Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Спонтанды пневмоторакс. Жедел іріңді плеврит. Пиопневмоторакс.





*2*18

 

#416

*! Оң жақ өкпенің абсцессімен стационарда ем қабылдап жатқан 36 жастағы науқас, кенеттен кеуде тұсында ауырсынудың және ентігудің туындағанына шағымданады. Қарап тексергенде терісін ылғал суық тер басқан, акроцианоз. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы бөлімдерде қораптық дыбыс, ал төменгі бөлімдерде тұйық дыбыс. Аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді.

Төменде көсетілгендер асқынулардың қайсысы болуы МҮМКІН?

 

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*тері асты эмфиземасы

*+пиопневмоторакс

*өкпеден қан кету

*сепсис

 

#417

*! 27 жасар ер адамда, бір сағат бұрын толық саулық жағдайында, кеуде қуысының сол жақ бөлімінде кенеттен қатты ауру сезімі туындады, дем жетіспегенін сезінді. Дене қызуы қалыпты. Перкуссияда сол жақ өкпе тұсында қорапты дыбыс, жүректің тұйық шекарасы оң жаққа ығысқан. Аускултацияда сол жақта тыныс естілмейді.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ мүмкін болуы ықтимал?

 

*экссудативті плеврит

*миокард инфарктісі

*өкпе туберкулезі

*+спонтанды пневмоторакс

*қысылған көкет жарығы

 

#418

*! 15 жасар бала, кеуде қуысының оң жақ бөлігінің ауырсынуына, ентігуге, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. Дене шынықтырумен айналысып жатқанда кеудесінің оң жақ бөлімінің кенеттен қатты ауырсынуы пайда болғанын, тыныс алуының қыйындауын атайды. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң өкпенің толық коллапсы анықталды.

Төмендегілердің қайсысының орын алуы ЕҢ ықтимал?

 

*өкпе абсцессінің жарылуы

*плевралық жабысқақтардың жыртылуы

*+өкпенің эмфизематозды буллаларының жарылуы

*туа біткен өкпенің ауалы кисталарының жарылуы

*жедел пневмония

 

#419

*! Рентгенологиялық тексеруде өкпенің толық коллапсымен оң жақты пневмоторакс анықталды, кеудеаралық көлеңкесі ығыспаған.

Осы жағдайда пневмоторакстың қай түрі орын алған?

 

*+тотальді

*субтотальді

*қабырғалық

*апикальді

*медиастинальді

 

#420

*! 37 жасар ер адамда, шамамен бір сағат бұрын ауыр затты көтеру барысында сол жақ кеуде бөлімінде кенеттен ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі туындаған. Сол жақ өкпе аймағында тыныс естілмейді, перкуссияда тимпанит, жүрек шекарасы шамалы оң жақа қарай ығысқан.

Төменде берілген алдын ала диагноздардың қайсысының болуы ЕҢ ықтимал?

 

*құрғақ плеврит

*миокард инфарктісі

*+спонтанды пневмоторакс

*өкпе артериясының тромбоэмболиясы

*экссудативті плеврит

 

#421

*! 27 жастағы ер адам, қабылдау бөліміне жол апатынан кейін оң жақ кеуде бөліміндегі ауырсыну, ентігу, демнің жетіспеушілігі шағымдарымен жеткізілген. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында қораптық дыбыс, аускультацияда тыныс шуылдары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенограммасында оң жақтан 4-5 қабырғалардың сынуы, оң жақтық субтотальды пневмоторакс анықталды.

Төмендегі берілгендердің қайсысы ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*спонтанды пневмоторакс

*+травмадан кейінгі пневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*қабырғалық пневмоторакс

 

#422

*! 43 жастағы ер адам, тыныс алу жүйесінің іріңді қабыну аурулары күдігімен келіп түскен.

Жедел плевра эмпиемасын анықтау үшін қандай симптомдар ЕҢ маңызды болып табылады?


 

*беттің және мойынның цианозы, мойын веналарының ісінуі

*кезеңдік асқынулармен ағымының ұзақ жылдарға созылуы

*қан бөлінділерімен аралас көп мөлшердегі іріңді қақырық

*+іріңді қақырықпен жөтел, ентігу, дене қызуының көтерілуі, кеудедегі ауру сезімі

*жиі қайталанатын, қинайтын жөтел, іріңді-қанаралас, сасық, көпіршікті сипатқа ие қақырық

 

#423

*! 33 жастағы ер адам, жарақат алғаннан кейін оң жақ кеуде тұсындағы ауру сезіміне, ентігуге, ауаның жетіспеушілігіне, әлсіздікке шағымданып хирургияның қабылдау бөліміне жеткізілген. Терісінің түсі бозарған, бет әлпетінен қорқыныш үрей байқалады. Оң жақ кеуде торының перкуссиясында жоғарғы жағында қораптық дыбыс, ал төменгі тұсында дыбыстың тұйықталу анықталады. Аускультацияда оң өкпеде тыныс шуылдары естілмейді.

Төмендегі берілген алдын ала қойылатын диагноздардың қайсысының болуы мүмкін?

 

*спонтанды пневмоторакс

*+гемопневмоторакс

*гидропневмоторакс

*пиопневмоторакс

*реактивті плеврит

 

#424

*! Рентгенологиялық зерттеу барысында оң жақ өкпе ұшының пневмотораксы анықталған, кеудеаралықтың көлеңкесі ығыспаған.

Пневмоторкстың қандай түрінің орын алуы ЕҢ ықтимал?

 

*медиастинальды

*қабырғалық
*субтотальды
*+апикальды
*тотальды

 

#425

*! Төменде берілгендердің қайсылары өкпе ісіктері мен іріңді ауруларының салыстырмалы диагностикасында ЕҢ маңызды орын алады?

 

*дұрыс жиналған анамнез, рентгенологиялық зерттеу әдістері

*рентгенологиялық зерттеу әдістері, туберкулинді сынақтар

*туберкулинді сынақтар, эндоскопиялық әдістер

*+эндоскопиялық әдістер, рентгенологиялық зерттеу әдістері

*термография, дұрыс жиналған анамнез, рентгенологиялық зерттеу әдістері

 

#426

*! 56 жастағы әйел, оңжақтық экссудативті плеврит диагнозымен ауруханаға жатқызылған. Рентгенологиялық зерттеу барысында оң жақта бөлік аралық тұста көлеңкелену белгілері анықталған.

Плевриттің қандай түрінің болуы ЕҢ ықтимал?

 

*медиастинальды

*қабырғалық
*базалды

*апикалды

*+бөлікаралық

 

#427

*!28 жастағы пациент оң жақты экссудативті плеврит диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Плевра қуысына пункция жасалып, серозды сұйықтық алынды.


Диагнозды нақтылау үшін плевра сұйықтығының қандай лабораториялық көрсеткіштерін бағалаудың маңызы зор?

 

*+цитологиялық құрамы, салыстырмалы тығыздығы, биохимиялық құрамы

*иісі, сүйықтықтың мөлшері

*тромбоциттер мен лейкоциттердің саны

*кетондар, метаболиттер, электролиттердің болуы

*гемоглобин саны

 

#428

*!37 жастағы пациентті қарап тексеру нәтижесіне сүйеніп плевра эмпиемасы диагнозына күдік туды.

Қандай клиникалық белгілер плевра эмпиемасына күдіктенуге негіз болды?

 

*науқастың «ванька-встанька» түріндегі мәжбүр қалпы, құсу, жүрекқағуы

*таңертеңгі уақыттарда көп мөлшердегі 400 мл дейін қақырықтың бөліну, саусақтардың «барабан таяқшалары» және «сағат шынысы» секілді өзгеруі

*физикалық дамудың артта қалуы, кеуде торының деформациясы, ентігу, мұрын ерін үшбұрышының цианозы

*қан қақыру, инспираторлық ентігу, аяқтардың ісінуі

*+жөтел, зақымдану жағындағы ауырсыну, іріңді улану белгілері, науқастың мәжбүр қалпы

 

#429

*!41 жастағы ер адам, стационарда жедел жайылмалы панкреонекроз диагнозымен стационарда ем қабылдауда. Емдеу барысында кеуде торының сол жағында ауырсыну және ентігу пайда болды. Кеуде торын перкуссиялағанда сол жақтың төменгі бөлімдерінде перкуторлық дыбыстың тұйықталу анықталады, аускультацияда тыныс шулары естілмейді. Кеуде торының шолу рентгенографиясында – сол жағында гомогенді қиғаш көлеңке анықталады.

Төмендегілердің қайсысы панкреонекроздың асқынуы болуы мүмкін?

 

*көкеттің сол жақ күмбезінің релаксациясы

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*қабырғааралық невралгия

*+реактивті плеврит

*көкет жарығы

 

#430

*!27 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне ентігуге, әлсіздікке, жөтелге шағымданып келді. Қарап тексеру барысында науқастың саусақтары «барабан таяқшалары» және тырнақтары «сағат шынысы» секілді деформацияланғаны анықталды.

Жоғарыдағы анықталған белгілер қандай патологияға тән?


*туберкулезге

*актиномикозға

*жүрек ақауларына

*+бронхоэктатикалық ауруға

*спонтанды пневмотораксқа

 

#431

*!69 жастағы қарт кісі, емханадағы дәрігер хирургқа іріңді қақырыққа, ентігуге, әлсіздікке шағымданып келді. Сырқаттанғанына 3 айдың шамасы болған. Аурудың басталуын суық тиюімен байланыстырады. Тексеруден соң «плевраның созылмалы эмпиемасы» диагнозына күдіктенген.

Осы жағдайда диагнозды нақтылай үшін төмендегі зерттеулердің қайсысының ақпараттылығы ЕҢ жоғары?

 

*бронхоскопия

*плевра қуысының пункциясы

*+плеврография

*бронхография

*рентгенография

 

#432
*! 53 жастағы ер адам, хирургияның қабылдау бөліміне кеуде тұсындағы ауру сезіміне, дене қызуының көтерілуіне, ентігуге, әлсіздікке, жөтелге шағымданып келді. «Оң жақтық плевра эмпиемасы» алдын ала диагнозы қойылды.

Плевра эмпиемасын төмендегі аурулардың қайсысымен дифференциалды диагностика жүргізген орынды?

 

*өкпенің созылмалы обструктивтік ауруымен

*пневмосклероз және өкпенің эмфиземасымен

*өкпенің актиномикозі және пневмоканиозбен

*жүректің туа біткен ақауларымен

*+крупозды пневмониямен

 

#433

*!Пациент Н., 22 жаста, гангренозды аппендицит диагнозымен стационарда ем қабылдауда. Ота барысында құрт тәрізді өсіндінің атипті (бауыр асты) орналасуы анықталған, аппендэктомия техникалық қиындықтармен орындалды. Отадан кейінгі 7 тәулікте кеуде торының оң жағының ауырсынуы, дене қызуының жоғарылауы, ентігу, терлеу пайда болды. Кеуде торының перкуссиясында оң жағының төменгі бөлімдерінде – дыбыстың түйықталғаны анықталады, аускультацияда тыныс шулары естілмейді. Кеуде торының рентгенограммасында – оң жақта қиғаш гомогенді көленке анықталады.

Төмендегілердің қайсысы деструктивті аппендициттің ЕҢ мүмкін болатын асқынуы болып табылады?

 

*көкеттің оң жақ күмбезінің релаксациясы

*метастатикалық абсцесстердің дамуы

*қабырғааралық невралгия

*+реактивті плеврит

*көкет жарығы

 

 

Жедел холецистит

*2*18*2*

 

#434

*!Науқас, 42 жаста, клиникаға оң жақ қабырға астындағы ауру сезіміне, құсу, дене қызуының 380С дейін көтерілу шағымдармен түсті. Бұрын УДЗ-де өт тас ауруы анықталған. Қарап тексергенде: оң жақ қабырға астында іші қатайған және ауру сезімі бар. Ортнер және Мерфи симптомдары оң. Қан анализінде лейкоциттер - 18х109/л.

Төменде келтірілген алдын ала болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел аппендицит

*жедел дуоденит

*жедел панкреатит

*+жедел холецистит

*оң екі иелі ішек ойық жарасының тесілуі

 

#435

*!Холецистэктомиядан кейінгі 3-ші тәулікте науқас, оң жақ қабырға астының ауру сезіміне, терінің сарғаюна шағымданды. Дене температурасы – 36,70С. Қан анализінде лейкоциттер 7,8х109/л, жалпы билирубин - 150,2 мкмоль/л, тура билирубин – 120,5 мкмоль/л.

Төменде келтірілген асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*Боткин ауруы

*іріңді холангит

*+механикалық сарғаю

*бауырастылық абсцесс

*паренхиматозды сарғаю

 

#436

*!Ауруханаға 58 жастағы науқас әйел, жедел холециститтің клиникалық көрінісімен келіп түсті. Консервативті емге қарамастан науқас іштегі ауру сезімінің күшеюіне және суық тердің пайда болуына шағымданды. Іші қатайған, Щеткин-Блюмберг симптомы іштің барлық аймағында оң.

Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай асқынуға ТӘН?

 

*жедел холангит

*жедел панкреонекроз

*өт қапшығының эмпиемасы

*+жедел перфоративті холецистит

*жедел деструктивті холецистит

 

#437

*!68 жастағы науқас хирургия бөлімшесіне «жедел холецистит» болжам диагнозымен жатқызылды. Анамнезінде бірнеше рет бауырлық шаншу ұстамасы болған. Дәрігерге қаралмаған. Қарап-тексеруде іші қатайған және оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар. Ортнер симптомы күмәнді.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған ЖӨН?

 

*+УДЗ

*ФГДС

*лапароскопия

*ирригоскопия

*эндоскопиялық ретроградты холангиопанкреатография

 

#438

#! 65 жастағы науқас әйел, ауруханаға оң жақ қабырға астындағы ұстама тәрізді ауру сезімімен, құсумен жеткізілді. Бұрын УДЗ-де өт қапшығында конкременттер анықталған. Қарап тексергенде іші қатайған, оң жақ қабырға астында ауру сезімі бар. Кер симптомы оң.

Төменде келтірілген алдын ала болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*Мириззи синдромы

*іріңді холангит

*өтқапшығының қатерлі ісігі

*механикалықсарғаю

*+өт-тас ауруы, жедел холецистит

 

#439

*!Өт-тас ауруы, жедел холециститке байланысты операция жасау барысында өт қапшығының үлкейгені, кей жерлері фибринмен жабылғаны анықталды. Өт қапшығының пункциясында ірің алынған.

Төменде келтірілген операциядан кейінгі диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел катаралды холецистит

*жедел гангренозды холецистит

*жедел флегмонозды холецистит

*жедел гангренозды-перфоративті холецистит

*+жедел флегмонозды холецистит. Өт қапшығының эмпиемасы

 

#440

*!Науқас әйел, 62 жаста, оң жақ қабырға астында ауру сезіміне, жүрегінің айнуына, қусуға шағымданып түсті. Ауру сезімі оң иығына және жауырын астына таралады.

Төменде келтірілген болжап қойылған диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел ішек түйілуі

*жедел панкреатит

*жедел аппендицит

*созылмалы панкреатит

*+жедел холецистит

 

#441

*!Науқас 57 жаста, соңғы жылдарда оң жақ қабырғаастындағы ауру сезіміне, тағам қабылдағаннан кейін жүрек айнуына шағымданады. Пальпацияда – іші жұмсақ, ауру сезімі жоқ. УДЗ: өт қапшығында конкременттер анықталды.

Төменде келтірілген диагноздардың қайсысы болуы мүмкін?

 

*жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*өтқапшығыныңшемені

*өт-тас ауруы,жедел холецистит

*+өт-тас ауруы, созылмалы холецистит

 

#442

*!Науқас, 67 жаста, майлы және қуырылған тамақтан кейін пайда болатын оң жақ қабырғаастында ауру сезіміне шағымданады. Іш пальпациясында Кер және Мерфи симптомдары оң.

Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай болжама диагнозға ТӘН?

 

*жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*+жедел холецистит

*мезентериалды тамырлардың тромбозы

*асқазан ойықжарасының тесілуі

 

#443

*!50 жастағы науқас, өт-тас ауруына байланысты операцияға алынды. Операция барысында – өт қапшығы үлкен шарбы маймен қапталған, ісінген. Өт қапшығының кейбір жерлерінде некроз ошақтары бар, ол жерден өт бөлінуде.

Өттас ауруының қандай асқыну орын алған?

 

*жедел катаралды холецистит

*жедел гангренозды холецистит

*жедел флегмонозды холецистит

*+жедел гангренозды-перфоративті холецистит

*жедел флегмонозды холецистит, өт қапшығыныңэмпиемасы

 

#444

*!Науқасқа холецистэктомиядан және холедохты Пиковский әдісі бойынша дренирлеуден кейінгі 7-ші тәулікте ремитирленген сарғаюына байланысты науқасқа фистулохолангиография жасалынды. Рентгенограммада бауырішілік өзектер және жалпы өт өзегі кеңейген, холедохтың төменгі үштен бір бөлік деңгейінде «ампутация» симптомы бар, он екі елі ішекке контрасты зат түспейді.

Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы ремитирленген сарғаюдың себебі болып табылады?

 

*+холедохолитиаз

*Мириззи синдромы

*іріңді холангит

*индуративті панкреатит

*холедохтың терминалды бөлігінің тарылуы

 

#445

*Хирургияның қабылдау бөліміне 68 жастағы науқас түсті. УДЗ-де өтқапшығында көптеген майда конкременттер анықталған, холедох 1,5см-ге дейін кеңейген. Қан анализінде жалпы билирубин – 84,0 мкмоль/л, тікелей билирубин – 68,7 мкмол/л.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісін тағайындаған ЖӨН?

 

*ФГДС

*колоноскопия

*лапароскопия

*ирригоскопия

*+құрсақ қуысыағзаларының МРТ –сы, (MRCP)

 

#446

*!Лапароскопиялық холецистэктомиядан кейін 2-ші тәулікте 58 жастағы науқаста құрсақ қуысында орналасқан дренажды түтіктен өтті бөлініс пайда болды.

Қандай асқынудың орын алуы мүмкін?

 

*холедохтың стриктурасы

*іріңді холангит

*билиоманың түзілуі

*холедохтағы резидуалды тас

*+өт қапшығының өзегіне қойылған клипсаның түсіп қалуы

 

*447

*!Науқас 50 жаста, дәстүрлі холецистэктомия операциясынан кейін 1-ші тәулікте құрсақ қуысында орналасқан дренажды түтіктен өтті бөлініс пайда болды. Іш перденің тітіркену белгілері жоқ.

Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай асқынуға ТӘН?

 

*перитонит

*іріңді холангит

*механикалық сарғаю

*бауырастылық абсцесс

*+холедохтың ятрогенді зақымдануы

 

#448

*!Ауруханаға жедел холецистит клиникасымен түскен науқаста, калтырау, тері жабындыларының сарғаюы, дене қызуының көтерілуі пайда болды. Іш перденің тітіркену белгілері жоқ.

Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай асқынуғаТӘН?

 

*+іріңді холангит

*бауырастылық абсцесс

*өт қапшығының эмпиемасы

*өт қапшығының перфорациясы

*үлкен дуоденальды емізікшенің стенозы

 

#449

*! Науқас 67 жаста, майлы және қуырылған тамақтан кейін пайда болатын оң жақ қабырға астында ауру сезіміне шағымданды. Іш пальпациясында Кера және Мерфи симптомы оң.

Қандай аурумен дифференциалды диагностика жүргізген ЖӨН?

 

*бүйректік шаншу

*+жедел панкреатит

*жеделаппендицит

*мезентериалды тамырлардың тромбозы

*асқазанның ойық жарасының перфорациясы

 

#450

*!Хирургиялық бөлімде жатқан 52 жастағы науқаста операциядан кейінгі 6–ші тәулікте ота жасалған жара орнында ауру сезімі пайда болды, дене температурасы 38,50С. УДЗ-де өт қуығының орнында көлемі 6,0х7,0см. сұйықтықты түзіліс анықталады.

Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай асқынуғаТӘН?

 

*пилефлебит

*іріңді холангит

*+бауыр астылық абсцесс

*паренхиматозды сарғаю

*операциядан кейінгі жараның іріңдеуі

 

#451

*!Науқас 45 жаста, майлы және қуырылған тамақтан кейін пайда болған оң жақ қабырға астында ауру сезіміне шағымданды. Іш пальпациясында Ортнер, Кера және Мерфи симптомы оң.

Жоғарыда көрсетілген белгілер қандай диагнозғаТӘН?

 

*жедел аппендицит

*жедел панкреатит

*+жедел холецистит

*жедел ішек түілуі

*ойық жараның тесілуі

 

 







Date: 2016-11-17; view: 571; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.079 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию