Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Іштің сыртқы жарықтары
*2*15*
#452 *!Хирургия бөліміне оң жақ шап жарығы диагнозымен 50 жастағы ер адам түсті. Жарықты пальпация арқылы тексеру барысында жұмсақ консистенциялы құрылым сезіледі, ал перкуссия барысында перкуторлы дыбыстың тұйықталғаны анықталады. Жарық қабының ішінде қандай ағза болуы мүмкін?
*ұйқы безі *соқыр ішек *аш ішектің ілмегі *сигма тәрізді ішек *+үлкен шарбы май
#453 *! 28 жастағы әйел, кіндік аймағындағы томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде кіндік аймағында 4,0смх3,5см өлшемді жарық анықталады, маңындағы тері жабындыларының түсі өзгермеген, пальпация кезінде түзіліс жұмсақ–эластикалық, перкуссия кезінде тимпаникалық дыбыс естіледі. Жарық қабының құрамында қандай ағза болуы мүмкін?
*үлкен шарбы май *ұйқы безі *бауыр *+ішек ілмектері *қуық
#454 *!35 жастағы ер адамға, қысылғанына 8 сағат болған шап жарығына операция жасалған. Жарық қабында аш ішектің өмірге бейімді 2 ілмегі анықталған. Қысылған сақинаны кескенде оларды байланыстыратын ішек ілмегі іш қуысында орналасқан. Осы жағдайда қысылудың қандай түрі болуы мүмкін?
*+ретроградты *қабырғалық *Рихтерлік *сырғушы *нәжістік
#455 *!Хирургияның қабылдау бөліміне оң жақ шап жарығымен 67 жастағы ер адам келіп түсті. Қарау кезіндегі анықталатын диагностикалық белгі?
*жейде *шалпыл шуы *+жөтел түрткісі *бауырлық тұйықталу *құлаған тамшы
#456 *!72 жастағы әйелде, холецистэктомия операциясынан кейін созылмалы бронхиттың өршуі орын алған және операциядан кейінгі жарасы екіншілік жазылумен бітуде. Тізімдегі асқынулардың ішінен ЕҢ алдымен не пайда болуы мүмкін?
*метеоризм *копростаз *ішек салдануы *ішектің түйілуі *+операциядан кейінгі жарық
#457 *!62 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағында ауыр салмақ көтерген соң пайда болған томпаюға шағымданады. Қарап тексерденде қатайған, тығыздалған жарықтық түзіліс анықталады. Тізімдегі асқынулардың ішінде ең алдымен қандай асқыну болуы мүмкін?
*копростаз *эвентрация *ішек инвагинациясы *+жарықтың қысылуы *соқыр ішектің айналуы
#458 *!35 жастағы ер адам, оң жақ шап аймағының ісік тәрізді түзілісіне шағымданады. Науқасты тік тұрғызып қарап тексергенде жұмсақ эластикалық пішіні сопақ түзіліс анықталады. Науқастың жатқызып қарағанда томпаю өздігінен құрсақ қуысына енеді. Тізімдегі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*лимфаденит *варикоцеле *гидроцеле *+жарық *липома
#459 *!Хирургияның қабылдау бөліміне ішінің ауруына, үлкен дәреттің болдмауына шағымданып 70 жастағы ер адам келді. Диагностикалық лапароскопия кезінде шажырақайдың жабысқан сызығына қарама-қарсы орналасқан ішек қабырғасы бөлігінің қысылғаны анықталды. Осы жағдайда қысылудың қандай түрі болуы мүмкін?
*нәжістік *эластикалық *ретроградты *+рихтерлық *комбинирленген
#460 *! 32 жасар ер адам, 1 жыл бойы оң жақ шап жарығымен зардап шегеді. Стационарға түскенге дейін 2 сағат бұрын, жиһаз қозғалту кезінде жарық аймағындағы ауру сезімі кенеттен пайда болған. Қарап тексергенде жарық көлемі 6,0х4,0 см, қатайған, ауру сезімін береді және құрсақ қуысына енбейді. Тізімдегі асқынулардың ішінде ЕҢ алдымен қандай асқыну болуы мүмкін?
*қабыну *+қысылу *копростаз *перитонит *орнына енбеуі
#461 *!60 жастағы әйелде асцит әсерінен іші үлкейген, іші пальпацияда ауру сезімсіз, жұмсақ, кіндік аймағында 6,0х6,0см құрсақ қуысына еркін енетін жарықтық томпаю анықталады. Анамнезінде декомпенсация сатысындағы бауыр циррозы бар. Осы жағдайда қандай емдік тактика іштің жарығына ЕҢ тиімді?
*диагностикалық лапароскопия *жоспарлы герниопластика *жедел герниопластика *+консервативті ем *лапароцентез
#462 *!29 жастағы ер адам сол жақ шап аймағындағы томпаюға шағымданып хирургқа келді. Қарап тексергенде 8,0х4,0см томпаю анықталады, жөтелгенде ұмаға түседі. Тізімдегі болжама диагноздар ішінен қайсысы болуы мүмкін?
*+сол жақтық орнына енетін қиғаш шап жарығы *сол жақтық қысылған қиғаш шап жарығы *орнына келетін тік шаптық жарық *сол жақтық жамбастық жарық *қысылған жамбастық жарық
#463 *! 38 жаста ер адам, оң жақ шап аймағында шап байламының үстіндегі сопақ пішінді томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде жөтел түрткісі симптомы оң. Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?
*сан жарығы *тік шап жарығы *+қиғаш шап жарығы *енбейтін шап жарығы *сырғымалы шап жарығы
#464 *!55 жастағы ер адамға, шап аймағындағы жарыққа байланысты операция жасалып жатыр. Жарық қапшығын ажырату кезінде оның бір қабырғасын қуық құрағаны анықталды. Тізімдегілер ішінен жарықтың қандай түрі болуы мүмкін?
*+сырғымалы жарық *ретроградты қысылу *қабырғалық қысылу *шап-ұмалық жарық *Литтре жарығы
#465 *! 60 жастағы әйел, сол жақ шап аймағындағы ауру сезіміне және томпаюдың пайда болғанына шағымданады. Қарап тексергенде шап байламының төменгі жағында диаметрі 3,5см түзіліс анықталады. Пальпация кезінде консистенциясы тығыз эластикалық, құрсақ қуысына жеңіл енеді. Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+сан жарығы *Литтре жарығы *тік шап жарығы *қиғаш шап жарығы *сырғымалы шап жарығы
#466 *Науқас А. 70 жаста, шап жарығы клиникасымен ауруханаға түсті. Жарықтық томпаюды басқанда несеп шығарғысы келеді. Сыртқы жарықтың қандай түрі болуы мүмкін?
*Литтре жарығы *тік шап жарығы *қиғаш шап жарығы *қысылған сан жарығы *+сырғымалы шап жарығы
#467 *! Науқас 45 жаста, операциядан кейінгі тыртықтың бойындағы жарықтың томпайып шығуына, ауру сезіміне, қызаруына, тығыздануына, дене қызуының 39ºС дейін көтерілуіне, қалтырауына шағымданады. Қарап тексергенде жарықтық томпаюда ауру сезімі бар, терісі ісінген және қызарған, жергілікті гипертермиямен. Тізімдегілердің қайсысы болуы мүмкін?
*жарықтың енбеуі *сырғымалы жарық *шап лимфоадениті *+жарық қабының флегмонасы * жарық қабының шемені
#468 *! 45 жастағы әйел оң жақ шап аймағында томпаюдың пайда болуына шағымданады. Қарап тексергенде оң жақ шап байламынан төмен, ауру сезімінсіз, құрсақ қуысына енетін томпаю анықталады. «Жөтел түрткісі» симптомы оң. Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*+сан жарығы *созылмалы лимфаденит *шап аймағының липомасы *туберкулездік абсцесс *үлкен теріастылық тамырдың варикозды түйіні
#469 *!71 жастағы ер адам оң жақ шап аймағындағы томпаюға шағымданып келді. Қарап тексергенде шап байламынан жоғары көлемі 6,0x5,0 см болатын, жұмсақ-эластикалық консистенциялы, пальпация кезінде ауру сезімсіз, құрсақ қуысына еркін енетін түзіліс анықталады. Тізімдегі болжама диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?
*гидроцеле *сан жарығы *+шап жарығы *Рихтер жарығы *Литтре жарығы
Тік ішек аурулары *2*18*
#470 *!35 жастағы әйел, аздаған физикалық жүктемеден соң геморроидалды түйідердің сыртқа шығуына шағымданады. Айтуы бойынша геморроидалды түйіндер орнына келіп, қайта шығып қалады. Тізімдегілер ішінен ЕҢ сәйкес геморройдың сатысы қандай?
*+геморрой III сатысы *геморрой II cатысы *геморрой I сатысы *субкомпенсация *декомпенсация
#471 *!Ер адам 47 жаста, артқы өтісте дефекациядан соң қан кетуге, ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде сфинктердің айқын спазмы анықталады. Тізімдегілер ішінен ЕҢ мүмкін болатын алдын ала қойылатын диагноз?
*жедел геморрой *жедел парапроктит *+жедел аналді сызат *аналді каналдың стриктурасы *геморроидалді түйіннің тромбозы
#472 *!Ер адам жасы 37-де, артқы өтіс аймағындағы мерзімдік қышынуға, дефекациядан соң алқызыл қан шығуына шағымданады. Тізімдегілер диагноздар ішінен ЕҢ алдымен қандай диагноз болуы мүмкін? *+геморрой *парапроктит *аналді сызат *тік ішектің ісігі *сифилитикалық гранулема
#473 *!Әйел 50 жаста, 2 күн аралығында артқы өтіс аймағындағы солқылдаған ауыру сезіміне, дене қызуының 38⁰С дейін көтерілуіне шағымданады. Анальді аймақты қарап тексергенде анустың сол жағында гиперемия, ісіну, терісінің шығыңқы болуы, пальпацияда ауру сезімі күшейеді. Тізімдегілер диагноздар ішінен ЕҢ алдымен қандай диагноз болуы мүмкін?
*жедел геморрой *тік ішектің түсуі *жедел аналді сызат *+жедел парапроктит *аналды каналдың стриктурасы
#474 *!40 жастағы ер адам, артқы өтіс аймағындағы дискомфортқа, дефекациядан соң анустан қан кетуіне шағымданады. Анамнезінде іш қату мазалайды. Қарап тексергенде шартты циферблаттың 11 сағатында жұмсақ эластикалық түзіліс анықталады. Тізімдегілер диагноздар ішінен ЕҢ алдымен қандай диагноз болуы мүмкін?
*+геморрой *проктосигмоидит *жедел парапроктит *ойықжаралы колит *сифилитикалық гумма
#475 *! 57 жастағы әйел аралық аймағында жарадан іріңді бөлініске шағымданады. Қарап тексергенде аралық аймағында көлемі 0,3х0,3см жара анықталады, басқан кезде жарадан іріңді бөлініс, айналасындағы теріде мацерация. Тізімдегілер диагноздар ішінен ЕҢ алдымен қандай диагноз болуы мүмкін?
*созылмалы геморрой *созылмалы аналді сызат *+созылмалы парапроктит *аналді каналдың стриктурасы *геморроидалді түйіндердің тромбозы
#476 *!Ер адам, 37 жаста, артқы өтіс аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде шартты циферблаттың 3 сағатында тығыз, ауырсынатын түзіліс 3,0x2,0 см бар, қара-қызыл көкшіл түсті. Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*геморрой *тік ішектің түсуі *жедел парапроктит *артқы өтістің сызаты *+геморроидалді түйіннің тромбозы
#477 *!Ер адам, 43 жаста, артқы өтістегі ауырсынатын томпаюға шағымданады, дене қызуы 38,0°С. Қарап тексергенде перианалді аймақ оң жақта терінің ісінуімен, шығып тұруымен аналді каналдың пішіні өзгерген, ісік үстінде гиперемия. Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*геморрой *аналді сызат *созылмалы парапроктит *эпителиалді-құймышақтық кіріс *+жедел теріастылық парапроктит
#478 *! 32 жастағы әйел, дене қызуының 38°С көтерілуіне, оң жақ іштің төмен жағында және жамбастың тереңдігінде, аралық аймағында тұйық ауру сезіміне шағымданады. 2 апта бойы ауырып жүргенін айтады. Тік ішекті саусақпен зерттегенде оң жақ қабырғасының ауырсынатын инфильтрациясы мен ішек қуысына шығатын ісік анықталады, флюктуация, аралық аймағында гиперемия, ауру сезімі бар. Тізімдегілер ішінен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*геморрой *жедел аппендицит *оңжақтық аднексит *геморроидалді түйіннің тромбозы *+жедел пельвиоректалді парапроктит
#479 *!Ер адам, 23 жаста, құймышақ аймағындағы ауыру сезіміне шағымданады. Ауырып жүргеніне 3 күн болған. Қарап тексергенде құймышақ проекциясында, анустан 5см қашықтықта диаметрі 3-4см ісіну анықталады, үстіндегі тері гиперемиясымен. Тізімдегілер ішінен қандай болжамды диагноз қоюға болады?
*+эпителиалді-құймышақтық кірістің жедел қабынуы *тік ішектің созылмалы жыланкөзінің жеделдеуі *сегізкөздің остеомиелиті *параректалді абсцесс *дермоидты киста
#480 *!Әйел, 24 жаста, босанғаннан кейінгі кезеңде іш қату пайда болған. Дефекациядан кейінгі артқы өтістегі ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде сфинктердің айқын спазмы анықталады, саусақтық зерттеу кезінде ауру сезімі күшейеді. Тізімдегілер ішінен қандай болжамды диагноз болуы мүмкін?
*ішкі толық емес тік ішектік жыланкөз *қан кетумен асқынған ішкі геморрой *жедел шырышастылық парапроктит *+артқы өтістің сызаты *ректоцеле
#481 *!Ер адам, 42 жаста, физикалық жүктемеден кейін пайда болған артқы өтіс аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде артқы өтіс аймағында қара-қызыл көкшіл түсті қатайған, ауырсынатын түйіндер анықталады. Тізімдегілер ішінен қандай болжамды диагноз болуы мүмкін?
*+геморроидалды түйіннің тромбозы *созылмалы парапроктит *жедел аналді сызат *жедел парапроктит *геморрой
#482 *!Ер адам, 45 жаста, артқы өтістің дефекация актісінен кейін күшейетін ауру сезіміне шағымданады. Саусақтық зерттеуде шартты циферблаттың 12 сағатында теріге жалғасқан, иектері мүйізделген, шырышты қабаттан көтеріңкі, шырышты қабаттың дефектісі анықталады. Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*созылмалы криптит *тік ішектің жыланкөзі *созылмалы парапроктит *+созылмалы аналдық сызат *геморроидалді түйіндердің тромбозы
#483 *! 28 жастағы әйел, сегізкөз-құймышақтық аймағындағы ауру сезіміне, ісінуіне, қызаруына, осы аймақтағы флюктуацияға, дене қызуының 38,1°С көтерілгеніне шағымданады. Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*дермоидты киста *жедел парапроктит *созылмалы парапроктит *+эпителиальды-құйымшақтық жолдың абсцессі *эпителиальды-құйымшақтық жолдың созылмалы қабынуы
#484 *!Ер адам, 50 жаста, физикалық жүктемеден соң артқы өтістен ісікті түзілістің шығып тұруына, желдің және сұйық нәжістің ұстай алмауына шағымданады. Қарап тексергенде анустан конус тәрізді орнына енбейтін түзіліс анықталады. Тізімдегілер ішінен ең алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*геморрой *тік ішектің ісігі *парапроктит *дермоидты киста *+тік ішектің түсуі
#485 *!Әйел, 57 жаста, артқы өтіс аймағындағы ауру сезіміне, шығып тұрған томпаюға шағымданады. Қарап тексергенде қара қызыл, тығыз, ауру сезімін беретін түйіндер анықталды. Тізімдегілер ішінен ең алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*+геморроидалды түйіндердің тромбозы *созылмалы геморрой *тік ішектік полип *тік ішектің түсуі *тоқ ішектің ісігі
#486 *!Әйел, 47 жаста, дефекациядан кейін күшейетін анус аймағындағы ауру сезіміне шағымданады. Саусақпен зерттеу кезінде шартты циферблаттың 12 сағатында шырышты қабаттың дефекті анықталады, пальпация кезінде кенеттен ауру сезімі бар, жиегі мүйізделген, шырышты қабатынан көтеріңкі. Тізімдегілер ішінен ең алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*жедел аналды сызат *созылмалы криптит *созылмалы парапроктит *+созылмалы аналды сызат *тік ішіектің ішкі толық емес жыланкөзі
#487 *! 51 жастағы ер адам, әлсіздікке, дене қызуының 38,5°С дейін көтерілуіне, аралықта ауру сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде анустың сол жағында аралық аймағында ауру сезімі бар инфильтрат анықталады, жанындағы тері ісінген, қызарған. Тізімдегілер ішінен ЕҢ алдымен қандай болжама диагноз қойылуы мүмкін?
*геморроидалды түйіннің тромбозы *созылмалы геморройдың асқынуы *+параректалды абсцесс *тік ішектің полипы *тік ішектің рагы
Date: 2016-11-17; view: 888; Нарушение авторских прав |