Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Асқазан диспепсия кезіндегі диагностикалау алгоритмі
$$$067 Ер адам 40 жаста, бронх демікпесімен 10 жылдан астам ауырады. Тұрақты түрде холинолитиктер, ингаляциялық ГКС, бета-агонистер, теофиллин қабылдайды. Соңғы күндері қыжылдау, дисфагия, түнгі уақытта кеуде артындағы күйдіруді байқайтын болды. Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады? А) Кандидозды фарингит В) ЖИА, күш түсу стенокардиясы С) Көмей стенозы D) Гастроэзофагеальді рефлюксті ауру Е) Асқазанның жара ауруы {Дұрыс жауап}= D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Окороков А. Н. Лечение болезней внутренних органов: Т. 1. М.: Мед. лит., 2000) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM
$$$068 36 жасар ер адам, тамақтан кейін 1,5-2 сағаттан соң эпигастральды аймақта пайда болатын ауру сезіміне, асқазанның қышықыл бөліндісімен, жеңілдік әкелетін құсуға, қыжылға шағымданып келді. Көрсетілгендер ішінде ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қандай? А) Асқазан секрециясын зерттеу В) Асқазан рентгеноскопиясы C) Эзофагогастродуоденоскопия D) Бернштейна тесті Е) Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеу {Дұрыс жауап}=С {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., Мухин Н.И., Моисеев В.С., 2005 г.) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
$$$069 Әйел 40 жаста, жиі аш қарынға кезеңді түрде пайда болатын эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, кекіруге, іштің жоғарғы бөлігінің кернелуіне, лық толу, жайсыздық сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 5 айдан бері мазалайды, нервтік күштенуде күшейе түседі. Қан талдауында: эритроциттер 4,5х1012 /л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Жасырын қанға нәжіс теріс. Көрсетілгендер ішінде ЕҢ ықтималды болжамалы диагноз қайсысы болып табылады? А) Функциональды диспепсия В) Созылмалы гастрит С) Асқазанның жара ауруы D) Созылмалы дуоденит Е) Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы {Дұрыс жауап}=А {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., 2005 г) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM
$$$070 Ер адам 20 жаста, көбінесе түндегі эпигастридегі ауру сезіміне, қыжылдауға, құсуға шағымданады. Эзофагогастродуоденоскопияда: 12-елі ішек буылтығы тыртықты жара үрдісіне байланысты деформацияланған. Төменгі қабырғасында диаметрі 7мм, терең, жан-жағы қабынған жара анықталады. Ер адам жатақханада тұрады, бұрында дәрігерлерге қаралмаған. Көрсетілгендер ішінде қандай жүргізу тактикасы ЕҢ тиімді? А) Амбулаторлы емдеу В) Госпитализациялау С) Күндізгі стационарда емдеу D) Үй стационары Е) Оқудан үзбей емдеу {Дұрыс жауап}=В {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., 2005 г) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
$$$071 Асқазан жарасы ЕҢ жиі қайда орналасады? А) Кіші иінінде В) Үлкен иінінде С) Антрум D) Кардия Е) Қақпақша {Дұрыс жауап}=А {Күрделілігі}=1 {Оқулық}=(Окороков А. Н. Лечение болезней внутренних органов: Т. 1. М.: Мед. лит., 2000) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= ZO
$$$072 Әйел 32 жаста, кезеңді жайсыздыққа және лық толу сезіміне, эпигастральды аймақтағы кернелу сезіміне шағымданады.Көрсетілген симптомдар 6 айдан бері мазалайды. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 5х1012/л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Грегерсена реакциясы теріс. Көрсетілгендер ішінде берілген жағдайдың ЕҢ ықтимал себебі не? А) Тітіркенген ішек синдромы В) Тұз қышқылының гиперсекрециясы С) Алиментарлық ағаттық D) Helicobacter pуlori болуы Е) Асқазанның қозғалту қызметінің бұзылысы {Дұрыс жауап}=Е {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(Внутренние болезни, 2 том, Мартынов А.И., 2005 г) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM
Date: 2016-07-05; view: 546; Нарушение авторских прав |