Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Физикалық география 6 класс 1 page





р/с Тарау Тақырыптар Сағат саны Сарам. жұмыс Күнтізбе мерзімі Негізгі білім және біліктілік Нәтижесі Үй тапсырмасы
    Кіріспе. Физикалық география - Жер табиғаты жайындағы ғылым.       География білімінің мақсаты мен құраламын білу. Негізгі түсініктер мен ғылыми болауын біліп игеру. § 1 4-5 бет
    Жер туралы мәліметтер қалай жинақталды?       Жер туралы білімнің даму кезеңдерін жоспарлы түрде білу. Карта мен глобус жасаған - Птоломей Бехайм еңбектерін білу. § 2 6-10 бет
  І Жер - Күн жүйесінің планетасы. Жердің Күн жүйесіндегі орны.       Жер-күн жүйесінің бір планетасы.Жер пішін-ң жылу белдеулерінің қалыптасуына әсері. Жылу белдеулерінің қалыптасуына Күн сәулелерінің түсу бұрыштарының әсерін білу. § 3 11-12 бет
    Жер пішіні мен мөлшері.       Жердің пішіні мен мөлшерін білу Жер пішіні мен мөлшері жөніндегі ғалымдардың еңбегі. § 4 13-14 бет
    Жердің өз білігінен айналуы және оның географиялық мәні. Жердің Күнді айнала қозғаласы және оның географиялық мәні.       Не себепті тәулік және жыл мезгілдері ауысатынын білу Жер білігі орналасуын жыл мезгілдерінің ауысып отыруына әсері § 5-6 15-18 бет
  ІІ План және карта Жергілікті жерде бағдарлау       Кабинетте: бағдарлау, азимутты, көкжиек тұстарын анықтау. Компас арқылы жұмыс істеу, жергілікті оъект-мен бағдарлай білу. § 7 19-20 бет
    Жер бетінде қашықтықты өлшеу. Қашықтықты қағаз бетіне белгілеу. Масштаб.       § 8 21-23 бет
    Жергілікті жердің планы. Жергілікті жердің қарапайым планын түсіру.       Жергілікті жер планы дегеніміз не? Шартты белгілері. Топографиялық диктант өткізу. § 9-10 24-30 бет
    Глобус. Глобустан картаға көшу       Глобус, карта, параллельдер мен меридиандар. Ендік, бойлық, градус ұғымдарын білу. Карта мен глобустың айырмашылығы. § 11-12 31-35 бет
    Түрлі карталарды меридиандар мен параллельдердің бейнелену ерекшеліктері.       Географиялық нысандарын анықтап, көрсете алу. § 13 36-37 бет
    Карталарды мазмұнына және масштабына қарай жіктеу.       Карталардың топтары, онда биіктікті, тереңдікті белгілеу тәсілдері. Картаны оқи білу. Биіктікпен тереңдік шкаласымен жұмыс істей алу. § 14 38-39 бет
    Ұсақ масштабты жалпы географиялық карталарда жер бетінің бейнелануі. Географиялық картаны жергілікті жердің планымен салыстыру.       Карталардың негізгі топтарын білу. Тематикалық және жалпы географиялық карталар маңызын білу. Жергілікті жер планы және картаның ерекшелігін айыра білу. Кескін картамен жұмыс істей білу § 15-16 39-43 бет
    План және карта Сарамандық жұмыс   №1        
  ІІІ Жер қабықтары. Литосфера. Жердің құрылысы. Литосфералық тақталар туралы ұғым.       Жер қабаттарының сыртқы түрлерін білу. Литосфера плиталарымен жер қыртысының бір бөлігі. Жер құрылысының сызбасын білу, оның қабықтарын қысқаша сипаттау. § 17-18 44-48 бет
                 
    Жер қыртысын түзетін тау жыныстары. Бақылау жұмысы       Жер қыртысының қозғалу себептерінің, сейсмикалық аймақтарын кескін картаға түсіру. Тау жыныстарын, жер сілкіну себептерін біліп, сызбасын жасау. § 19 48-50 бет § 20 51-54 бет
    Жер қыртысының қозғалысы. Жер сілкінуі.      
    Жанартаулар, ыстық бұлақтар, гейзерлер       Жанартау пайда болу себеп-салдарын дәлелдеу. Жанартаудың құрылысын суретпен түсіндіру. К/к түсіру § 21 54-57 бет
    Таулар. Таулардың биіктігіне қарай бөлінуі. Таулардың пайда болуы. Қатпарлы және қатпарлы - жақпарлы таулар. Таулардың өзгеруі.       Негізгі түсініктерді білу. Тауларды биіктігіне қарай топтастыру. Тауларды картадан көрсету. Кескін картаға түсіру. § 22-23 57-62 бет
    Жазықтар. Жазықтардың пайда болуы және өзгеруі.       Жазық, жазықтық түрлерін білу. Жазықтарды тауып сипаттай білу. Жоспар бойынша географиялық орнын сипаттау. § 24 63-66 бет
    Мұхит түбіндегі таулар мен жазықтар. Жер бетін шаруашылыққа пайдалану және қорғау.       Мұхит түбінің жер бедерін білу. Мұхит түбінің қимасын 44-сурет 67- беттеноқып, жасай білу. § 25-26 67-71 бет
    Литосфера. Сарамандық жұмыс. №2   №2        
    Атмосфера. Атмосфераның құрамы мен құрылысы.       Атмосфера құрамын, құрылысын білу. Жердегі тіршілікті сақтауда атмосфераның маңызын білу. § 27 72-76 бет
    Атмосфералық қысым       Атмосфералық қысымды өлшеу мөлшері, өлшейтін аспап, онымен жұмыс істеу, қысымды анықтап үйрену. Қысымның биіктікке байланысты өзгеретінін білу үшін кесте сызу. § 28 76-79 бет
    Ауаның температурасы       Ауаның ылғалдануы температураға байланысты еркін білу. Температураға байланысты ауа ылғалдылығының өзгеру мөлшерін есептей білу. § 29 79-82 бет
    Ауадағы су буы.       Ауаның құрамын білу. Ауаның құрамын талдай алу. § 30 83-85 бет
    Тұман және бұлт. Атмосфералық жауын - шашын       Жауын – шашынның пайда болуы, оның түрлері. Тұман және бұлт түрлерін ажырата білу § 31 - 32 86-90 бет
    Жел.       Желдің пайда болу себептерін білу. Желдің пайда болу себептерін анықтай алу. § 33 91-93 бет
    Ауа райы.       Ауа райы, оның элементтері Ауа массалары, олардың типтері. Ауа райы күнделігі арқылы практикалық жұмыс жасау. § 34 94-98 бет
    Жылу белдеулері.       Жылу белдеулерін білу. Жылу белдеулерінің сызбасы § 35 98-101 бет
    Климат. Өздерің тұрған жердің климаты.       Жергілікті жердің климат түзуші себептері, негізгі элементтері. Жергілікті жердің климатын анықтай білу. § 36 - 37 102-107 бет
    Атмосфера. Сарамандық жұмыс.   №3        
    Гидросфера. Гидросфера туралы ұғым. Дүние жүзілік мұхит және оның бөліктері.       Дүние жүзілік су айналымының маңызы. Түсініктер: мұхит,материк, мұхит бөліктері, түбектер, аралдар. Оларды картадан тауып, г. о. анықтау. Мұхит, материктер, мұхит бөліктері, түбектер, аралдар. Оларды картадан тауып, г. о. анықтау. § 38-39 108-112 бет
    Мұхит суының температурасы мен тұздылығы. Мұхит суының қозғалысы.       Толқындар, цунами, судың толысуы мен қайтуы ұғымдарын білу. Толқындар, цунами, судың толысуы мен қайтуының айырмашылықтарын білу § 40-41 112-118 бет
    Мұхит ағыстары.       Жылы және салқын ағыстар. Олардың пайда болу себептері. Кескін картаға ағыстарды түсіріп, географиялық орнын анықтау. § 42 119-120 бет
    Мұхиттар мен теңіздердің адам өміріндегі маңызы.       Мұхиттармен теңіздердің адам өміріндегі маңызын білу. Теңіздердің адам өміріндегі маңызын талдай алу. § 43 121-124 бет
    Өзендер.       Өзендердің табиғатта алатын орыны мен г.о картадан тауып, к/к-ға түсіре білу. Жоспар бойынша өзеннің, көлдің г.о. сипаттау. Оларды кескін картаға түсіру. § 44 125-129 бет
    Көлдер. Жер асты суы.       Жергілікті планнан бұлақтың пайда болуын түсіру. Жер асты суының су өткізгіш, өткізбейтін құрамы мен құрылысын білу. § 45-46 130-135 бет
    Мұздықтар және олардың маңызы. Жер беті суларын қорғау.       Негізгі ұғымдарды есте сақтау. Мұздықтардың маңызы Дж.-лік су айнал-да, табиғатта, өзендердің қоректенуіне мұз-дың маңызын білу. § 47-48 136-141 бет
    Гидросфера. Сарамандық жұмыс   №4   Картаның көмегімен мұхиттар мен теңіздерді сип Жоспар бойынша сипаттай алу.  
    Биосфера. Биосфера туралы ғылым. Тірі организмдердің алуан түрлілігі және заңдылықтары.       Биосфера ұғымы. Организмдердің бір-бірімен байланысы. Жергілікті биоциноз. Алғашқы тірі орг. Жер бетіне таралу заң. білу. Жергілікті жердің биоцинозын кесте арқылы қалыптасуы мен пайда болуын анықтау. § 49-50 142-145 бет
    Тірі организмдердің жер қабықтарына әсері.       § 51 145-147 бет
  ІҮ Географиялық қабық.Географиялық қабық – Жердің ерекше кешенді қабығы.       Географиялық қабық компоненттері, табиғат кешені ұғымдарын білу. Табиғат кешенін сипаттай алу. § 52 148-150 бет
    Экваторлық, субэкваторлық, тропиктік және субтропиктік белдеулер       Өсімдіктер мен жануарлардың әртүрлілігін білу. Әңгіме – саяхат жасап табиғат зоналарының ерекшелігін, қайталанбайтынын дәлелдеу. § 53-54 151-158 бет
    Қоңыржай, субполярлық және полярлық белдеулер.       § 55 158-164 бет
    Таудағы биіктік белдеулер. Табиғат кешендерін қорғау.       Таудағы биіктік белдеулікті анықтау. Биіктік белдеулерді анықтай алу. § 56-57 165-170 бет
  Ү Жер бетіндегі адамзат. Жер бетіндегі халықтар. Нәсілдер.       Жер бетіндегі халықтардың алуан түрлілігін, халық тығыздығын білу. Нәсілдер және олардың сыртқы пішіндері арқылы айыра білу. Жер бетіндегі халық санын, халықтың көбею заңд. түсіндіре білу. Кесте сызу. Нәсілдердің теңдігін, олар-ң мәден-н білу § 58-59 172-177 бет
    Дүние жүзінің саяси картасындағы мемлекеттер. Қазақстан әлем картасында.       Саяси карта ұғымын білу. Саяси картаны оқып, мемлекеттерді к/к белгілеп үйрену. Кескін картасын толтырып үйрену, оған мемлекеттерді түсіре білу. § 60-61 177-181 бет
    Биосфера. Сарамандық жұмыс   №5        
  ҮІ Жергілікті жердің табиғаты мен халқы. Жергілікті жердің г.о., аумағы және шекарасы       Жергілікті жердің қабық түрлерін есте сақтау. ТК туралытақырыпты қайталау. Жергілікті жердің планы және географиялық карта бойынша географиялық нысандарды, олардың бағыт-ын қашықтықтарын анықтау. Бақылау күнделігін қорытындылап, табиғатты бақылауды жазда жалғастыру. Жергілікті жердің ландшафтысын сипаттай алуы тиіс. 183-194 бет Өткенді қайталап, қорыту.
    Жер бетіндегі адамзат. Сарамандық жұмыс   №6  
    Жер бетіндегі адамзат. Бақылау жұмысы      

 

9. ПРОДОЛЖЕНИЕ. Баға қою. Баға оқушыға білімдік стандарттарды меңгергені үшін қойылады.
Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі - баланы өзіне баға беруге дағдыландыру үшін оған бағалау өлшемдерін түсіндіру.
Дәстүрлі төрт баллдың бағалау жүйесі:
• толық біледі (өте жақсы);
• жеткілікті біледі (жақсы);
• жеткіліксіз біледі (қанағаттанарлық);
• білмейді (қанағаттанғысыз).
Бірінші тәсіл арқылы мұғалім баға туралы өз пікірін айтады, бірақ оған уақыт кететіндіктен, көп қолданбайды. Екінші тәсіл - бағаны, оны неліктен қойғаны жөнінде күнделікке жазу. Үшінші тәсіл - үлгерім экранын шығару. Білім, іскерлік, дағдыларды бақылау және бағалау жұмыстары:
• тексеру және бағалаудың пайдасын көрсететін жағдаяттар жасау;
• "Үйге не берілді?" деген сұраққа жауап алуға уақыт кетірмеу;
• жақсы көңіл-күйге бөлеу;
• оқушының жауапты ойланып беруіне уақыт бөлу;
• оқушылардың жауаптарын мұқият тыңдау, мадақтау;
• жауапты соңына дейін тыңдау, талдау және ескертулерді кейін жасау;
• оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру (жай, темперамент, тіл кемістігі);
• жеке тапсырмалар беру;
• оқушы өзін еркін сезетін жағдай жасау:
• оқушының жауабын талдау, жеке тұлғасын сынамау;
• оқушылар бағасын көтергісі келсе, оларға талсырманы қайта беру;
• жауап бергенде, тапсырманы орындағанда тірек сызбаларды қолдануға рұқсат беру;
• бақылау және тексеру әдістерін түрлендіріп отыру;
• тестілік бақылауды жиі қолдану.
Сонымен баға қою білімді және шеберлікті талап етеді. Баға -бала өміріндегі маңызды оқиға. Баға арқылы бала өзі туралы ойын реттеп, сыныптағы беделін нығайтады. Сондықтан мұғалім баға қоюға өте мұқият болу керек. 1-сыныпта баға қоймауға болады, басқа сыныптарда байқау, жарыс, ойындар ұйымдастырып, әр баланың өз орнын анықтауына көмектеседі.

БИЛЕТ

Көрнекілік әдіске бақылау, эксперимент, көрсету, иллюстрация жатады.

Оның мынадай түрлері бар: табиғи, жасанды, графикалық, дыбыстық, музыка, ұлы адамның ойлы сөздері, халықтың мақал-мәтелдері, жаңылтпаштар. Оқытудың көрнекілік әдісінсіз толық мәнді сабақ өткізіп, берік білім алу қиын. Эксперимент табиғи және лабораториялық болып бөлінеді. Көрсету әдісі деп – түрлі көрнекі құралдар және практикалық сабақ процесінде оқуға айқын демонстрациялау, көрсету. Ол мұғалімнің оқу материалын бейнелі етіп беруіне мүмкіндік тудырады. Оның бір түрі экскурсия. Ол оқытуды нақты табиғи жасанды заттармен, құбылыстармен, сабақта және сабақтан тыс кезінде таныстырып, оқу ісін жандандыруға, білімге құштарлығын арттыруға мүкіндік жасайды. Иллюстрация – оқуға сабақтың мазмұнын, суретті, құралдар көрсету арқылы түсіндіру.

Көрнекілік әдістер оқу тәсілі ретінде бейнелік тілді көрсететін құралдар жатады. Көру, есту, тактильді бейнелер сөздік суреттеуді толықтырады және жақсырақ түсінуге әсерін тигізеді.

Көрнекіліктің негізгі 3 түрін ажыратуға болады: заттық, сөздік және суреттік.

Көрнекілікпен оқыту принципі. Оның негізінде келесідей ғылыми заңдылықтар жатыр: адамның сезім мүшелері сырттай тітіркендіргіштерді əртүрлі қабылдайды, адамдардың көбі көру органдарының аса жоғары сезімталдығына ие; рецепторлардан орталық жүйке жүйесіне бағытталған байланыс оптикалық каналының өткізгіштік қабілеті өте жоғары; көру органдарынан (оптикалық канал бойынша) миға келіп түсетін ақпарат қайта таңбаланбайды, ол оқушы есінде жеңіл, тез жəне берік бейнеленіп қалады. Оқу тəжірибесі көрнекілік принципін қолданудың көптеген ережелерін іске асырған.

