Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Несеп шығаратын канал





Зерттеу жүргізуден бурын, зерттеуге материал алу, және де одан кейін несеп шығар кезде шамалы ауырсыну болатының, бірақ жағымсыз сезім біртіндеп бәсеңдейтінің пациентке ескерту керек.

Материал алу техникасы:

· Материал алу минимум 2 сағат бұрын кіші дәретке отырмауды пациентке ескерту керек (несеп ағызу алынатын экссудат мөлшерін азайтады, ол қоздырғышты анықтауды қиындатады).

· Уретрадан бөлінділер шығатын жағдайда жыныстық мүшенің басы ашыды және уретраның сыртқы тесігінің айналасы стерильді дәкелі тампонмен өңдейді.

· Жіңішке өзекшесі майысқақ (бір рет қолданылатын) құрғақ тампонды пайдаланады. Егер, еңгізудің алдында тампонды стерильді дистилденген сумен ылғалдап алса, жағымсыз сезінуді азайтуға болады.

· Тампонды асықпай несепағар каналына енгізеді (ерлерде 3-4 см, әйелдерде 1-1,5 см), өзекшені біртіндеп сыртқы тесікке қарай жылжытаотырып суырып алады (тампонды айналдырмайды, өйткені ол ауырсыну туғызады).

· Зерттеуге препарат дайындау үшін, асықпай тампонмен әйнекше бетіне жағынды жасайдыда, оны бірден қоректік немесе тасымалдық ортаға салады (бактериялардың дақылдық қасиетін зерттеу, ПИФ үшін).

· Кейде бөлінді алу үшін жыныстық мүшені түбінен басына қарай жеңіл массаж жасау керек.

· Препубертатты жастағы ұл балалар мен қыздардан әдетте несепшығару каналынан материал алмайды. Зерттеу үшін несебін алады (бірінші порциясын) немесе материалды жіңішке майысқақ өзекшенің көмегімен несепшығар каналдың сыртқы тесігінен алады.

Несеп үлгілері.

· Пациенттен несеп алудан бурын 2-3 сағат бойы кіші дәретке отырмауды сурайды.

· Несепті герметикалық жабылатын стерильді контейнерге жинайды, тек қана несептің алғашқы 10-20 мл-ін.

· Несептің бірінші порциясын Chlamedia trachomatis және Neisseria gonorrhоeae-ны осы типтегі клиникалық материал үшін диагностикалық маңызы бар МАНК көмегімен анықтау үшін пайдалануға болады. МАНК көмегімен ЖЖЖИ қоздырғыштарын табу үшін несепті зерттеу тиісті инфекциялардың симптомдары жоқ, гинекологиялық зерттеу жүргізуге мүмкіндік жоқ (пациенттің тексеруден бас тартуы немесе басқа себептер) ауруларда қолдану ұсынылады. Несептің бірінші порциясын кез келген уақытта жинауға болады, дегенмен кіші дәреттің таңертеңгі бірінші порциясын пайдалану ұсынылады.

Цервикалды канал.

Материал алу техникасы;

· Гинекологиялық айнаны еңгізгеннен кейін жатыр мойнының қынаптық жағынан (қынаппен жанасу мүмкіндігіне жол бермей) бөліндіні стерилді дәкелі тампонмен алады.

· Жатыр мойнының каналына 1-2 см-ге стерильді тампон (немесе арнайы щетканы) кіргізеді, бірнеше рет бұрап айналдырады, шығарып алады.

· Микроскопиялық және иммундыфлюоресцентті зерттеу үшін клиникалық материалды жұқалап әйнекше беткейіне жағады. Дақылдандыру және ПТР үшін материалды тиісті тасымалдық ортасы бар пробиркаларға салады.

· Дақылдық зерттеудің көмегімен Neisseria gonorrhоeae-ның таза дақылын бөліп алу үшін материалдан бірден арнайы қоректік немесе тасымалдық орталарға себеді, МАНК көмегімен зерттеу үшін – осындай сынамаларды тасымалдауға арналған пробиркаларға себінді жасайды.

· Қарапайым ұшық және адамдардың папиллома вирустарын зерттеу үшін материалды цервикалды каналдан алған дұрыс, дегенмен басқада локустардан (жатыр мойнының қынаптық жағынан, вульваның немесе қынаптың шырышты қабатындағы көпіршіктерден ж. т. б.) алуға да болады.


· Етеккір келген кезде және де гистерэктомиядан кейін дақылдық зерттеу үшін қынаптан алынған материалды пайдалануға болады.

· Препуберталды жастағы қыздардан клиникалық материалды жатыр майнынан алмайды.

Ынап

· Микроскопиялық зерттеу үшін клиникалық материалды Фолькман қасығымен, бактериологиялық ілмекпен (10) немесе бір рет қолданатын тампонмен қынаптың бүйірлік немесе артқы күмбездерінен алады және жұқа қабат етіп заттық әйнекшеге жағады.

· Дақылдық зерттеу және ПТР үшін материалды тиісті тасымалдық орталар бар пробиркаларға салады.

· Клиникалық бөлінділер көп болған кезде және күмәнді трихомонадалық немесе кандидозды инфекциялар болғанда клиникалық материалды қынаптың артқы күмбезінен алған дұрыс, өйткені сол жерде күмәнді инфекциялық агенттер шоғырланады. Басқа клиникалық жағдайларда клиникалық материал үлгілерін бүйіргік күмбездерден алады, ол клиникалық микробиоценоз жағдайын сенімді бағалауға мүмкіндік береді.

· Жатыр мойнының каналынан, несепшығару каналынан немесе несептен дайындалған жағындыларға қарағанда қынаптан дайындалған жағындылар МАНК көмегімен Chlamedia trachomatis, Neisseria gonorrhоeae және Trychomonas vaginalis-ті тиімді табуға мумкіндік береді.







Date: 2016-07-25; view: 394; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию