Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Тері және шырышты қабаттар





Везикулалар (сулы бөртпелер)

· Ішіндегісін алу үшін стерильді инемен везикуланы жарады да, стерильді тампонмен зетттеуге клиникалық материал алады.

· Басқа әдіс бойынша везикуланы дезинфицирлеуші ертіндімен өңдейді де, кепкеннен кейін везикула қабыршағын шприцпентесіп, сұйықтығын жинайды, содан кейін шприцты герметикалық етіп жауып, зертханаға жеткізеді.

Ойық жаралар (язвы)

· Зерттеу үшін материал алған кезде шамалы ауыруы мүмкін екендігін науқасқа ескерту керек.

· ПТР, иммундыфлюоресценты немесе дақылдық әдістермен қарапайым ұшық вирусын анықтау үшін материалды жара түбінен бір рет қолданылатын стерильді зондпен алады.

· Алынған клиникалық материалдарды заттық әйнекше бетіне жағады – түнекайдынды микроскопта зерттеу жүргізу үшін және иммундыфлюоресценциялық бояу үшін. Түнекайдынды микроскопта қарауды материалды аласалысымен атқарады.

· Дақылдық зерттеуге материалды тампонмен алады, оны сынама алу жиынтығына кіретін арнайы тасымалдық қоректік ортаға орналастырады.

· Treponema pallidum-ды анықтау үшін түнекайдынды микроскопта қарау, иммндыфлюоресцентті зерттеу немесе ПТР мүмкіндіктерін ойластыру керек. Зертеуге материалды келесі тәсілдермен алады:

- Құрғақ стерильді дәкелі тампонмен ойық-жара бетін қан немесе эксудат пайда болғанша өңдейді, салыстырмалы түрде мөлдір сұйықтық алуға қол жеткізеді. Кейде жасуша аралық сұйықтық бөлініп шығыу үшін жара түбін қысып сығады.

- Эксудатты капелярмен жинайды, жіңішке инесі бар шприцпен немесе тікелей түтекшемен заттық әйнекше бетіне тамызады.

- Зертханаға жолдаудан бұрын капилярды герметика етіп жабады, ал шприцке арнай қабықша кигізеді немесе поршенін жақсылап бекітеді.

- Материалды 40С температурада сақтайды және оны 24 сағатқа дейін зертханаға жеткізеді.

· Haemophilus ducreyi-ді анықтау үшін арнайы қоректік орталарды пайдаланады. Дақылдық зерттеу үшін материалды жара түбінен алады, бірақ тампонда ірінді экссудат болмау керек, содан кейін оны тасымалдау үшін пробиркаға салады.

Ауыз жұтқыншақ (ротоглотка)

· Зерттеу материалын жұтқыншақтың артқы қабырғасынан және бадамша без крипталарынан алады. Жаңа туылған нәрістелердің мұрын-көмей шырышын зерттейді

· Алынған материалды бірден тиісті қоректік немесе тасымалдық орталарға салады.

Тік ішек

· Клиникалық материалды алу үшін тік ішекке 2-3 см-ге тампонды кіргізеді, бүйірін қысады – нәжістік массамен контаминациялануды болдырмау үшін жәнеChlamedia trachomatis және Neisseria gonorrhоeae-ны зерттеуге цилиндрлік эпителия жасушаларын алу үшін.

· Егер тампон нәжістік массамен ластанса, зерттеу үшін материал алу шарасын басқа тампонмен қайталайды.

· Зерттеу үшін материалды «қарамай-ақ» немесе анаскоптың көмегімен алады (симптомдары белгілі болса анаскоппен алған дұрыс).

· Материалды анаскоппен алу (жақпа қолданбай, тек қана құбыр суымен) үлгінің нәжіспен ластануынан құтқарады.

Тесттер:

1. СПИРОХЕТАЛАРДА БОЛАДЫ:

1. Капсула

2. Талшықтар

3. +Остік жіпше

4. Гомогенді плазма

5. Қалыптасқан ядро

 

2. СПИРОХЕТАЛАР СИПАТТАМАСЫНА ЖАТПАЙДЫ:

1. Аксиальді жіпшесі болады

2. +Сыртқы мембранасы болады

3. +Жасушалық қабаты болмайды

4. Бояғыштарды нашар қабылдайды

5. Айналмалы, иілген және толқынды қозғалыс жасайды

 

3. СПИРОХЕТАНЫ ЗЕРДЕЛЕЙ ҮШІН ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ:

1. +Түнек айдынды микроскопта қарау

2. +Романовский-Гимзе бойынша бояу

3. +Морозов әдісімен күмістеу тәсілі

4. Нейссер бойынша бояу

5. Циль-Нильсен

 

4. СӘЙКЕСТІКТЕРІН ТАБЫҢЫЗ:

1. Treponema A. Терең емес және жиі бурамалары болады

2. Borrelia Б. Екі шеті ілмек сияқты иілген

3. Leptospira В. Екіншілік бұрамалар құрайды

4. Rickettsia Г. Облигатты паразиттер

Д. Организмге сумен немесе тағаммен түседі

Жауабы: 1-А; 2-Д; 3-Б,В; 4-Г.

 

5. СПИРОХЕТАЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

1. Қабатының болуы

2. Волютин дәндері бар

3. Қалыптасқан ядросы бар

4. +Протоплазмасының қысқаруы

5. +Бактериалардың ирекше түрлеріне жатады

 

6. МИКОПЛАЗМАЛАР СИПАТТАМАСЫНА ЖАТПАЙДЫ:

1. Үшқабатты липопротеинді цитоплазматикалық мембранасы болады

2. Анилиндік бояулармен нашар боялады

3. Жасушалық қалын қабаты жоқ

4. +Тек қана ДНҚ болады

5. Плеоморфты

 

7. МИКОПЛАЗМАЛАР СИПАТТАМАСЫНА ЖАТПАЙДЫ:

1. Ригидты жасушалық қабаты болмайды

2. Облигатты жасушаішілік паразит

3. Пенициллинге сезімтал емес

4. Тұрақты пішіні болмайды

5. Бөліну жолымен көбейеді

 

8. ХЛАМИДИЯЛАРДЫҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ:

1. +Морфологиясы жасушаішілік даму сатысына байланысты

2. Қышқылға төзімді микроорганизмдер

3. Жасушаішілік қосындылар түзеді

4. Организмде капсула құрайды

5. Тек қана РНК болады

 

9. ХЛАМИДИЯЛАР:

1. Грам-оң боялады

2. Қоректік орталарда өседі

3. Морфологиясы полиморфты

4. Облигатты жасушаішілік празиттер

5. +Ретикалярлы жіне элементарлы денешектер түзеді

 

10. ХЛАМИДИЯЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ЦИКЛЫНА ЖАТПАЙДЫ:

1. Элементарлы денешектердің сезімтал жасушаның вокуоліне түседі

2. Элементарлы денешектер пайда болуы және жасушадан шығуы

3. Ретикулярлы денешектін бөліну және аралық түрге айналуы

4. +Элементарлы денешектердің ретикулярлыға айналуы

5. Экзоспоралар түзеді

 

11. МИКОПЛАЗМАЛАР:

1. Бөліну жолымен көбейеді

2. Бүршіктену жолымен көбейеді

3. Тек қана тірі жасушаларда көбейеді

4. Жіпше түрлерінің фрагменттерге бөлінуімен көбейеді

5. Негізгі репродукциялау түрі – элементарлы денешектер

 

12. МЕРЕЗ ҚОЗДЫРҒЫШЫ ЖАТАТЫН ТУЫСТАСТЫҚ:

1. Borrelia

2. Bordetella

3. +Treponema

4. Leptospira

5. Mycobacterium

 

13. TR. PALLIDUM:

1. +10-12 бұрмалары бар

2. +Грам теріс боялады

3. Жеңіл бөліп алуға болады

4. Оқшауланған ядросы болады

5. +Бояғыштарды нашар қабылдайды

 

14. ҚОЛАЙСЫЗ ЖАҒДАЙДА ТРЕПОНЕМАЛАР ЦИСТАЛАР ТҮЗЕДІ, ОЛАР:

1. +Аурудың ремиссиялық кезеңінде екенін көрсетеді

2. +Қан тамырларының қабырғаларында орналасады

3. Жасушалық иммунитет дамуымен байланысты

4. ЖСБТ (ГЗТ) дамығанын күәландырады

5. Біріншілік мерез екенін дәлелдейді

 

15. МЕРЕЗГЕ ТӘН СИПАТТАМА:

1. +Жасырн кезеңі 24 күн

2. +Қатты шанкр пайда болуы

3. АШТ (ЖКТ) зақымданады

4. Инфекция көзі – ауру малдар

5. Ауалы - тамшылы жолмен беріледі

 

16. ЛИМФА ТҮЙІНІҢ ҮЛКЕЮІ ЖӘНЕ АУЫРШАНДАУ БОЛУЫНА, ҚАТТЫ ШАНКР ПАЙДА БОЛУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ДӘРІГЕР МЕРЕЗ ДИАГНОЗЫН ҚОЙДЫ. АУРУ МЕРЕЗДІҢ ҚАНДАЙ КЕЗЕНІНДЕ?

1. Инкубациялық

2. +Біріншілік

3. Екіншілік

4. Үшіншілік

5. Төртіншілік

 

17. МЕРЕЗ КЕЗІНДЕГІ ИММУНИТЕТ:

1. Стерильді

2. +Шанкерлік

3. Фагоцитарлық

4. Антивирустық

5. Антитоксикалық

 

18. БІРІНШІЛІК МЕРЕЗДІҢ ЗЕРТХАНАЛЫҚ ДИАГНОСТИКАСЫ:

1. ИФТ

2. Раит реакциясы

3. Видаль реакциясы

4. Преципитациялық реакция

5. +Түнекайдынды микроскопта қарау

 

19. МЕРЕЗДІҢ АЛДЫН АЛУ ҮШІН ҚОЛДАНЫЛАДЫ:

1. Тірі вакцина

2. Бактерифаг

3. Анатоксин

4. +Қауіпсіз секс

5. Спецификалық гамма-глобулин

 

Жағдайлық есеп.

Науқас 23 жаста. Жыныс органдарынан бөлінділер шығатынына шағымданады. Өздігінше жергілікті тәсілмен емделген, нәтижесіз. Терісін және көзге көрінетін шырышты қабаттарды қарағанда бөртпелер жоқ. Жыныстық органдар аймағында бөртпелі элементтер табылмаған. Уретра еріндері және қынабының шырышты қабаты ісінген, гиперемирленген, артқы күмбезінде мол ірінді бөлінділер бар.

Сурақтар:

1. ЖЖЖИ даму қаупін бағала.

2. Зерттеуге қандай материал алу қажет. Қандай аспапты пайдаланады?

3. Қандай зерттеу әдістерін қолдануды көрсетіңіз.

 

Жағдайлық есеп.

Науқас Т. 38 жаста. 5 жыл бойы гениталды ұшықпен зардаптанады. Кездейсоқ жыныстық қатынасқа байланысты 3 аптадан кейін клиникаға келіп гениталия обласында ауратын бөртпелер, қызыл түсті «жараша» пайда болғанына шағымданды. Қараған кезде: жыныстық мүше терісінде ісінген, гиперемирленген ірінді мөлдір сұйықтық бар көпіршіктер бар. Жыныстық мүше басының айналасындағы сайларда мөлшері бұршақ дәніндей, ыдыс шеті пішінді, беткейі жылтыр, ет-түстес қызыл эрозия табылды. Ойықжара түбі жағында шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Шап бездері екі жағында да майда бұршақ мөлшеріндей үлкейген, шамалы аурады, эластикалы консистенциясы. RW – теріс нәтижелі.

Сұрақтар:

1. Қандай аурулар туралы ойлайсыз?

2. Қоздырғыштарын атаңыз.

3. Қандай зерттеу әдістерін жүргізу керек?

4. Зерттеуге қандай материал алу қажет?

Date: 2016-07-25; view: 797; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию