Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Саяси социологияны анықтаудағы тұлғаның орны
Саяси социологияда тұлға әлеуметтік индивид, саяси жүйенің өзіндік бейнесі бар алғашқы бөлінбейтін элементі ретінде, саяси саладағы өзінің іс-қимылына, жеке басының жауапкершілігін алып жүруші, құқықтары мен бостандығы бар жеке адам ретінде қарастырылады. Саяси қатынастар жүйесінде тұлға өзінің түп негізінде әлеуметтік тапқа жатуынан келіп шығатын саяси қабілеттердің иеленушісі ретінде алға шығады. Әрбір адам мемлекеттің, ұлттың, таптың немесе топтың өкілі болып табылады және тиісінше азамат, ұлт өкілі, жұмысшы, шаруа немесе зиялы ретінде көрінеді. Тұлға әлеуметтік айқындылыққа ие бола тұра, қандай да бір қоғамдық қатынастардың түріне тиісті қауымдастықтардың өзіндік ерекшелігі бар қабілеттерінің иеленушісі ретінде енеді. Қазіргі заманғы қоғамдық-тарихи ой-пікірлерде және саяси фиолософияда арнаулы нота (персоналистическая нота) көрініс береді. Басқаша айтқанда, “саңлақтар” принципінен “монадтылық” принципіне ауысудың қажеттілігі жайлы түсіндірме жиі берілуде. Осымен қатар, ғалымдар ХХ ғасырдың соңында “бұқаралық” принцип қана емес, “жеке даралық” принципі де әрекет етеді дегенді баса айтады. Басқаша айтқанда, тұлғаның саясаттағы рөлі арта түседі. Көпшілік үшін маңыздысы шешімдердің қабылдаушыларға ғана емес (жоғары шендегі басшыларға), сонымен бірге қатардағы адамдар үшін де пайдалылығы. Ол адам игеруге шығушы, тұтандырғыш, электоральды белсенді, бейсаясатшы жәй адам немесе терроршы болуы да мүмкін. Тұлғаның саясатқа қатысуының формалары қоғамда болатын объективті жағдайлар мен алғышарттарға тәуелді болады. Саясаттанушылар оларды материалдық, әлеуметтік-мәдени және саяси құқық деп бөледі. Адамның бірқалыпты саяси әрекетке қатысуы үшін олардың тамақтануға, ең қажетті тауарларға, тұрғын-үй тұрмыс жағдайларға деген бірінші кезектегі қажеттіліктерін қанағаттандырылуы қажет. Шет елдік саясаттанушылардың (С.М. Липсет) зерттеулері қоғам қаншалықты бай болған сайын, соншалықты көп мөлшерде саяси өмірде демократиялық формаларды пайдаланатынын растайды. Қоғамның әл-ауқаты саяси сенім мен бағыт ұстануға айтарлықтай әсер етеді. Әлеуметтік орта да тұлғаның саяси әрекет субъектісі ретінде қалыптасуына белсенді түрде әсерін тигізеді. Тұлғада демократиялық сенімдердің қалыптасуы немесе тоталитарлық және автолитарлық көзқарастар мен қылықтарға жақын тәуелділік болады. Саясаттың субъектісі ретіндегі тұлғаның іс-қимылына оның мәдени деңгейі, білімі күшті ықпал жасайды. Социологтар мынадай қорытындыға келген: адамның білім деңгейі қаншалықты жоғары болса соншалықты көбірек саясиланған бағыт ұстанады және мәселелерді демократиялық жолмен шешуге жақын болады. Сауатсыз адам санадан сүзіліп өткен саясаттан тыс тұрады және саяси әрекеттің, алдап-арбаудың объектісі болып қала береді. Жеке тұлғаның саясатқа реттеулі және нәтижелі қатысуы үшін белгілі бір конституциялық алғышарттар мен әрбір