Билет

Физикалық географияның бастапқы курсында Жердің географиялық қабығы мен оның жеке бөліктері қарастырылады. Географиялық қабық - литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфералардың өзара байланысымен сипатталатын, біртұтас ауқымды әрі күрделі табиғат кешені

Физикалық географияның бастапқы курсы «План және карта», «Жер қабықтары», «Табиғат компоненттерінің байланысы», «Жер және адамзат», «Жергілікті халық пен табиғат» тарауларын оқытуды қарастырады. «План және карта» тарауы - «масштаб», «азимут», «абсолюттік биіктік», «салыстырмалы биіктік» түсініктері, жер бетінің обьектілерін планшетте және картада көрсету географиялық обьектілер мен құбылыстарды картаға түсіру тәсілдері. Адам өміріндегі картаның маңызы.

«Жер қабықтары» тақырыбын оқу кезінде оқушылар литосфера, гидросфера, атмосфера және түрлі организмдер (биосфера) өзара кіріккен сфералардан тұратын географиялық қабық туралы қарапайым түсініктер алады.

«Гидросфера» тақырыбы дүниежүзілік мұхит пен құрылық суларынан (жер асты және жер үсті) тұратын әрі күрделі, бірақ тұтас, қабықты қамтиды. Дүние бөліктерінің аса ірі өзендері мен көлдері өзен алаптары, суайрық, өзендердің қоректенуі мен режимі, адам өмірінде су ресурстарын пайдалану.
Дүниежүзілік мұхит пен оның бөліктері, аса ірі теңіздер, бұғаздар мен шығанақтар. Дүниежүзілік мұхиттың суының қасиеттері. Ағыстар. Теңіздер мен мұхиттардың шаруашылықтағы маңызы.

Литосфера, жер қыртысының құрылымы, жер қыртысын қалыптастырушы ішкі және сыртқы күштер. Литосфераның - жер қыртысының орнықты және қозғалыстағы телімдері. Пайдалы қазбалардың таралуындағы негізгі заңдылықтар.

Жер бетінің формалыры, нысандары. Ойпаттар, жазықтар, үстірттер, ойыстар, таулар.

Аса ірі таулар, ойпаттар, дүниежүзі бөліктерінің жазықтары. Адам өміріндегі жер бедерінің маңызы.

«Атмосфера» тақырыбы жердің ауа қабығы туралы білімді, ауа райының құбылыстары мен элементтерін, жер климатының көп жылдық орташа сипаттамаларын және жергілікті климатты, сонымен бірге климат қалыптастырушы факторларды қамтиды. Атмосфера туралы түсінік, жел және оның қалыптасуы. Атмосфералық жауын-шашын, жер климаты, негізгі климат түзуші факторлар, климат белдеулерінің сипаттамасы.

«Биосфера» тақырыбы тірі организмдер географиялық қабықтың бір бөлігі екендігі туралы түсінікке негізделген. Жер және адамзат тақырыбына адам табиғаттың бір бөлігі, нәсілдер, сыртқы белгілеріне байланысты нәсілдік өзгешеліктер туралы мәліметтер кіреді. Жер бетін-дегі халықтардың орналасуы мен саны, этностар, қазіргі заманғы дүниежүзілік саяси карта.

Жергілікті халық және табиғат тақырыбы айтарлықтай дәрежеде келесі құрылықтар мен мұхиттар географиясына кіріспе болып табылады.

Оқушылардың пән бойынша білім деңгейіне қойылатын талаптар.

Оқушы білуі керек:

- план, масштаб, географиялық карта, абсолюттік және салыстырмалы биіктік, географиялық координаттар туралы түсініктердің мазмұнын;
- географиялық обьектілер мен құбылыстарды план мен картада бейнелеу тәсілдерін;
- градустың негізгі элементтерін;
- тұрақты бейнелеу түрлерінің ерекшеліктері, план мен географиялық картаның өзгешеліктері мен ұқсастығын;
Литосфера:
- жердің сыртқы қабығы туралы қарапайым түсініктер қалыптастыру;
- жер қыртысын құрайтын тау жыныстарының негізгі түрлері;
- жер қыртысының қозғалыс түрлері; жанартаулық көріністер;
- құрылық бедерінің негізгі нысандары, таулар, жазықтар;
- жердің ішкі құрылымының ерекшеліктері;
Гидросфера:
- гидросфераның құрамы, дүниежүзілік су айналымы негізінде;
- дүниежүзілік мұхиттың құрамды бөліктері теңіздер; шығанақтар; бұғаздар;
- құрылық суының құрамы;
- құрылықтардың, дүние бөліктерінің, мұхиттар мен теңіздердің, аса ірі таулардың, жазықтардың, өзендердің, көлдердің географиялық картадағы орны;
- дүние жүзілік мұхиттың табан бедерінің ерекшеліктері;
- өзендердің, көлдердің, жерасты суларының, мұздықтардың ерекшеліктері;
- бағдарламада аталған көлдердің, көл шұңқырларының типтері;
- каналдар мен бөгендер туралы түсінік;
- судың шаруашылықтағы маңызы, оны ұқыпты пайдалану және қорғау шаралары;
Атмосфера:
- атмосфера, ауа райы, климат, жел, атмосфералық жауын-шашын түсініктерінің мазмұны;
- температура, жел, қысым, ауа ылғалдылығы, атмосфералық жауын – шашын тәрізді ауа-райының сипаттамалары;
- бриздер мен муссондар туралы түсінік;
- жыл мезгілдерінің жергілікті ерекшеліктері;
- атмосфералық ауаны қорғаудың негізгі шаралары;
- атмосфера құрылымы (құбылыстардың сипаты, өзге қабықтармен байланыстары);
- «жел кестесі» бойынша желдің басым бағытын анықтау;
- жердің тәуліктік және жылдық айналымының ерекшеліктері, оның салдары;
Биосфера:
- биосфераның құрамы;
- жер шары халқының саны;
- негізгі адам нәсілдері, олардың сыртқы белгілерін, нәсілдер теңдігі;
- литосфера, гидросфера, атмосфера және биосфера тәрізді жер қабықтарының өзара байланыс мысалдары;
Істей білу керек:
- планмен, географиялық картамен және глобуспен жұмыс істеу;
- нүктені оның географиялық координатталары арқылы анықтау;
- глобустан, жарты шарлар картасынан, Қазақстанның физикалық картасынан географиялық координатталарды анықтау;
- көкжиек жақтары бойынша бағыттарды анықтау;
- картадан жеке шыңдарды (Кавказ таулары, Орал тауы, Гималай, Тәңіртауы және т.б.) көрсету;
- картадан тауларды, құрылықтағы жазықтарды, құрылықтар мен мұхиттарды көрсетуді және анықтау;
- картадан Дүние жүзілік мұхит бөліктерін көрсету, оларды кескін картада белгілеу;
- кескін картада географиялық обьектілерді белгілеу және жазу;
- план және карта бойынша ағын және тұйық көлдерді анықтап, картадан көрсету;
- каналдар мен бөгендердің географиялық орнын анықтау;
- жергілікті климат ерекшеліктерінің жазбасын құрастыру;
- саяси карталарды оқу, ондағы мемлекеттер мен олардың астаналарын көрсету;
- шартты белгілерді көрсете отырып обьектілерді анықтау;
- жер обьектілерін, бағыттарды, қашықтықтарды, нүкте биіктіктерін, планда және картада анықтауды көрсету;
- жеке аймақтар мен обьектілердің абсолюттік биіктігін, тереңдігін анықтау, обьектілердің ұзақтығын градуспен және километрмен анықтау;
- шөгінді және магмалық жыныстарды сыртқы белгілері бойынша анықтау;
- физикалық карта бойынша ірі жазықтар мен тау жүйелерінің сипаттамасын құрастыру;
- гидросфералық обьектілердің географиялық орнын анықтау;
- карта бойынша теңіздер мен мұхиттардың тереңдігін анықтау;
- өзен ағысының бағыты сипаты мен бағытының жер бедеріне тәуелділігін анықтау;
- көл шұңқырының пайда болуын анықтау;
- температура жүрісінің кестесін, жел кестесін, жауын-шашын диаграммасын тұрғызу және оларды талдау;
- ауаның орташа температурасын, температура ауытқуларын есептеу;
- жарықтану белдеулеріне қарай обьектілерінің орнын анықтау;
- өз жерінің табиғат кешенінің сипаттамасын құрастыру;

Date: 2016-07-05; view: 1011; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию