Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңының дифференциалдық және интегралдық түрлері.
Ток күшінің жұмысы және қуаты Тізбектің біртекті бөлігімен ток жүргенде электр өрісі жұмыс атқарады. Δ t уақытта тізбекпен Δ q = I Δ t заряд ағып өтеді. Қарастырып отырған бөліктегі электр өрісі атқарған жұмыс Δ A = (φ1 – φ2) Δ q = Δφ12 I Δ t = U I Δ t, (7.19) мұндағы U = Δφ12 – кернеу. Бұл жұмысты электр тогының жұмысы деп атайды. Егер тізбектің біртекті бөлігіне арналған RI = U формуласының екі жағын да I Δ t- ға көбейтсек, онда R I 2 Δ t = U I Δ t = Δ A қатынасын аламыз. Бұл қатынас біртекті тізбек үшін энергияның сақталу заңын білдіреді. Кедергісі R қозғалмайтын өткізгіш бойымен ағып өтетін I электр тогының ΔA жұмысы өткізгіштен бөлінетін ΔQ жылуға айналады: Q = Δ A = R I 2 Δ t. (7.20) Ток жұмысының жылуға айналу заңын бір-біріне тәуелсіз тәжірибе жүзінде Дж. Джоуль және Э. Ленц тағайындағандықтан, оны Джоуль–Ленц заңы деп атайды. Электр тогының қуаты деп Δ t уақытта атқарылған Δ A жұмысқа тең шаманы айтады: (7.21) БХЖ электр тогының жұмысы – Джоульмен (Дж), ал қуат –Ватпен (Вт) өлшенеді. Сыртқы тізбектегі бөлінетін энергия, толығымен немесе жартылай тек жылуға ғана емес, энергияның басқа да түрлеріне, мысалы, электрдвигателі атқаратын механикалық жұмысқа айналуы мүмкін. Ток көзінің толық қуаты, яғни, бөгде күштердің бірлік уақытта атқаратын жұмысы келесі түрде анықталады:
. (7.23) Сыртқы тізбектегі бөлінетін қуат .. (7.24) Осыдан, ток көзінің пайдалы әсер коэффициентін келесі өрнекпен анықтаймыз:
Date: 2016-07-22; view: 1447; Нарушение авторских прав |