Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Себебі, жедел профилактикасында оксалин майы қолданылады
3.+Себебі, грипптің вирусы сыртқы ортада аз тұрақты 4.Себебі, грипптің вирусы ультрафиолетті сәулелерге тұрақты. 5.Себебі; сырқаттану халықтың арнайы иммунитетіне байланысты.Науқас
540. Науқаста (нашақорда), бір ай бойы субфебрильді температура, қайталанған құсу, дене температурасы 39,5 С, ішінің бар жері ауырсынып, сұйық, көп мөлшерде, жасыл түсті, сасық иісті, патологиялық қоспаларсыз нәжістің болуы қалай диагностикаланады: 1.Жедел бруцеллез 2.Іш сүзегі 3.Безгек 4.+АИТВ - инфекция 5.Амебиаз
541. Мейірбике фурациллин ерітіндісін дайындағанннан кейін қол басының терісіне қышитын бөртпелердің пайда болуына шағымданады Қол басының терісінде жайылмалы гиперемия, ісінген көптеген майда көпіршіктер мен эрозиялар бар. Препараттың әсерін тоқтатқаннан кейін жағдайы қалпына келді. Төмендегі диагнозды дәлелдейтін жолды көрсетіңіз: 1.+Қабынулық көріністері кеткен соң тері сынамаларын қою 2.Дермографизм сипатын анықтау 3.Қөпіршіктердің сұйықтығында цитозды анықтау 4.Диаскопия 5.Эрозия бетінен жұғын-таңба алу
542. 25 жастағы науқас дәрігер-дерматологқа жыныс мүшесінде 1 апта бұрын тырналудың пайда болуына шағымданып келді. 1,5 ай бұрын бейтаныс әйелмен жыныстық қатынаста болған. Ќарағанда: жыныс мүшесінің басында дөңгелек пішінді, анық шектелген, шеті тегіс, көлемі 0,5 см эрозия байқалады. Эрозияның түбі табақша тәрізді, шикі еттің түсіндей, жылтыр, беткейінен серозды сұйықтық бөлінеді. Пальпация кезінде негізінде тығыз инфильтрат анықталады. Субъективті сезімі жоқ. Сол жақ шап лимфа түйіндері тығыз консистенциялы, қозғалмалы, көлемі орман жаңғағындай, айырсынбайды. КСР теріс мәнді. Диагнозды дәлелдеу үшін бірінші қандай зерттеу жүргізу қажет? 1.Қанның биохимиялық анализі 2.+Бозғылт трепонеманы қараңғы аймақта қарау 3.Акантолитикалық торшаларға жұғын-таңба 4.Туберкулинді сыналар 5.Уретроскопия
543. 23 жасар науқасты кешкі және түнгі уақытта үдейтін қышу сезімі мазалайды. Тексергенде: қолдың саусақ аралығында, білегінің бүгілетін беткейінде, ішінде, құйымшақта, санныѕ ішкі бетінде жұптасқан түйіншекті- көпіршікті бөртпелер, нүктелі экскориациялар байқалады. Төмендегі аталғандардың қайсысы жағдайын өзгертуі ықтимал? 1.+Бензил-бензоат 2.Сулы ќоспа 3.Ланолинді крем 4.Цинк пастасы 5.Цинк майы
544. 40 жастағы науқас 10 жылдан бері тері ауруымен ауырады. Бөрпелер шынтағы мен тізесінде, басының шашты бөлігінде орналасқан. Қысқы мезгілде бөрпелер денеге, бүкіл аяққа жайылады. Соңғы өршу 2 апта бұрын басталған. Объективті: бас терісінің шашты бөлігінде, аяқ-қол буындарының сыртқы жағында, денесінде, ақшыл-қызғылт түсті, шектелген, дөңгелек пішінді, беті күміс-ақ қабыршақпен жабылған түйіншектер байқалады. Түйіншектердің көлемі 0,2-2,0 см. Қыру кезінде үштік симптомы анықталады (стеарин дағы, терминальды қабық, қан шығы). Барлық бармақтарының тырнақтары өзгерген. Тырнық пластинкасында нүктелі ойыстар көрінеді. Оймақ симптомы оң. Субъективті: шамалы қышу мазалайды. Науқасқа қойылатын ықтимал диагноз? 1.+Вульгарлы псориаз 2.Дискоидты қызыл жегі 3.Диффузды нейродермит 4.Қызыл жазық теміретке 5.Жибердің қызғылт теміреткісі
545. Пневмониямен ауырған науқас 5 күн бойы пенициллин иньекциясын алғаннан кейін, денесінің, аяқ-қолдарының терісіне ашу және қышумен жүретін эритематозды дақ және күлдіреуік түріндегі бөртпелер пайда болды. Төмендегілердің қайсысы берілген жағдайда алдын-алу шараларына жатады: 1.Күн сәулесінің тікелей түсуінен сақтану 2.Тұссыз диетаны сақтау, №1 стол 3.+Пенициллин қолданудан сақтану, қажет жағдайда басқа антибиотиктерді қолдану 4.Санитарлы-гигиеналық ережелерді сақтау 5.Нервтік стресстардан сақтану
546. Жанұялық дәрігерге И.,есімді 13 жасар оқушы келді. Бет аймағында қатты қышитын бөртпенің пайда болуына шағымданады. Ауырғанына 3 күн болған. Ауырар алдында математикадан қанағаттанарлық баға алуынан, уайым себеб болды. Сәби кезінде диатезбен ауырған. Қараған кезде: беттерінде симметриялы орналасқан, ұсақ папула, микровезикула және нүктелі дымқыл эрозиялары бар, жедел қабынбалы ісінген эритема анықталды. Болжам диагноз: 1.Микробты экзема 2.Себореялы экзема 3.Балалық экзема 4.+Шынайы экзема 5.Кәсіби экзема
547. Псориаз кезінде терминальді қабық симптомының пайда болу генезі қандай? 1.Эпидермистің жұқаруымен қатар дерманың дәнекер тінді емізікшелерінің ұзаруы 2.Дерманың емізікшелі қабатының ісінуі 3.+Эпидерманың өсінділерінің ұзаруымен қатар эпидермистің тікенекті қабат қатарларының санының өсуі 4.Жасуша аралық катайтатын субстанцияның еруі 5.Эпидермистің тікенекті қабатының жасушалар қатарының санының азаюы
548. Бала – бақшаға баратын, 4 жасар баланы жанұялық дәрігер қарап – тексерген кезде, бетінің терісінде диаметрі 3 мм болатын, мөлдір емес және болбыр және жұқа сұр қабыршағы бар, бірнеше көпіршіктер көрінеді. Осындай бөртпелер бірнеше бала да анықталды. Болжам диагнозды таңдаңыз: 1.Дөрекі импетиго 2.Стафилококты импетиго 3.+Стрептококты импетиго 4.Герпес тәрізді импетиго 5.Қуысты импетиго
549. Ересек адамда жыныстық жолмен жұқтырған, қышыма бөртпесінің орналасуын таңдаңыз: 1.+Іштің төменгі бөлігі, санның ішкі беттері 2.Шаб және анус аймағы 3.Ірі буындардың жазғыш беттері 4.Алдыңғы аксиллярлы сызықтар 5.Емізікше және ареола аймағы
550. Науқастың алақан – білезік аймағының сыртқы жағында, қатты қышитын, симметриялы орналасқан, ұсақ папула, везикула және мөлдір тамшы түрінде ағып тұрған, бетінде серозды экссудатты эрозиялары бар, ісінген эритеманың оптималды емін таңдаңыз. 1.+1-2% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау 2.4-5% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау 3.1-2% танин ерітіндісімен күніне 1 рет сулау 4.4-5% танин ерітіндісімен күніне 1 -2 рет сулау 5.7-8% танин ерітіндісімен күніне 3-4 рет сулау
551. Гистологиялық тексеруде бұған асты лимфалық түйінде жалпақ клеткалы обырдың жасушалары анықталған. Ісіктің орналасқаның қай жерден іздеу керек? 1.Асқазан 2.Тік ішек 3.+Өңештің жоғарғы 3/1 4.Гайморова пазуха 5.Төменгі ерін
552. 57 жастағы науқасты үйде қаралды: бірнеше күн бойы тамақ ішкеннен кейін эпигастральді аймақта ауырлық сезім пайда болған және жүрек айнуды басу үшін құсуды өзіндік тудырғандығы анықталған. 5-7 кг салмақ жоғалтқан. Әлсіздік байқалады, бұрын 12 елі ішектің жара ауруымен ауырған. Физикальді қарағанда тері тургоры төмендеген, асқазан «шылпыл шуы» пайда болған. Бұл жағдайда не істеу керек? 1.Зерттеу 2.Асқазанға зонд қою, үнемі жуып отыру 3.Терапия бөліміне жатқызу 4.Хирургиялық онкологияға жатқызу 5.+Қысқа уақытты дайындықтан кейін хирургиялық стационарға жатқызу
553. Науқасты тексергеннен кейін қалқанша безінің оң жақ бөлігінің фолликулярлы обырының IIIа сатысы анықталған. Науқасқа қандай операция көлемі жасалады? 1.Экономды резекция 2.Оң жақ бөліктің субтоталды резекциясы 3.Қалқанша безінің эктирпациясы 4.Крайля операциясы 5.+Гемиструмэктомия
554. Егерде сүт безі обыры не цитологиялық, не гистологиялық верифицирленбесе, бірақта дәрігерде клиникалық сүт безі обырына күмән бар, онколог не істеуі қажет: 1.Отаалды курс терапиясын өткізеді 2.Химиотерапия тағайындау 3.Науқасты емханаға хирургтың бақылауына жіберу 4.+Сүт безіне секторалды резекция экспересс - гистологиямен 5.Бірден радикалды мастэктомия операциясын жүргізу
555. Дәрігерге бұрын тізе буынында ауыспалы ауырсынулармен ауырмаған 49 жастағы науқас қаралды. Анамнезінен: темекі тартады, құрғақ жөтел, СОЭ – 48 мм/сағ, ревматоидты пробалар оң нәтижелі, рентгенограммада: түбір аймағындағы зонада айшықталу, бірінші өкпе алаңында ортанғы бөлікте сәулелі контурлармен біркелкі емес домалақ көленкелер түзілу. Жағдайдың ең тиімді әдісін көрсетіңіз: 1.+Шайындыларды цитологиялық зерттеумен бронхоскопия 2.Туберкулинді пробалар 3.Буындардың пункционды биопсиясы 4.Өкпе томографиясы 5.Өкпе рентгенографиясы
556. 67 жастағы науқасқа 1 жыл бұрын астыңғы ерін рагы бойынша операция жасалған. Қайта қарау кезінде рецидив анықталды. Науқас қандай клиникалык топқа жатады? 1.I 2.+II 3.III 4.IV 5.II б
557. Эндоскопиялық зерттеуде тік ішектің полипі анықталды, аяқшасы бар, көлемі 1,5 см, I клин. топ. Дәрігердің тактикасы қандай? 1.Динамикада бақылау 2.Радикалды операция 3.Симптоматикалық терапия 4.+Эндоскопиялық полипэктомия 5.Химиосәулелік терапиян
558. 52 жаста5ы науқаста сүт безі рагының III сатысы. 2 жыл бұрын комплексті ем алған. Бақылау қарау кезінде өкпеде метастаз анықталды. Дәрігердің тактикасы қандай? 1.3 айдан кейін бақылау қарау 2.1 жылдан кейін бақылау қарау 3.+Симптоматикалық емге жіберу 4.Радикальді хирургиялық ем 5.Паллиативтік операция
Асқазан обырымен ауратын науқасты IYст.Т3N2М1, өкпеге метастаз берген, канцероматоз симптоматикалық емге жеберілген? Науқас қандай клиникалык топқа жатады? Симптоматикалық ем жүргізілетін қатерлі ісіктермен ауыратын науқастар қандай клиникалық топқа жатады? 1.I 2.II 3.III 4.+IV 5.I а
560. Тоқ ішектің көкбауыр бұрышының обырымен ауратың науқасқа 2 жыл бұрын гемиколонэктомия жасалған. Рецидивпен метастаздар жоқ. Дәрігердің тактикасы қандай? 1.+Динамикада бақылау 2.Радикалды операция 3.Симптоматикалық терапия 4.Эндоскопиялық полипэктомия 5.Химиосәулелік терапия
561. Науқас шағымы: тыныс алуының қиындауы, мұрын аймағының ауырсынуы, дене қызуының 37.0 С көтерілуі. Бұл симптомдар үш күн бұрын мұрын жарақатынан кейін пайда болған, мұрынынан қан кеткен. Объективті: мұрын пердесі аймағының жұмсақ тканьдер инфильтрациясы есебінен мұрын жолдарының таралуы. Зонттау кезінде инфильтрат орталығының флюктуациясы байқалады. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады? 1.+Мұрын пердесінің іріңдеген гематомасы 2.Мұрыннан қан кету гипертраниялық ауру 3.Мұрын сүйектерінің жабық сынуы, мұрыннан қан кету 4.Мұрын қуысының бөгде заттар 5.Мұрын пердесінің қансыраған полипі
562. Мұрынның су аққаннан кейін науқаста сол жақ мұрында ісіну, қызару және мұрын терісінің ауырынуы болды. Ауырсыну тіске, самай аймағына, сол жақ көзге берілді, t – 38 С. Объективті: сол жақ мұрын қанатында шектелген, ортасында іріңдігі бар ашық қызыл түсті ісіну көрінеді. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады? 1.+Мұрын фурункулы 2.Полипозды риносинусит 3.Созылмалы гипертрофиялы ринит 4.Созылмалы атрофиялық ринофарингит 5.Сол жақтық гемисинусит
563. Науқас 36 жаста. Сол жақ мұрын қанатындағы фурункулдың іріңдігін жарғаннан кейін жалпы жағдайы нашарлады. Күшті қалтырау, терлеу, гектикалық температура, қатты бас ауруы пайда болды. Жергілікті мұрын қанаты айналасында, инфильтрат бар жерде ісінуі байқалады. Ол сол жақ бет және ерін аймағына таралған. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады? 1.Мұрын фурункулы 2.+Кавернозды синус тромбозды, риногенді сепсис 3.Полипозды риносинусит 4.Созылмалы атрофиялы ринофарингит 5.Сол жақты гемисинусит
564. 4 жастағы баланың мұрын демалысы қиындады, ауызбен демалады. Объективті: бала бозарған, аузы ашық, ауыз-мұрын қосылысы айқын емес. Қатты таңдай жоғары көтерілген, маңқаланған. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады? 1.Бадамша безінің гипертрофиясы 2.Есту түтігі безінің гипертрофиясы 3.Жұтқыншақ арты іріңдігі 4.+Аденоид 5.Паратонзиллярлы іріңдік
565. Науқастың шағымы: маңдай мен бетінің сол жақ бөлігінің ауруы, басының ауруы, мқрынның ағуы. Объективті: риноскопияда сол жақ мұрын қуысының шырышты қабатының инфильтрациясы гиперемиясы, ортаңғы мұрын жолының іріңді бөліністер. Пальпацияда: жоғарғы жақ қуысы аймағы мен сол жақ қас үсті аймағындағы ауырсыну анықталады. Рентгенге түсіргенде: мұрын қосалқы қуыстарының оң жақ гаймор және маңдай қуысында қараңғылау. Аталған диагноздардың қайсысы аса ықтимал болып табылады? 1.Жедел ринит 2.Кавернозды синустромбозы, риногенді сепсис 3.Созылмалы гипертрофиялы ринит 4.Созылмалы артрофиялы ринофарингит 5.+Сол жақты гемисинусит
566. Науқас әйел адам 40 жаста соңғы 9 ай ішінде естудің нашарлауына шағымданды. Анамнезінде тәулігіне стрептомициннің 1 000 000 ӘБ инъекция қабылдаған. Емдеу барысында естудің нашарлауы мен жоғары деңгейдегі шуылы байқалған. ЛОР ағзаларын қарап тексергенде патологиялық өзгерістер анықталмаған. Естуді тексеру барысында естуді қабылдау типі бойынша бұзылысы анықталды. Осы патология бойынша құлақта қандай патологоанатомиялық өзгерістер бар? 1.Дабыл қуысының ішкі қабырғасында фиброз дамыған, лабиринт терезелерінің тығыздалуы 2.Дабыл жарғағының, қуысының, фистулының, көлденең жартылай айналмалы каналдың қабырғаларының бойында сүйек диструкциясы пайда болады 3.+Кортиев мүшесінде, жүйке талшықтарында және спиралды ганглийлердің жасушаларындағы дегенеративті өзгерістер 4.Лабиринттің сүйекті капсуласы спонгиозды тінмен алмастырылады, бұл үрдіс қозғалмалы үзеңгі сүйекшенің және домалақ байламға таралады. 5.Эндолимфалық қапшыққа судың жиналуы (гидропс)
567. Науқаста келесі отоскопиялық көрініс байқалады: гиперемия, дабыл жарғағының ісінуі, нүктелік перфорация, пульсті рефлекс. Қандай ауру айқын көрінеді? 1.Құлақ фурункулы 2.Созылмалы мезотимпанит 3.Созылмалы эпитимпанит 4.Жедел катаральды отит 5.+Жедел іріңді ортаңғы отит
568. Бала 5 жаста ұйқысы бұзылған, жөтел ұстамалары мазалайды, жиі баспамен, ортаңғы отитпен ауырады. Қараған кезде аузы ашылған, бұрыс тістүйіс, бозарған. Қандай ауру туралы айтуға болады қандай ем тиімді? 1.Созылмалы ринит, консервативтік ем 2.І дәрежелі аденоидтар, хирургиялық ем 3.ІІ дәрежелі аденоидтар, консервативті ем 4.+ІІІ дәрежелі аденоидтар, хирургиялық ем 5.ІV дәрежелі аденоидтар, консервативті ем
569. Бастың ауруына, мұрындағы іріңді бөліністерге, мұрын арқылы тыныс алудың қиындауына науқас шағымданады. Алдыңғы риноскопия кезінде мұрын шырышты қабаты қызарған, мұрын жолдары тарылған, жоғарғы мұрын жолында ірің бар. Зақымдануларға ұшырауы мүмкін қойнаулар? 1.Негізгі және маңдай қойнауы 2.Маңдай және жоғарғы жақ қойнауы 3.+Негізгі және торлы лабиринттің артқы клеткалары 4.Жоғарғы жақ қойнауы, торлы лабиринттің артқы клеткалары 5.Негізгі және жоғарғы жақ қойнауы
560. 19 жасар науқас оң құлақтағы ауырсынуға, есту қабілетінің төмендеуіне, бет асимметриясына шағымданады. Өзін бір апта бойы ауырған деп санайды, қатты тоңғаннан кейін. Кеше беттің оң жағынан асимметриясы пайда болды. Объективті: оң жақ дабыл жарғағы қызарған, шығыңқы. Бет асимметриясы күрт айқындалған, оң жақ көзін жабалмайды, ауыз бұрышы төмен түскен. Сіздің диагнозыңыз? және қандай асқынуы байқалады? 1.+Оң жедел ортаңғы отит. Бет жүйкесінің оң отогенді перифериялық парезі. 2.Оң жедел ортаңғы отит. Мастоидит. 3.Оң жедел ортаңғы отит. Лабиринтит 4.Оң жедел ортаңғы отит. Ми абсцессі 5.Оң жедел ортаңғы отит. Мишық абсцессі
561. Балалар бақшасына баратын 4 жастағы қыз балада жедел вирусты инфекция анықталды.Науқас басталғаннан соң 3 күннен кейін сол көзге,одан бір күннен кейін оң көзге шағымданған.Ата анасы баланы жанұялық дәрігерге әкелген. Объективті: айқын көзден жас ағу,жарыққа қарай алмау,блефароспазм. Кабақ пен көз алмасының конъюнктивасы ісінген,қызарған, нүктелі қанқұйылыстармен, оның бетінде – жабынды тәрізді бөліністер (жеңіл алынады).Қасаң қабықта нүктелі инфильтраттар.Болжама диагноз қойыңыз және өз шешіміңізді түсіндіріңіз. 1.Жедел эпидемиялық конъюнктивит; себебі, конъюнктивада қанқұйылыстар бар 2.Жедел бактериалды конъюнктивит;конъюктивада қызару бар 3.Гонобленнореялық конъюнктивит;себебі қасаң қабық синдромы және бөліністер бар 4.+Екі көзде пневмококкты конъюнктивит;себебі конъюктивада жеңіл алынатын жабындылар бар 5.Хламидиялық конъюнктивит;асқынулар бар- қасаң қабық синдромы және кератит.
562. Ер адам 28 жаста.2 жұма бұрын басынан соққы алған.Қазір оң көзінің соңырлығына шағымданады.Сырттай көзде өзгерістер жоқ.Көздің оптикалық орталыры мөлдір.Көз түбінде көру нервісінің дискісі ақшыл түсті,шекарасы анық,қан тамырлары тарылған.Басқа көз түбінде басқа өзгерістер жоқ.Сол көзде - диск қызыл түсті,қан тамырлары,тор қабат өзгермеген.ОҢ көздің көру өткірлігі дұрыс жарық сезгіштікке тең.Сол көздің көру өткірлігі бірге тең. Диагноз қойыңыз. 1.ОД-Жарақаттық нейрооптикопатия 2.ОД -Жарақаттық ишемиялық нейрооптикоопатия 3.ОД-Көру нервісінің жарақаттық екіншілік семуі 4.+ОД-Көру нервісінің жарақаттық біріншілік семуі 5.ОД-Көру нервісінің жартылай жарақаттық семуі
563. ЖҰА оң көзінің темір жарықшасымен жарақатталған науқас келді. ЖДА-ға металлдың ұшқынынан оң жақ көзі зақымдануына шағымданды. Объективті: ОД – склераның аралас инъекциясы,көру өткірлігі 0,05. Қасаң қабықта 12 сағатта жара бар. Шатыраш қабықта бөгде зат көрінеді. Алдыңғы камера түбінде 3 мм қан деңгейі бар. Диагноз қойыңыз, өз шешіміңізді түсіндіріңіз. 1.ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты,себебі қасаң қабықта жара және аралас инъекция бар 2.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты,себебі қасаң қабықта жара және гифема бар 3.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты,себебі қасаң қабықта жара және гипопион бар 4.+ОД-Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты, себебі шатыраш қабықта бөгде дене бар 5.ОД- Қасаң қабықтың өтпелі жарақаты, себебі көздің көру өткірлігі 0,05 дейін төмендеген
564. Жанұялық дәрігерге 35 жастағы ер адам оң көзінен жас ағатынына шағымданып келген.Сырттай қарағанда көз жағынан өзгерістер жоқ.Жас қалтасын басқанда,жас нүктесінен бөліністер жоқ.Колларгол сынамалары теріс.Болжама диагноз қойыңыз және оны дәлелдеңіз. 1.Жас нүктелерінің тарылуы,себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс. 2.+Жас өзектерінің бітелуі, себебі өзекше және мұрын сынамалары теріс. 3.Созылмалы дакриоаденит,себебі жас нүктелерінен бөліністер жоқ. 4.Созылмалы дакриоцистит,себебі көзден жас ағатына шағымданады. 5.Жас-мұрын өзегінің тарылуы,себебі көзден жас ағатынына шағымданады.
565. Бірнеше күн бұрын қасаң қабықтан беткей бөгде алынған. Оған дейін көзінен жас ағатын. Бір күннен соң жарақат алған көзден жас аға басталады. Тағы бір күннен кейін көзде ауырсыну,көзден жас ағу,қабақтарын аша алмау байқалды. Объективті: көзде перикорнеалды инъекция,қасаң қабықтың ортасында бір қыры көтеріңкі, түбі сары түсті ақау бар. Қасаң қабықтың беті флюоресцейінмен боялады. Шатыраш қабықтың түсі өзгерген,суреті анық емес,алдыңғы камераның түбінде 2 мм ірің деңгейі бар. Жас қалтасын басқанда жас рүктесінен ірің бөлінеді. Диагноз қойыңыз. 1.Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,гипопион,созылмалы дакриоцистит 2.Қасаң қабықтың іріңді жарасы, іріңді дакриоцистит, иридоциклит 3.Қасаң қабықтың іріңді жарасы,іріңді дакриоцистит, іріңді иридоциклит 4.+Қасаң қабықтың жылжымалы жарасы,созылмалы дакриоцистит, іріңді иридоциклит 5.Іріңді кератоиридоциклит, созылмалы дакриоцистит
566. Науқасқа көзіне тиген соққыдан кейін қарашығы сұр түске боялып, көруінің төмендегеніне шағымданады. Қандай себеп аса ықтимал. 1.Склераның бұлыңғырлануы 2.Қасаң қабықтың бұлыңғырлануы 3.Алдыңғы ұңғыл ылғалының бұлыңғырлануы 4.Тор қабықтың бұлыңғырлануы 5.+Шыны тәрізді дененің бұлыңғырлануы
567. Бауыр циррозымен ауыратын науқас, ымыртта көруінің төмендегеніне шағымданады. Қандай себеп аса ықтимал. 1. В 12 витаминін сору бұзылу салдарынан болған гемералопия 2.+«А» витаминін нашар сіңіру салдарынан болған гемералопия 3. Тор қабық пен көру нерві перифериясының органикалық зақымдануы 4. Көру нервісінің органикалық зақымдануы 5. Макуланың көру нервісінің органикалық зақымдануы
568. 35 жасар еркек жарықтан қорқу, ауырсыну, 2 күн бойына оң жақ көзінің көру өткірлігінің төмендегеніне шағымданады. Объективті: OD/OS= 0.4/1,0 КІҚ OD=18 мм.сн.бғ. КІҚ OS=20мм.сн.бғ. OD аралас инъекция, алдыңғы ұңғыл ылғалдығы бұлыңғырланған, қарашық тарылған, жарыққа деген реакциясы солғын, нұрлы қабық былғаныш реңкті, суреті өзгерген.Оптикалы орта және көз түбі қалыпты. OS- сау 1.Кератит 2.+Иридоциклит 3.Коньюнктивит 4.Витреит 5.Эписклерит
569. Жалпы практиканың дәрігері қандай бөгде денелерді алып тастай алады 1.+Конъюнктивада немесе қасаң қабық эпителиінде орналасқан бөгде денелерді 2.Қасаң қабықтың қабаттарының тереңдігінде орналасқан бөгде денелерді 3.Алдыңғы ұңғылда орналасқан бөгде денелерді 4.Көздің ішінде орналасқан бөгде денелерді 5.Көздің сыртында орналасқан бөгде денелерді
$$$053 34 жастағы ер адам, электрик, шынтақ, балтыр-табан, тізе, кәрі жілік-білезік, саусақ аралығы буындарының домбығуы мен ауыруына шағымданады. Саусақ аралығы буындары жуандаған, қимылдары шектелген, оң жақтағы балтыр-табан буындары қимылсыз. Жіліншік пен білезіктің бұлшық еттерінің айтарлықтай семгендігі байқалады. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2 ×1012/л, HB – 92 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 4,3×109/л, ЭТЖ – 58 мм/сағ. Рентгенографияда – узурация, шығулар, оң жақтағы балтыр-табан буындарының анкилозы анықталады. Көрсетілген болжамды диагноздардың қайсысы ең ықтималды диагноз болып табылады? A) Остеоартрит B) Бруцеллездік артрит C) Подагралық артрит D) Ревматоидты артрит E) Ревматикалық артрит {Дұрыс жауап}=D {Күрделілігі}=2 {Оқулық}=(А.Н. Окороков. Диагностика болезней внутренних органов. Т.2. Ревматические болезни. Витебск. - 1998) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= FM
$$$054 36 жастағы ер адам, жүргізуші болып жұмыс істейді, қимылдың бөгелгіштігі мен омыртқа қимылының шектелуі, омыртқаның бел және төменгі кеуде бөлігіндегі түннің екінші жартысында және таңға жуық күшейетін біркелкі дәрежедегі ауыру шағымдарымен клиникаға жатқызылды. 20 жасынан бері «радикулиттен» зардап шегеді. Невропатологтың емі нәтижесіз болған. Тері жамылғылары бозарған. Физиологиялық бел лордозының тегістігі, арқа және бөксе бұлшық еттерінің гипотрофиясы анықталған. Шобер (2 см), Томайер (20 см), Кушелевсий симптомдары оң. Емдеуді көрсетілген препараттардың қайсысынан бастау ЕҢ тиімді болып табылады? A) Метотрексат B) Диклофенак C) Преднизолон D) Азатиоприн E) Аллопуринол {Дұрыс жауап}= B {Күрделілігі}=3 {Оқулық}=(Насонов Е.Л. Клинические рекомендации.Ревматология.- М. 2005.) {Курс}=7 {Семестр}=14 {Тест тапсырушының болжамды білімі}= PA
Date: 2016-07-05; view: 1029; Нарушение авторских прав |