Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Актердің сценарийі және оның рөлінің сипаттамасыСтр 1 из 3Следующая ⇒
Интернатурада «Бала аурулары» мамандығы бойынша оқитын тыңдаушылардың қорытынды аттестациясына арналған медициналық симуляцияның сценарийі Кезең –клиникалық дағдыларын бағалау) 2015 – 2016 оқу жылы Клиникалық жағдай: «Қант диабетінің I типімен ауыратын және кетоацидозбен балалардың диагностикасы және жүргізу тактикасы»
Ситуация Қабылдау бөлімшесінің дәрігері. Қабылдау бөлімшесіне 5 жастағы бала жедел жәрдем бригадасымен жеткізілді. Ø Науқастың анамнезін жинаңыз және қарап тексеріңіз Ø Лабораторлы-аспаптық зерттеу нәтежелерінің интерпретациясын жасаңыз Ø Диагнозын қойыңыз Ø Науқасты жүргізу тактикасын анықтаңыз
Соңғы нәтиже (outcomes): Ø Сұрап тексеру жүргізу (шағымдары мен анамнезін жинаңыз) Ø Науқастың физикальді зертеуін өткізу Ø Балалардағы қант диабетінің клиникалық белгілерін анықтау Ø Болжам диагнозын кою Ø Эндокринді патологиясы бар балаға зерттеу жоспарын белгілеу (гликемиялық профильді, жалпы зәр анализі, жалпы қан анализі, қанның б/х (жалпы белок, креатинин, мочевина, калий, натрий, хлор мөлшері, гликемия, ИРИ (иммунды реактивті инсулин) қандағы мөлшері, ұйқы безінің УДЗ) Ø Аурудың дифференциалды диагностикасын білу Ø Науқасты емдеу тактикасы мен бақылауды анықтау Актердің сценарийі және оның рөлінің сипаттамасы Пациент: бала, анасымен бірге келген Жасы: 5 Анасы тәбетінің жоқтығына, ұйқышылдық, ішінің ауыруына, құсуға, тынысының жиілеуіне шағымданды.
Анамнезінде: Жағдайының нашарлағаны 2 күн бойы, іште ауру сезімі пайда болған, жалпы әлсіздік пен ұйқышылдық фонында құсу. 2 аптаның ішінде айқын салмақ жоғалтуы, ерні мен терісі құрғақ, шөлдеу, көп кіші дәретке бару. 1 ай бұрын ауыр формадағы ЖРВИ мен ауырған. Объективті. Жағдайы ауыр. Бала әлсіз, сыртқы тітіркенуге жауап береді, сөйлеуі шатасқан. Аузынан ацетон иісі шығады. Тері жабындысы құрғақ, боз, ерін бұрыштарында ауыздықтар. Өкпесінде тыныс екі жақта бірдей өтеді, везикулярлы. Тыныс жиілігі минутына 32 рет. Жүрек тондары ырғақты, аздап тұйықталған. Жүректің жиырылу жиілігі минутына 124 рет. АҚҚ 80/50 мм.с.б. Іші пальпация кезінде ауырады, іштің алдыңғы қабырғасының қатаюы байқалмайды. Бауыр қабырға доғасы бойымен. Дәреті дұрыс, түсі анасынын айтуы бойынша қанық сары. Ұйқы безінің УДЗ: Ұйқы безінің өлшемі қалыпты, ұсақ тығызданған ошақтар анықталды, эхоқұрылымы жоғарылаған. Қандағы иммунореактивті инсулин мөлшері: 0,24 ЕД/мл (нормада 2,2-22,5) Гликемия аш қарынға капиллярлық қанда 21,3 ммоль/л Гликозирленген гемоглобин мөлшері (HbA1c) -7.2 %
Date: 2016-07-05; view: 267; Нарушение авторских прав |