Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жұқпа жағдайларын тіркеу және жыныстық серігіне хабарлау. ⇐ ПредыдущаяСтр 7 из 7
Ø Анықталған біріншілік аногенитальды сүйелдерді міндетті түрде тіркеуге алу керек. Ø Науқастарға жыныстық серіктеріне өткір кондиломалардың анықталғандығы немесе жатыр мойнынан алынған жағындыда өзгерістер пайда болғандығы туралы айтуға кеңес беріледі.Бірақ бұл инфекцияның тарауына бөгет бола алмайды. Ø Жыныстық серіктерін аурудың симптомдары байқалмаған жағдайда емдеу көрсетілмеген Бақылау. Ø Генитальды кондиломалардың кеткеніне қарамастан,әйелдердің жатыр мойнынан алынған жағындыларына жыл сайын цитологиялық зерттеулер жүргізеді.(Мүмкін,вирусты типтау әдісімен бірге) • Ø Жатыр мойнынан алынған жағындының өзгерісін анықтағаннан кейін науқастар 6-12 айда 1 рет қаралуы тиіс(Толық жазылғанша)• Ø АПВ онкогенді типі анықталған әйелдерге міндетті түрде цитологиялық және колькоскопиялық зерттеу жүргізу керек. Профилактика АПВ жұқпасының біріншілік профилактикасы Ø ЖЖБИ профилактикасының әдістері туралы халықты ақпараттандыру. Ø Екпе жасау Ø Презерватив қолдану АПВ ны жұқтыру қаупін төмендеткенімен,жұқтыру қаупін жоймайды. Ø АПВ инфекциясы жөнінде кеңес беруге кіреді: Ø Ауру ағымы,папиллома вирусының типтерінің айырмашылықтары; Ø Қайталану қаупі; Ø Вирустың жыныстық жолмен жұғуы; Ø АПВ инфекцияның қауіпті факторы жыныстық серігінің көп болуы. Жатыр мойнының ісігін туындататын болжалған факторлар: Ø Темекі шегу(пассивті де); Ø Пероральды контрацептивтерді ұзақ уақыт қолдану(бес жылдан аса); Ø Жүктіліктің көп болуы; Ø Басқа ЖЖБИ(Chlamydia trachomatis, ВПГ- 2, ВИЧ); Ø Толыққанды тамақтанбау(әсіресе,антиоксиданттарды аз пайдалану); Ø Иммунодефицит(ЖИТС,ағзалардың трансплантациясы,иммуносупрессивті терапия); Ø Жыныстық серіктерінің көп болуы,жыныстық өмірдің ерте басталуы,АПВ инфекциясы бар адамдармен жыныстық қатынаста болу; Ø Генетикалық бейім болу:жасушалық циклды реттейтін нәруыздарды кодтайтын гендердің полиморфизмі,
АПВ ға қарсы екпе АПВның ағымының ерекшелігі-вирустың қанға өтпейтіндігі,сол арқылы иммундық жүйенің активті серпілісін туындатпайтындығы(эпителиофильділігі).Сондықтан қорғаныс антиделері,тек науқастардың 50% да шығарылады.Соның өзінде антидене деңгейі өте төмен,тіпті,реинфицирленген науқастарда,ұзақ әрі сенімді қорғанысты қамтамасыз ете алмайды. АПВқа қарсы профилактикалық екпе -жатыр мойнының ісігінің, экзофитті кондиломалардың, вульва,қынап және ұма ауруларының,анальды рак ауруының біріншілік профилактикасы болып табылады.Екпе тек профилактикалық қасиетке ие,ауруды емдей алмайды.Екпе құрамына антиген кіреді. Бұлшықетке екпе жасағанда,антиген бейтараптайтын антиденелер бөлінуінен,күшті әрі тұрақты иммундық жауап туындайды.Қоздырғышпен қосылу кезеңінде, антиденелер вируспен байланысып,зақымдалған жасушалардың ағзадан элиминациялайды және клиникалық көріністерін болдырмайды.. Қазіргі уақытта екі рекомбинантты екпелер лицензияланған.Бұл екпе құрамында АПВ генетикалық материалы жоқ,антиген ретінде протеин пайдаланылады. Екпені қыздарда,ұл балаларда,әйелдерде қолдануға болады. Квадривалентті вакцина «Гардасил» төрт түрлі АПВ типіне қарсы бағытталған.(16, 18, 6,11).Бұл екпе қыз және ұл балаларда жыныстық өмірі басталғанға дейін тоғыз жастан бастап,ал әйелдерде жиырма алты жасқа дейін қолдануға ұсынылады. Бивалентті вакцина «Церварикс»АПВның 16,18 типтеріне қарсы бағытталған. Қыздарда тоғыз жастан бастап,ал әйелдерде жиырма бес жасқа дейін қолдануға ұсынылады. Екпелер ауыр ісікалды жағдайларда және жатыр мойнының,вульва,қынап ісігінде және экзофитті кондилома кезінде нәтижелі.Бірақ екпе цитологиялық скринингті толықтай алмастыра алмайды. АПВ қарсы бағытталғанекіншілік профилактика. Екіншілік профилактикаға,ісікалды жағдайды анықтау және уақытында емдеу мақсатымен, жаппай скрининг жүргізу кіреді.Цитологиялық скрининг әйелдердің жатыр мойны ісігіне қарсы нәтижелі әдісі. Скрининг ұйымдастырылған(мемлекет бағдарламасы аясында) және оппортунистік (мүмкіндігінше) болып бөлінеді.Ұйымдастырылған скрининг нәтижелі,әрі көпшілікті қамтиды.Оған халықты тексеріске белсенді шақыру мен нақты көмек көрсету бағдарламалары тән. Оппортунистік әйелдерді цитологиялық жағынды тапсыруға белсенді шақырудың болмауымен (Пап-тест),бірақ кез-келген әйел тұратын жеріне байланысты гинекологқа қаралып,тексерілуіне болады. Тексерісті жыныстық өмірдің басталғанынан бір жыл өткеннен кейін бастап, әр 3 жыл сайын 50 жасқа дейін жағынды тапсырған жөн.Сосын әр 5 жыл 65 жасқа дейін тапсырып,қорытындысы жақсы болса ары қарай тапсырмауына болады. Егер жатыр мойнының жағындысының бұзылыстарында немесе папиллома вирусын анықтағанда,науқаспен мынандай сұрақтар талқыланады: Ø Әйелдерге,үнемі гинекологиялық тексерілудің, жатыр мойны ісігінің қаупін төмендетуіндегі маңызын; Ø Аурудың ағымы,папиллома вирусының типінің және ауру нышандарының байланысын; Ø Қайталану қаупі; Ø Жатыр мойнының дисплазиясының дамуы мен өрістеуіне әкелетін фактоларды азайтуды; Ø АПВ симптомдары пайда болғанда дәрігерге қаралудың маңызын; Ø Вирустың кең етек жайғанын,аурудың себебі мен көзі әлі күнге табылмағандығы туралы айту; Ø АПВның өзі жойылуының мүмкін екендігін,жатыр мойны ісігінің төмен қаупі бар екендігі туралы хабардар ету; Ø Ұзақ уақыт онкогенді вирустармен инфицирлену ғана ісік алды жағдайға, ісік ауруына әкелетінін түсіндіру.
Date: 2016-07-25; view: 363; Нарушение авторских прав |