық ұйымдардың көптеген түрлерін тудырады: қоғамдық ұйымдар бұл сөздің дәлме-дәл мағынасында кәсіподақтар, қолөнершілер одағы, интеллегенцияның шығармашылық одақтары, ғылыми қоғамдар, рухани клубтар, мәдени-ағартушылық қоғамдар, көркемөнерпаздар ансамбльдері, театрлар және басқалар. Қоғамдық ұйымдар бірқатар белгілерге: әлеуметтік-экономикалық қана емес, сонымен қоса рухани қызығушылықтарды да, оның ішінде қатынасқа түсу, ұзақ мерзімді міндеттерді шешуді көздеу, белгілі бір әрекеттерге үздіксіз бағыт ұстануға, айқын құрылымға, қажеттіліктерін қанағаттандыру бағытына ие болады. Қоғам өміріндегі әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдардың рөлі айқын түрде олардың көптеген қызметтерінде көрініс береді. Олардың қатарында: әлеуметтік топтардың, қоғамның топтары мүдделерінің көрініс беруі (артикуляция). Әдетте, адамдардың қызығушылықтары тұлғалық, эмоционалдық және екі ұшы бар формада алға шығады (мысалға “біз өзгерістерді қалаймыз) және мемлекеттің шешіміне айтарлықтай әсер ете алмайды. Қоғамдық ұйымдар оларды айқын талаптар ретінде қайта өркендетіп, өз атынан ұсынады. Негізгі қызмет көптеген жеке мүдделерді келістіру, олардың арасынан қалыпты, ерекше мәні барларын, бірінші кезектегілерін табу болып табылады. Осындай негізде мемлекетпен, саяси партиялармен байланыс орнатады, оларға қоғамның өзекті мәселелері, нақтылы топтардың өзіндік ерекшелігі бар қызығушылықтары жайлы ақпараттар жеткізеді. Олардың қызметіне халықтың мүддесіне сәйкес саяси шешімдерді қабылдау үшін мемлекеттік билікке қысым жасау да жатқызылады. Әлеуметтік қозғалыстар мен ұйымдар мемлекеттік аппараттың әрекетіне “төменнен” бақылау жасайды, туындаған мәселелерге қатысты баламалы шешімдер ұсына отырып, оны қолдайды немесе оған қарсы шығады, сөйтіп оны жаңа идеялармен байытып отырады. Ең соңында, олар халықтың көп бөлігінің басқару процесіне қатыстырылуын тікелей өз қызметі деп санайды және саяси мәдениеттің, демократияның дамуына, азаматтық қоғамның қалыптасуына өз ықпалын тигізеді. Саяси партиялар социологиялық талдаудың объектісі ретінде. Саяси партиялар әлеуметтік ұйымдар мен қозғалыстар арасында ерекше орын мен рөлге ие болады. Демократиялық мемлекеттерде барлық саяси институттар дербес және табысты түрде қызмет атқарады: мемлекеттік және билік құрылымдарының қалыптасуына әсерін тигізеді, саяси мақсаттарды реттейді, қоғамның саяси дамуын бағыттайды. Авторитарлық және тоталитарлық қоғамда түрлі бірлестіктер мен ұйымдар қатарына кіретін адамдардың мүдделерін алға тарту және білдіру үшін құрылады. Саяси партиялар, бұқаралық қоғамдық бірлестіктер қатаң түрде басқарушы элитаға бағынып, олардың табиғи қызметі өзгеріске ұшырайды. Партия сөзі латынша pars, partіs- бөлік, топ деген сөзден шыққан. Партия әлеуметтік қауымдастықтың мүдделерін қорғаушы ең белсенді деген бөлігін білдіреді. Партия саясаттануның да, социологияның да зерттеу объектісі болып табылады. Саяси социология саяси қатынастарды нақтылы индивид, топ, қауымдастық, саяси институттармен саяси мақсаттары бойынша әрекеттесу позициясын зерттеп білуді мақсат етеді. Бірақ ол әлеуметтік деңгейде жасалынады. Бұл жағдай қарастырылып отырған объектілердің саяси ангажирленуін емес, саяси әрекетінің әлеуметтік жанамалалығын меңзейді. Бұл жағдайда партиялар немесе саясаттың бағыты ұйымның және жеке өзінің мақсаттарын іске асыруда ерекше жауапкершілікке ие болған немесе ие болмаған нақты әлеуметтік индивидтердің әрекетінің теңесуі ретінде қабылданады. Социологиялық тұрғыға сәйкес партияларды зерттеуде бірінші кезекте қарастырылатындар: · партияның ішкі қүрылымы; · партиялық жетекшілік; · партиялардың өзара байланыстары мен қатынастары; · саяси партиялардың қоғамдық институттармен қатынасы; · партияның қоғамдық пікірде танымалдылығы; · партиялар сайлау жүйесінде; · партиялық жүйелердің өлшемдері; · партияның әлеуметтік базасы және басқалар. Жалпы социологиялық тұрғының басты өкілі М.Дюверже. Ол партияларды екі жақты жіктеуді ұсынды және жіктеуді жүргізу үшін басты өлшем партиялардың саны болып есептелінді. Ғалым партияларды кадрлық және бұқаралық деп екіге бөлді. Кадрлық партиялар “төменнен” және парламенттік топтарда “жоғарыдан” сайлау комитеттерінің даму нәтижесі ретінде қабылданады. Бұқаралық партиялар жалпылама сайлау құқығының өнімі болып табылады. Кермонн мұндай партияларға мынадай анықтама берді: “партия мүшелерінің сайлаушыларға қатысты, тиісінше белсенділердің партия мүшелеріне қатысты шамасы қаншалықты көп болса, соншалықты ұйым бұқаралық партия типіне жақындай түседі. Және керісінше, бұл шамасы қаншалықты аз болса, ол соншалықты кадрлық партия типіне жақын”. Жіктелімнің екі деңгейі бар: бірінші деңгей партияларды жіктейді, ал екінші деңгей - партиялар жүйесін жіктейді. Қандай да бір өлшемге байланысты партиялар былайша жіктелінеді: экономикалық немесе өндірістік қатынастарға байланысты; буржуазиялық, үсақ буржуазиялық, пролетарлық, жартылай пролетарлық. идеологияға байланысты: оңшыл радикалды, консервативтік, буржуазиялық-либералдық, буржуазиялық-реформистік, социал-демократиялық, солшыл социалистік, коммунистік. ұйымдық қүрылудың ішкі қүрылым позициясынан: әскериленген, автократиялық, демократиялық, орталықтандырылған және орталықсыздандырылған. аумақтық белгісі бойынша: жалпы үлттық, аймақтық. саяси қүрылымдағы орны, рөлі және орындайтын қызметі бойынша: билеуші және оппозициялық. Партияларды жіктеуде басқа да өлшемдер бар. Партиялық жүйелерді жіктеу де айтарлықтай көп. Бірінші кезекте партиялық жүйеге анықтама берейік. “Партиялық жүйе дегенде тәуелсіз элементтерден (партиялар) олардың өлшемімен (сайлаушылар санымен, ішкі құрылымының типінен) және коалициялық мүмкіндіктерімен анықталатын саяси кеңістік пішіні түсіндіріледі” [8, 230-б.]. Тарихи тұрғыда бірпартиялық, қоспартиялық (бипартизм), “екі жарым партиялар”, билеуші партиялық және көппартиялылық жүйелер қалыптасқан. Италиялық саясаттанушы Дж Сартори жасаған партияларды жіктеу ерекше толықтығымен ерекшеленеді. Ол партиялық жүйелердің 7 типін бөліп қарастырады: бір партиялық билеп-төстеушісі бар жүйе, басым салмағы бар партиялық жүйе, қоспартиялық жүйе, шектелген плюрализм жүйесі, бөлшектенген жүйе. Билік категорияларының детерминантарынан келіп шығатын партиялық жүйенің саяси күшті үш деңгей позициясын қарастыруға болады: Бірінші - биліктің тікелей іске асуы. Бұл деңгейде саяси партиялар өздерінің бағдарламалық ұстанымдарына сәйкес билік органдарын қалыптастырады, саясаттың басым бағытын ұсынады. Тікелей басқару жүйесі айқын түрде батыс елдерінде қолданылады. Екінші деңгей - ол саяси партиялардың биліктің іске асырылуына қатысуы. Бұл жағдайда партия билікке өзінің заң қабылдаушылық (мысал ретінде) өкілеттілігін пайдалана отырып ықпал жасау мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар сол Парламенттің құрамында болғандықтан биліктің қатысушысы болып табылады. Бұл оған өзінің бағдарламалық ұстанымдарын итермелеуге мүмкіндік береді. Үшінші деңгей - ол билікке әсер ету. Бұл жерде партия билік механизмдерінен шығарылып тасталған. Ол тікелей түрде емес жанама түрде әсер етеді. Билікке қысым жасаудың негізгі екі жолы қоданылуы мүмкін. Ол арадағы делдалдар арқылы лобби құру, яғни партияның сөзін жақтаушы билік өкілдері мен идеяларды, тұжырымдамаларды қоғамдық деңгейде көпшілік алдына ұсыну.
Date: 2016-07-25; view: 642; Нарушение авторских прав |