Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Лабораториялық зерттеулер





• Везикулалар мен жаралардың ішіндегі затын зертеу үшін МАНК қолданылады. МАНК әдісінің бұл ауруды анықтауда сезімталдығы мен арнайылылығы шамамаен 100%-ды құрайды.

• Біріншілік инфекция кезінде алғашында IgM анықталады, ал соңында — IgG анықталады. IgM титрі – қалыпты жағдайда бірнеше айдан кейін төмендейді, сондықтан олардың зерттеуде анықталуы ауруды жақын арада жұқтырғанын көрсетеді. Біріншілік инфекцияны аурудың өршу кезеңінде қарапайым герпес вирусына қарсы антиденелердің түзілмегендігін анықтау арқылы және олардың аурудың айығу кезеңінде(сероконверсия) пайда болуымен диагностикалайды. Науқастардың көп бөлігі 3- 6 апта аралығында серопозитивті бола бастайды. Ауру басталғаннан бастап 12 апта өткеннен кейін сероконверсия (айығу) 70% жағдайында байқалады.

• Арнайы типтік антиденелерді анықтауды тәжірибеге енгізу қарапайым герепс вирусы кезінде біріншілік инфекцияны диагностикалауға мүмкіндік береді және осы ауру тудырушы қарапайым герпес вирусының типін анықтауға мүмкіндік береді. Осы ақпарат жыныс мүшелерінің герпес ауруымен ауыратын науқастарды және олардың жыныстық серіктесіне кеңес беру кезінде пайдалы мәлімет беруге көмектеседі. Иммуноблоттинг — арнайы типтік антиденелерді анықтауқағы өте жақсы әдіс. Сонымен қатар, жоғарғы сезімталдыққа ие және арнайылылығы- ИФТ көмегімен жедел-диагностика жүргізуге арналған дайын жиынтықтар (наборлар) болуымен ерекшеленеді. ИФТ нәтижелерін иммуноблоттинг көмегімен растаудың қажеті жоқ.

Сұраққа

Кеңес беру

Дер кезінде берілген дұрыс дәрігерлік кеңес науқастың физикалық жағдайын ған емес, сонымен қатар психологиялық жағдайын жақсартуы мүмкін. Барлық аногенитальды герпеспен ауырған науқастарға және олардың жыныстық серіктестеріне аурудың жедел симптомдарынан айыққаннан кейінбұл аурудың өту ағымының ерекшеліктері туралы, аурудың қайталануы мүмкін екенін, вирус науқастан қоршаған ортаға ешқандай симптомдарсыз бөліне беретінін және жанасу жолдарымен де жұғуы мүмкі екені туралы ақпаратпен таныстырылуы қажет. Науқастарға вирусқа қарсы ем жолдары аурудың қайтадан көрініс беруінің жалғасуын тежейтінін, ал алдын-алу мақсатында препараттарды қабылдау,аурудың қайталануының (рецидивін) жиілеуін және ауырлығын төмендетуге көмектесетіні туралы түсінік беру керек

Кеңінен таралған сақтанулар:

• айналадағы басқа адамдарды жұқтыру;

• жыныстық серігі тарапынан бас тарту және қарсы үкім есту;

• жалғыздық, күйзеліске түсу, өзін-өзі төмен бағалау;

• ауру ағзаның репродуктивті қызметіне теріс әсерін тигізеді, деген қорқынышы;

Науқастар міндетті түрде жыныстық партнерларына өзінде аногенитальды герпес бар екені туралы хабар беруі қажет. Және өздері тексерілу барысында портнерлары да бірге дәрігердің кеңесін алғаны дұрысырақ болады, және олардың ҚГВ-1 және ҚГВ – 2 типіне тексерілгені жөн. Айта кететін жайт, жынысмүшелерінің герпес вирусын жұқтыру көп жағдайда вирустың симптомсыз жағдайда бөлінуі кезінде орын алады. Науқастарға жыныстық қатынас кезінде мүшеқап қолдануға кеңес беріледі және инфекцияның берілу қаупін төмендету мақсатында алдын – алу үшін вирустарға қарсы препараттарды қолдануға кеңес беріледі.







Date: 2016-07-25; view: 589; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию