Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Асқазан мен он екі елі ішектің ойық жараларының асқынулары





*2*18*2*

#362

*!Науқас 58 жаста, асқазан ойық жарасының өршуіне байланысты жоспарлы түрде ауруханаға жатқызылған. Ойық жаралық анамнезі 12 жыл. Соңғы кездері ауру сезімінің көрінісімен (ауру сезімі тұрақты) кезеңінің өзгерісін байқаған.

Ойық жараның қандай асқынуы болуы МҮМКІН?

 

*+малигнизация

*қан кету

*тесілу

*пенетрация

*стеноз

 

#363

*!Науқас 49 жаста, шамамен 8 жылдай он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады. Соңғы 3-4 ай ішінде асқазанында толып тұрғандай сезім пайда болып, сасық иіспен кекіру, жеген тамағын кезеңді құсу байқалған. Құсық науқасқа жеңілдік әкелген.

Осы науқаста ойық жара ауруының қандай асқынуы болуы мүмкін?

 

*малигнизация

*қан кету

*тесілу

*пенетрация

*+стеноз

 

#364

*! Науқас 59 жаста: Жедел панкреатит диагнозымен аруханаға түсті. Анамнезінде 10 жылдан бері он екі елі ішектің ойық жара ауруымен ауырады. Соңғы кездері эпигастрийдегі ұстамалы ауру сезімі мазалап, ауруы арқаға беріліп белдемелі түрде сипатталады.

Ойық жараның қандай асқынуы НЕҒҰРЛЫМ жиі жедел панкреатиттің клиникасына ұқсас келеді?

 

* малигнизация

* қан кету

* +пенетрация

* тесілу

* стеноз

 

#365

*!Науқас 60 жаста, он екі ішектің ойық жарасымен 15 жылдан бері ауырады. Соңғы 6 ай ішінде айтарлықтай арықтап, себепсіз шаршағыштық, әлсіздік мазалайды.

Ойық жараның малигнизациялануын растайтын тексеру әдісі?

 

* эндоскопиялық ретроградты холангиография

* компьютерлік томография

* пневмогастрография

* +ФГДС жасап биопсия алу

* дуоденоскопия

 

#366

*! Науқас 39 жаста, пилородуоденальды стеноздың клиникалық көріністеріне шағымдалып келген.

Диагнозын НАҚТЫ дәлелдейтін ақпаратты тексеру әдісі?

 

*компьютерлік томография

* +асқазан рентгеноскопиясы

* пневмогастрография

* ФГДС

* УДЗ

 

#367

*!Науқас 40 жаста, 10 жылдан бері он екі ішектің ойық жарасымен ауырады. Соңғы бір жыл ішінде тұрақты белдемелі қарқынды ауру сезімі, жүрек айну, іштің кебуі мазалайды.

Ойық жараның пенетрациялануына күмәнданғанда оны НЕҒҰРЛЫМ растайтын тексеру әдісі?

 

* компьютерлік томография

* +асқазан рентгеноскопиясы

* пневмогастрография

* ФГДС

* дуоденоскопия

 

#368

*!Науқас 48 жаста, жеген тамағын кезеңді түрде құсып отырады, құсу айтарлықтай жеңілдік әкеледі. Он екі ішектің ойық жарасымен 7 жыл шамасында ауырады, емханаға келген соң ол жердегі дәрігер асқазан рентгеноскопиясын жасатуға жолдама берді.

Пилородуоденальды стеноздың компенсацияланған сатысына НЕҒҰРЛЫМ тән рентгенологиялық көрініс?

* асқазаннан эвакуациясының 24 сағаттан көп кідіруі

* асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 12-24 сағ құрайды

* асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 24-36 сағ құрайды

* асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 3-6 сағ құрайды

* +асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 6-12 сағ құрайды

 

#369

*!Науқас 49 жаста, он екі ішектің ойық жарасымен шамамен 15 жыл көлемінде ауырады, хирургиялық бөлімшеге Жедел панкреатит диагнозымен жатқызылды. Профессор қарап тексерген соң, науқас асқазан рентгеноскопиясына жіберілді.

Пенетрацияланған ойық жараға НЕҒҰРЛЫМ қандай рентгенологиялық көрініс тән?

 

*тегіс ойық жара

*ұлутәрізді асқазан

*каскадты асқазан

*+терең ойық жаралық ойылу

*пневмоперитонеум

 

#370

*!Науқас 63 жаста, жақын арада жеген тамағын кезеңді құсып отырады, құсықтан кейін жағдайы жақсарып жеңілдейді. Ойық жаралық анамнезі шамамен 10 жылдай. Ішін қарап тексергеімізде «шылпыл шуыл» анықталады.

Ойық жараның қай асқынуында НЕҒҰРЛЫМ «шылпыл шылпылы» анықталады?

 

*ойық жарадан қан кеткенде

*малигнизацияда

*пенетрацияда

*+пилородуоденальды тарылуда

*перфорацияда

 

#371

*!Науқас 70 жаста, жеген тамағымен құсып тастайды, соңғы уақыттарда құсығынан шіріген жұмыртқаның иісі шығады. Анамнезінде ойық жараның ауруы 10 жылдай. Хирургтың ұсынысы бойынша асқазан рентгеноскопиясы жасалды.

Пилородуоденалыды тарылудың декомпенсацияланған сатысына НЕҒҰРЛЫМ қандай рентгенологиялық көрініс тән?

 

* +асқазаннан эвакуациясының 24 сағаттан көп кідіруі

* асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 12-24 сағ құрайды

* асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 24-36 сағ құрайды

* асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 3-6 сағ құрайды

* асқазаннан эвакуациясының бәсеңдеуі 6-12 сағ құрайды

 

#372

*!Науқас, 42 жаста, пилородуоденальды стеноздың субкомпенсаторлық сатысымен аураханаға жатқызылған.

Контрасты заттың асқазаннан эвакуациялану ұзақтылығы ҚАНША уақытқа созылады?

 

* +12-24 сағ

* 24 сағаттан көп

* 24-36 сағ

* 3-6 сағ

* 6-12 сағ

 

#373

*!Науқас, 64 жаста, пилородуоденальды стеноздың декомпенсацияланған сатысымен аураханаға жатқызылған.

Контрасты заттың асқазаннан эвакуациялану ұзақтылығы ҚАНША уақытқа созылады?

 

* + 24 сағаттан көп

* 12-24 сағ

* 8-12 сағ

* 3-6 сағ

* 6-8 сағ

 

#374

*!Науқас 38 жаста, ойық жараның пенетрациялану клиникасымен ауруханаға түскен.

Осы асқынуға НЕҒҰРЛЫМ тән рентгенологиялық қандай көрініс береді?

 

* «ұлутәрізді» асқазан

* +ойық жараның терең ойылуы

* тегіс ойық жара нишасы

* «каскадтәрізді» асқазан

* пневмоперитонеум

 

#375

*!Науқас 60 жаста, рентгеноскопия кезінде он екі ішектің ойық жарасының пенетрациясы анықталған.

Он екі елі ішектің пенетрацияланған ойық жарасы кезінде НЕҒҰРЛЫМ қандай асқыну тән?

* ағзааралық жыланкөздің пайда болуы

* пилорикалық стеноздың дамуы

* +профузды қан кету

* жара малигнизациясы

* тесілу

 

#376

*!Науқас, 45 жаста, пилородуоденальды стеноздың субкомпенсациялық сатысымен хирургиялық стационарға жіберілген.

Қандай емдеу тәсілі НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

* +жоспарлы операция

* консервативті ем

* кейінге шегерілген операция

* шұғыл операция

* жедел операция

 

#377

*!Науқас 62 жаста, рентгенологиялық тексеру барысында компенсацияланған пилородуоденальды стеноз анықталды.

Ойық жараның салдарынан асқазан буылтығының компенсацияланған тарылуы кезінде емдеу тактикасының қандай түрін қолдану НЕҒҰРЛЫМ тиімді?

 

* гомеостазды мұқият түзетуденкейінгі жоспарлы операция

* +консервативті ем

* шұғыл операция

* кейінге шегерілген операция

* жеделоперация

 

#378

*!Науқас 50 жаста, он екі елі ішектің ойық жарасымен ұзақ мерзімнен бері ауырады, ауру сезімі тұрақты, соңғы кездері белдемелі түрде болып жүр.

Ойық жараның пенетрациясына НЕҒҰРЛЫМ тән белгі?

 

* +ауру сезімінің кезеңділігінің өзгеруі, көршілес ағзалардың бұзылыстарына тән симптомдардың пайда болуы

* тоқтаусыз консервативті ем әсерінің болмауы

* тәбеттің төмендеуі, дене салмағын жоғалтуы

* айқын ауру синдромы

* ойық жара рецидивінің жиілеуі

 

#379

*!Емханаға 58 жастағы ер адам, салмақ тастауға, жақын арада ішкен тағамын құсуға, әлсіздікке шағымданып келді. 20 жылдан бері он екі елі ішектің ойық жарасымен аурады. Ауруханада бірнеше рет жатып емделген. Қарап тексергенде: науқас айқын арықтаған, терісінің серпімділігі төмендеген. Пульсі минутына 88 рет, толымдылығы әлсіз. Эпигастральді аймақта «шылпыл шуылы» естіледі. Үлкен дәретінің болмауы анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

* +асқазанның шығар бөлігінің стенозы

* тесілген жара

* жедел холецистит

* жедел панкреатит

* асқазан рагы

 

 

Date: 2016-11-17; view: 475; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию