Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физикалық география 6 класс 4 page





Билет

Принциптер мен ережелер туралы ұғым. принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері - мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде жақсы табыстарға жетеді.

Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше, оқытудық ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоцци оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудық халықтық сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.

1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты, құралды таңдауға негіз болатын ой.

А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудық өмірмен және қоғамдық еңбекпен байланысы; жас ерекшелігі принципін сақтау; оқытудық белгілі бір жас кезеңіндегі оқушылардың даму деңгейіне сәйкес болуы (оқушылардың күш жігерін дамуға жұмсау, жұмыстың жүйелілігі, шығармашылық - қызығушылықтың басты негізі); пән мазмұнының ерекшеліктерін, әдістерін аньщтау. Ол "Оқыту принципін дидактиканың түғырлы ережелері, оқыту процесіне қойылатын негізгі талаптар" - деп тұжырымдалады

Н.Медынский ұсынған принциптер: ғылым негіздерін жүйелі меңгеру; білімді саналы меңгеру; теорияның тәжірибемен байланысы; тәрбие беретін оқыту; оқыту әдістерінің алуан түрі; жалпы және политехникалық білімі.
В.Е.Гмурман ұсынған принциптер: оқытудық саналылығы және белсенділігі; оқытудық көрнекілігі; оқытудық жүйелілігі; ғылым негіздерін берік меңгеру

Талданған оқытудық принциптері оқушыларға берік, жүйелі білім беруге бағытталды.

Оқыту принциптерін аталған педагогтардан басқа М.А.Данилов, М.Н.Скаткин зерттеді.

Зерттеу қорытындылары бойынша И.П.Подласый, Т.Сабыров, т.б. оқыту принциптерінің шарттарын анықтады.
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік, бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі сияңты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі ережелерді қолдануы арқылы орындалады

Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне, өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы жүзеге асады.

Оқыту принциптері – жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеу мақсатына сәйкес, оқыту сипаттарын белгілейтін негізгі жетекші ережелер. Негізгі оқыту принциптері: теория мен практиканың байланысы; тәрбиелік; ғылымилық; жүйелілік; саналылық пен белсенділік; көрнекілік; түсініктілік: Ережелер — белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін жалпы принциптерге негізделген педагогикалық іс-әрекет бейнесі. Әдетте, оқыту ережесі қандай да бір оқыту принципін жүзеге асырудың жекелеген жақтарын ашып көрсететін жетекші қағидалар болып табылады. Оқыту ережелері педагогиканың теория иерархиясында төменгі сатыда орналасады. Бұл теориядан практикаға өтетін бөлік болып табылады. Ережелер оқыту принциптерінен шығады. Принциптер оқыту ережелері арқылы жүзеге асырылады. Ежелден-ақ педагог-ғалымдар ұстаным барысында жоғары және берік нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін оқытудың жалпы принциптерін аныктауға ұмтылды.

Беріктік принципі оқу материалына оң қатынасты, қызығушылықты қалыптастыру қажеттілігін көрсетеді. Материал берік меңгерілу үшін оқушының интеллектуалдық, танымдық белсенділігін арттырып, жаттығулар мен қайталаулар ұйымдастырып, жекелеген ерекшеліктерін ескеруді ұйымдастыру қажет. Сонымен бірге материалды бөліктерге боліп, негізгісін анықтау, логикалық байланыстарды ашу, жүйелі бақылау, тексеру мен бағалау арқылы жүзеге асарылады. Ғылымилық принципі оқушыларды ғылыми фактілермен, теориялармен, заңдармен таныстырып, олардың ғылыми ізденіс элементтерін, ғылым әдістерді меңгеруі арқылы орындалады.

Жүйелілік пен бірізділік принципі. Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның бІлімі толық жәңе шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға жеткізгенде, олардың санасыңца ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және әрбір оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; оқушыларды логикалық ойлауға үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз, кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз байланыста болғаңдықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс. Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді назарға алады....

Оқытудық бірізділігі және жүйелілігі. Бұл принциптің ғылыми ережесі: оқушының білімі берік болу үшін оның санасында қоршаған дүние жақсы бейнелену керек. Ол үшін ғылыми білімдер жүйелі және оқушылардың танымдық мүмкіндіктеріне қарай беріледі. Жеке бөліктерден тұратын оқыту процесі оқушылардың білімді меңгеруіне көмектеседі. Дағдыларды қалыптастыру үшін жаттығулар, ақыл-ой тәрбиесін беру үшін қисынды ойлау тәсілдерін талап ететін жұмыстар жүргізіледі. Әйтпесе дағды жойылады, оқушы дұрыс ойлай алмайды, дамуы нашарлайды.

Шарттары:
• оқушыларға білімді меңгерту үшін сызбаларды қолдану. Оқу материалын бөліктерге бөліп, оларды рет-ретімен түсіндіру;
• оқыту мазмұнындағы, тәсілдеріндегі жүйені бұзбау;
• пәнаралық байланыс тұрақты түрде қолдану;
• оқушылармен бірге тірек-конспектілерін, сызбасын жасап, білімді есте сақтауды жеңілдету;
• бұрынғы оқығандарды жиі қайталаттыру;
• өткен материалдарды сабақтың басында, бекіту кезінде, жеке сұрақтарды түсіндіргеннен кейін қайталаттыру;
• материалға ой-пікірлерді жасанды түрде енгізбеу;
• оқушылардың өз ойларын қалай айтатынын қадағалау;
• баланы өздігінен жұмыс істеуге үйрету, көмектесу;
• оқушылардың білетіндерін айтқыза бермей, тек сабаққа қатыстыларын айтқызу. Әркімге белгілі әңгімелерді айта бермеу;
• жүйелі білім қисынды, сезімді талап ету;
• бар күш-жігеріңізбен, шабытпен оқытып, өмірден, әдебиеттен айшықты мысалдар келтіру;
• пәнді, бөлімді оқып болғаннан кейін міндетті түрде қорытынды-жүйелеу сабақтарын өткізу;
• оқушылардың қателерін әдеппен түзету;
• оқушыны өз қатесін талдауға үйрету;
• оқушылардың даму заңдылықтарын, ақыл-ой белсенділігін көтеру жолдарын білу;
• баланың жасы мен қабылдауын ескеріп, тапсырмалар беру;
• жүйелі білім есте жақсы сақталады.

18. БИЛЕТ

Физикалық-географиялық аудандастыру - ландшафтарды жүйелеудегі әдістердің бірі, ландшафтардан неғұрлым жоғары дәрежедегі ірілендірілген аумақтық жүйелерге өтуге саяды (ландшафтық аймақ, физикалық- географиялық елдер, секторлар, белдеулер және т.б.)

Қазақстанның кең-байтақ жерінің табиғаты алуан түрлі, бір-бірін қайталамайтын табиғат кешендерінен тұрады. Қазақстанның аумағы екі дүние бөлігін (Еуропа және Азия) біріктіріп жатыр. Осыған сәйкес, қайталанбас көркем табиғатымен, үлкен массивті құрылымдармен, жазира даласымен, қарлы биік тауларымен, құрғақ климатымен, теңіз деңгейінен төмен жатқан ойыстармен, күрделі геологиялық құрылысымен, ежелгі географиялық тарихымен, мол табиғат байлығымен өзара ерекшеленетін байтақ елімізді мынадай ірі тоғыз физикалық-географиялық кешендерге бөлуге болады:

Шығыс Еуропа жазығы;

Солтүстік Қазақ жазығы;

Тұран жаззығы;

Орал;

Сарыарқа;

Алтай;

Жетісу Алатауы;

Сауыр Тарбағатай;

Тянь-Шань.

Физикалық-географиялық аудандардың жопары:

1.Географиялық орны

2.Геологиялық құрылыс мен жер бедері

3.Пайдалы қазбалары

4.Климаты

5.Өзендері мен көлдері

6.Табиғат зоналары. Өсімдіктері мен жануарлары

Шығыс Еуропа жазығы - Жер шарындағы ең ірі төбелі жазық. Қазақстанға Шығыс Еуропа жазығының оңтүстік-шығыс бөлігі кіреді. Шығыс Еуропа жазығының құрамына еліміздің аумағындағы Каспий маңы ойпаты, Жалпы Сырт қыраты, Жем үстірті кіреді. Қазақстанға Тұран жазығының солтүстік бөлігі кіреді. Тұран жазығы Қазақстанның оңтүстік батысынан шығысына дейінгі кең алқапты алып жатыр. Жазықтың аумағына Маңқыстау,Үстірт, Арал маңы, Сырдария, Қызылқұм, Мойынқұм, Балқаш - Алакөл аймағы кіреді.

Солтүстік Қазақ жазығы Қазақстанның солтүстігін алып жатыр. Солтүстік Қазақ жазығы Орал тауынан Алтай тауларына дейінгі 200 -250 шақырымды алып жатыр.

Тұран жазығы – Орталық Азиядағы кең жазық аумақ. БатысындаКаспий теңізімен, шығысында Сарыарқаның батыс бөлігімен, солтүстігінде Торғай үстірті, оңтүстік-шығысында Тянь-Шаньсілемдерімен, оңтүстігінде Қызылқұм шөлімен шектеседі.

Қазақстанда Орал тауының оңтүстік бөлігі - Мұғалжар тауы орналасқан. Тау Жаманқаланың (Орск) тұсынан басталып, солтүстіктен оңтүстікке қарай созыла орналасқан, ұзындығы - 450 км, ені 30 км, орташа биіктігі 450-500 м. Ең биік нүктелері - Үлкен Боқтыбай (657 м), Айрық (633 м). Тау Орал тауының жалғасы болып табылады. Ол экзогенді процестер әсерімен мүжіліп, аласарған таулардың қатарына жатады.

Сарыарқа - Қазақстанның орталығын алып жатқан аласа таулы өлке. Сарыарқа Баянауыл, Кент, Қарқаралы, Қызыларай сияқты таулардан тұрады. Олардың ең биігі Қызыларай тауы, себебі онда Сарыарқаның ең биік нүктесі Ақсораң орналасқан.

Алтай тауы Жайсаң көлінен басталып, Байкал көліне дейінгі аралықты алып жатқан Алтай Саян тау жүйесінің бір бөлігі. Алтай тауының ең биік шыңы Ресей жеріндегі Мұзтау болып саналады, оның биіктігі 4506 м, ол Қатын жотасының шығысында, Қазақстан мен Алтай өлкесінің шекарасында орналасқан.

Жетісу Алатауы еліміздің оңтүстік шығысында орналасқан таулы өлке. Жетісу Алатауы Алакөл қазаншұңқыры мен Іле өзені аңғары аралығында орналасқан.

Сауыр-Тарбағатай Жайсан ойпатының оңтүстік шекарасы Сауыр мен Тарбағатай тау жүйесіне тіреледі. Бұл жермен Қытай-Қазақстан шекарасы өтеді. Жайсан көліне жақын жатқан Сауыр таулары Қытайдан, Улюнгур көлінің батыс жағынан басталып, терең тілімделген үлкен қазаншұңқырды жағалай шығыстан батысқа қарай созылады. Қазаншұңқырдың оңтүстік беті - Қоңыр тауы Қытай жерінде. Қазаншұңқыр кезінде тектоникалық қозғалыстардан пайда болған. Ол Жайсан көлінің оңтүстік шығысында орналасқан Шілікті қазаншұңқырымен жалғасады. Сауыр жотасының солтүстік етегі Жайсан көлі мен Қара Ертіспен бітеді, оңтүстік беті Шілікті даласына тіреледі. Сауыр сияқты Тарбағатайдың да Қазақстанға батыс бөлігі (Хабарасу асуынан Аягөз өзенінің аңғарына дейін) ғана кіреді. Шығыс бөлігінің оңтүстік беткейі Сауырмен жалғасқан жерінен Хабарасуға дейін Қытай жеріне қарайды. Таудың жалпы ұзындығы 300 км, ені 30-50 км. Батысында ол Шыңғыстаумен (ұзындығы 250 км) жалғасады. Тарбағатай (Барқытбел) бірнеше аласа таулар түрінде Сауырмен іргелес созылып жатыр. Олардың арасын Қандысу, Жоғарғы Еміл (Қытайжерінде) өзендері бөліп жатады.

Тянь-Шань тауы Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатыр. Тянь Шань сөзі қытай тілінен аударғанда «Тәңір шыңы, Аспан тау» деген мағына береді. Павлодар облысының күңгірт қара топырақты ауданын қамтиды.

 

Date: 2016-07-05; view: 549; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию