Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
ЖЖЖИ және/немесе репродуктивті органдарды зақымдайтын инфекцияларға диагноз қою әдістеріСтр 1 из 3Следующая ⇒
Оқытушылар үшін материал. №2 сұрақ. Жыныстық жолмен жұғатын және/немесе репродуктивті органдарды зақымдайтын инфекцияларға зертханалық диагноз қою әдістеріне жатады: · Боялған немесе нативті препаратты микроскопта қарау; · Иммундыфлюоресцентті зерттеу – флюрохроммен таңбаланған антиденелердің көмегімен құрылымдық антигендерде анықтау; · Дақылдық зерттеулер – жасанды қоректік орталарда дақылдандыру; · Иммундыферментті талдау – қоздырғыштың антигендерін анықтау; · Иммундыферментті талдау – айналымдағы антиденелерді анықтау, серологиялық зерттеу; · Молекулалық – биологиялық әдістер – микроорганизмдердің нуклеин қышқылдарын (ДНҚ және РНҚ) табуға бағытталған әдістер тобы (гибридизация және амплификация – нуклин қышқылдарын). Кез келген зертханалық әдістердің диагностикалық сезімталдығы және диагностикалық спецификалық негізгі сиппаттамасы болып табылады. Диагностикалық сезімталдылық – зерттелген инфицирленген адамдардың арасында оң нәтижелі тест алу мүмкіндігі. Диагностикалық – спецификалық зерттелетін инфицирленген адамдардың арасындатеріс нәтижелі тест алу мүмкіндігі идеалды жағдайда диагностикалық сезімталдылық және спецификалығы 100%-ға дейін болуы керек, бірақ реальды жағдайда бұл параметрлер әртүрлі зертханалық әдістер үшін тұрақты емес және ол бірқатар факторларға байланысты болады – пайданалынған әдістердің аналитикалық сезімталдығы және аналитикалық спецификалығы, қоздырғыштың қасиеттері, инфекция патогенезінің ерекшеліктері, зерттелетін клиникалық материалдың типі және оны алу көзі, сақтау жағдайы және зерттеу үшін алынған үлгіні тасымалдау. Кез кеген инфекцияға пациентті тексеру жоспарын анықтау кезінде зерттеуге пайдаланылатын тест – жүйелердің сезімталдығы және спецификалығы туралы нақты ақпарат алуы керек. Төменгі кестеде ЖЖЖИ зерттеудің әртүрлі әдістерінің диагностикалық құндылығы келтірілген.
ЖЖЖИ және/немесе репродуктивті органдарды зақымдайтын инфекцияларға диагноз қою әдістері
А —диагностикалық маңызы жоғары әдіс. В — тиісті жағдайды диагноз қою үшін қолданатын әдіс. С — пайдалануы шектеулі және/немесе инфицирленгенін анықтайтын әдіс. «-» — рутинды зертханалық тесттер жоқ, бірақ ғылыми-зерттеу мақсатында жасалған әдістер болуы ықтимал. №4 сұраққа · Тиісті тесттерді пайдаланған кезде зертханадан керекті материалды алу, тасымалдау, зерттеудің ұзақтығы және алынған нәтижелерді талдау туралы толық ақпарат алу қажет. · Дәрігер-лаборантпен таңдап алған әдістердің диагностикалық сезімталдығы және спецификалығы туралы кеңес алу маңызды. · Анықталатын жұқпалы агенттің түріне немесе зертхананың техникалық жабдықталу дәрежесіне байланысты клиникалық материал алуға арналған аспаптар, тасымалдау жүелері және пайдаланылатынтесттер әртүрлі болуы мүмкін. · Зертханалар клиникалық материалды алу және тасымалдау үшін дайын комерциялық жиынтықтарды пайдалануы мүмкін.Мұндай жағдайда жиынтықты жасап шығарған мекеменің нұсқамасын пайдалану керек. · Клиникалық үлгінің көлемін адекватты етіп (қолданылатын әдіске сәйкес) алу қажет. · Клиникалық матераил салынған әр бір контейнерде пациент,оның идентификациялық нөмірі, материал қандай жерден алынғаны және типі, алынған датасы және уақыты туралы ақпарат болуы керек. · Бактериологиялық әдістерді немесе тірі микроорганизмдерді қажет ететін әдістерді пайдалану кезінде оптимальді жағдайларды сақтау керек. Ондай жағдайдың болмау жалған – теріс нәтижелер алуға әкелуі мүмкін. · Нативті клиникалық материалды алу және онымен жұмыс жасау кезінде медициналық персоналға инфекция жұғуға жол бермейтін жағдайда жүргізу керек.
№5,6,7 сұрақтарға Date: 2016-07-25; view: 561; Нарушение авторских прав |