адамның саяси процеске қатысуының заңдық формалары, олардың дұрыс беруінің нәтижелері бұрмаланбайтынына, көсемнің, фьюрердің, президенттің күтпеген шешімі олардың демократиялық құқығын тартып алмайтынына сенімділігі және заңдылық кепілінің болуы қажетті. Көптеген халықаралық құжаттарда, атап айтқанда, адам құқықтары жөніндегі жалпы декларациясында әрбір адамның ой еркіндігіне, сенімдеріне және оларды еркін түрде білдіруге, бостандықты іздеуге, ақпараттар мен идеяларды алуға, оларды таратуға құқылы деп баса айтылады. Әрбір адам тікелей немесе еркін түрде сайланған өкілдері арқылы өз елін басқару үшін қатысуға құқылы. Тұлғаның саяси өмірдің нақтылы агенті болуы үшін, социологтар саяси әлеуметтену деп атайтын процестен өтуі керек. Саяси әлеуметтенудің екі аспектісі бар, біріншіден, ол индивидтің пісіп-жетілу, өзінің саяси “мен”-іне ие болу процесін, саяси өмірге жеке көзқарасының, өз қызығушылықтары мен ұстанымдарының, таңдау мен қалауларының дамуын білдіреді. Екіншіден, өзіндік мәдени “трансмиссия” процесі, яғни саяси көзқарастарды, идеяларды және нормаларды, оларды бағалауды, іріктеуді және сіңіруді алдыңғы ұрпақ өкілдерінен қабылдау, ұғыну. Тұлғаның саяси қатысуының бірнеше формалары бөліп қарастырылады: Біріншісі. Өз өмірін және іс-қимылын, қатынастарын билік органдарымен конституциялық негізде келістіру. Екіншісі. Азаматтардың электоральды қатысуы немесе билік органдарына өз өкілдерін сайлауға және сайлану құқығын пайдалануы. Үшіншісі. Әкімшілік процеске қатысуға өкілдік берілген тұлға ретінде саяси әрекетті іске асыру. Төртіншісі. Тұлғаның бұқаралық іс шараларға қатысуы (шерулерде, демонстрацияларда, жиналыстарда, шағым білдіруде, аштық жариялауда және т.б.). Бесіншісі. Тұлғаның ұйымдастырылған формадағы саяси процестерге қатысуы, яғни саяси қозғалыстарда, партияларда, саясиланған БАҚ-тардың әрекетіне, саяси клубтардың, бірлестіктердің т.б. жұмыстарына. Азаматтардың саяси жүріс-тұрысының үш түрі жайлы айтылады. Бірінші түрі - конформизм - социологтар және әлеуметтік психологтар бөтен пікірлерге бағыт ұстануды, әлеуметтік көнгіштікті, үгіттеу шараларына және бұқаралық таптаурындарға сыни емес көзқарастағы, болып жатқан оқиғаларды саналы бағалауда санасыз түрдегі қылықтардың билеп-төстеуін айтады. Екінші түрі - индифферентті адам, яғни немқұрайлы, қатыспайтын, селқос, саясаттан қашқақтаушы, саясатпен араласу пайдасыз нәрсе деп ойлайтын. Бұл типтегі адамдар “үндемейтін халық” деп аталатын тұрғындардың бөлігін құрайды. Көбіне саяси процестерге мұндай немқұрайдылық билеуші саяси жүйеге немесе қарапайым азаматтардың саяси жетекшілерге сенбеуі болып табылады. Үшінші түрі - саяси активизм. Қолда бар саяси жағдайға қанағаттанбаушылық немесе оны толықтай мойындау және мақұлдау сезімі адамдарды саяси оқиғаларға белсенді қатысуға итермелейді. Саяси активизм өзінің шекті көріну формасында оң және сол бағыттағы саяси рационализмді, экстремизді және фанатизмді туғызуға қабілетті.
Саяси жетекшілік
Белсенді саяси рөлге ұмтылушы тұлға саяси социологияның жеке зерттеу объектісін білдіреді. Бұл жағдай жетекшілердің, әсіресе саяси жетекшілердің қоғамдағы процестерге айтарлықтай әсер етумен байланысты. Саясаттағы жетекші - бұл өз айналасына көптеген адамдарды топтастыра алушы, саяси процеске қатысушылар арасында өз беделін мойындата алушы қасиетке ие адам. Идеалды тұрғыда жетекші - ол ақыл мен ерік, саяси күш-жігерді ұйымдастырушы, қандай да бір партияны немесе қозғалысты басқарушы. Жетекшілерсіз саяси әрекет жоқ, тек бақылаусыз қозғалыс бар. Оларсыз бұқара тобыр ғана. Міне сондықтан да, жетекшілерді табу, өсіру және ұсыну мәселесі өмірде ең күрделі мәселе болып табылады. Қазіргі заманғы әдебиеттерде саяси жетекшілікті, жетекшіге қажетті жеке қасиеттерді бағалауда, жетекшінің әрекетіне тән қызметтерді талдауда, оның жүріс-тұрыс стильдерін бейнелеуде көптеген типологиялар бар. Саяси жетекшілікті типологияға бөлудің ең кең тараған түрінің бірі М.Вебер тарапынан жасалған. Оның негізіне, қандай да бір қайраткерді жетекші деп мойындап, оның соңынан еруге дайын болатын адамдар дәлелдеулерін талдау енгізілген болатын. Жетекшінің бірінші түрі - “дәстүрлі”. Бұл тип жетекшіні баламасы жоқ, “біздің әкелеріміз де аталарымыз да осылай істеген, біз де солай істейміз” деген принцип бойынша қабылдайды. Мұндай типтегі дәлелдеуге мысал ретінде монархиялық мұраттарды қабылдау немесе тайпалық көсемдердегі бағыну әдетін келтіруге болады. Ел басында кім болмасын, оның жеке қасиеттеріне қарамай, ол талассыз сюзерен ретінде (жоғары басқарушы, патша) ал бағынушылары оған тәуелді ретінде (мемлекеттік тұлғаға тәуелді адам) қабылданады. Екінші түрі - “заңды” немесе “бюрократиялық” тұлға, оны да формальді деп атауға болады. Бұл жетекшіге тұлға ретінде бағыну емес, оның басқару баспалдағындағы орнына, оның мәртебесіне - шеніне бағыну. Бұл жеке бір кейіпкердің емес, қызмет бабы мен орынның жетекшілігі. Үшінші түрі - “харизмалық”. Бұл оның ойларының өзіне көпшілікті баурап алуына, санасына әсер ете алу қасиетіне тәуелді жетекшіліктің тұлғалық типі. Қазіргі уақытта жетекшілікті типтеудің ең бір терең өңделген түрі - ол үш негізгі әлеуметтік деңгейде іс-әрекеттің сипаты мен ауқымына қарай қалыптасқан. Саяси жетекшіліктің бірінші деңгейі - ол сол қоғамда билікке ие тұлғалардың кіші тобының деңгейі (президенттің айналасындағылар, парламенттің, генералитеттің, т.б. басшылары). Бұл жерде жетекші осы топтың іс-қимылын біріктіруші, бағыттаушы және ұйымдастырушы ең беделді тұлға. Одан жылдам шешім қабылдау, жауапкершілікті өз мойнына алу, топ қатысушыларының мүдделерін қанағаттандыруға қол жеткізу қабілеттері талап етіледі. Бұл деңгейде басқару стилі, жетекшінің жеке қасиеттері шешуші мағынаға ие болады. Екінші деңгей - саяси қозғалыста оның билік үшін күресіндегі үлкен әлеуметтік топтың (топ, тап, партия) жетекшілігі. Енді бұл жерде жетекшінің жеке қасиеттері бірінші кезекке шықпайды, оның халықтың сол бөлігінің мүддесін білдіріп, қорғай алу қабілеті алға шығады. Осы мүдделерді қанағаттандыру үшін стратегия құрастырып, оған қол жеткізу құралдарын ойлап табу қасиеті - жетекшінің басты құндылығы. Жетекші бейнесі топтардың саяси көңіл-күйлері мен үміттерінің символы болып қосарланып, бітісіп кетеді. Мұндай жетекшіге тек интегративтік (біріктірушілік) қана емес, сонымен бірге прагматикалық қасиетте қажет. Үшінші деңгей - саяси жетекшілік басқарушылық қатынастар жүйесінде, жалпы қоғам, халықтың көпшілік бөлігінің алдында тұрған міндеттерді шешуді қамтитын әлеуметтік институт ретінде ұсынылады. Үшінші деңгейде жетекшінің тұлғалық сипаттамалары айтарлықтай әлсіз түрде әсер етеді.
Date: 2016-07-25; view: 415; Нарушение авторских прав |