Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Логопедтік пунктің қызметін ұйымдастыру тәртібі 1 page





Логопедтік пункт - логопедтің басшылыгымен ауызша және жазбаша сөйлеу кемшілікгерін жою женінде балапармен сабак жүргізетін білім беру үйымы.

Логопедтік пунктті білім беруді басқару органы ашады. Әрбір логопедтік пункте топтардың сыныптардың белгілі бір саны бекітіліп беріледі. Қалалық жалпы білім беретін мектепке логопедтік пункті ашу 14-16 сыныгітар болғанда, ауылдык мекемеде 9-12 сыныптар болганда жүзеге асырмлады. Бір уақытта калалық логопедтік пунктте 20 - 30 адам, ауылдық жерде 15-25 адам оқиды.

Қалалык жерде және ауылдық жерде орналаскан білім беру мекемелерінің бастауыш мектеп - бала бакша, кешенді мектептер, гимназиялар, лицейлер, баліілар оку - тәрбие орталыкгар басшылары сыныптар (топтар) санына қарамастан логопедтік пунктгер ашуга кұқылы.

Жаппы білім беретін мектептің логопедтік пунктына ауызша және жазбаша сөйлеуінде (жалпы сейлеу кабілеті дамымаган, фонетико - фонематикалық дамымауы, жазу мен оқу бүзылысгары, кекештену, сөйлеудің айту жагы бүзылган (дислалия, дизартрия, ринолалия)) әртүрлі бүзылыстары бар балалар кабылданады.

Сөйлеу қабілеті жеткіліксіз балалар сөйлеу кемістігіне байланысты кейін топтар мен кіші топтарга бөлу үшін тізімде тіркеледі.

Логопедтік пунктке қабылданган әрбір балага сөйлеу картасы толтырылады. Логопедтік жүмысты үйымдастырудың негізгі нысаны- топтық (кіші топтык) сабакгар. Топқа бірдей балалар таңдалып алынады, ал әртүрлі жастагы балаларды топтарға жинактау келесі талап гар бойынша:

- сөйлеу қабілеті жалпы дамымаған (СЖД) - 3-5 адам;

- СЖД-ға байланысты оку мен жазу бұзылыстармен - 3-5 адам;

- фонетико - фонематикалық жетілмегендер (ФФЖ) - 3-5 адам;

- ФФЖ-ге байланысты оқу мен жазу бұзылыстарымен - 3-5 адам;

- кекештенумен - 4-6 адам;

- дыбысты айту кемшіліктерімен - 5-6 жіберіледі.

Мектептегі логопедтік пунктге сабақтар, сабақтан бос сағатгарда жүргізіледі. Мектепке дейінгі логопедтік пунктте сабактар сабақтан бос сағаттарда немесе "Сөз дамыту және сауаттылыққа оқытуға даярлау", "Бейнелеу өнері", "Еңбек және күрастыру" бойынша сабактар кезінде жүргізіледі.

Кейінгі уақытта, жалпы бұзылыстары бар және тіл кемістігі бар балалардың санының өскені байқалады. Бапа - бақшалардың ортаңғы топтарында, тіл кемістігі бар балалар 60 % - кұрайды. Олардың жартысынан көбі, 1 - дәрежелі тіл кемістігі бар балаларға жатпайды және арнайы тілдік топтарға бөлуғе де жатпайды. Біз мұндай жағдайдан шығудың себебін логопелдиялык пунктердің ашылуы және кызмет істеуі деп білеміз.

Ауданда, қалада, облыста жалпы білім беретін мекемелер жанында бірнеше логопедтік пункт болған кезде аудандық (қалалық), облыстық, әдістемелік кабинеттерде немесе қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институттарында мүғалім - логопедтердің әдістемелік бірлестіктері күрылуы мүмкін.

ІІсихологиялық - медициналық - педагогикалық консультация (ПМПК) қызметі (ҚР Білім және гылым министрілігінің №744 бүйрығымен бекітілген (14.ІХ.2004 ж.).

ПМІІК - арнайы білім беру үйымдарының түрлерінің бірі болып табылады, 60 мын 0- 18 жасқа дейінгі балалар үшін облыстың (республикалық маңызы бар қалаларында, Астанада) әкімдерінің шешімдерімен ашылады.

ПМПК дамуында кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді медициналык-педагогикалық-психологиялық тексеруді өткізіп, оларды оқыту, тәрбиелеу және әлеуметтік, медициналық, педагогикалық қолдауға деген күкыктарын бекітіп, ата-аналарына (өкілдеріне) кеңес беру бағытында кешенді қызмет етеді.

ПМПК-ға балаларды білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау үйымдары жібереді, ата-аналар ешқандай күжаттарсыз өз еркімен баруға қүқылы.

Алғаш тексеруде баланы толык, кешенді келесідей мамандардан қарайды: невролог, психиатр, психолог, арнайы педагог, логопед. Барлық тек серулердің нәтижелері баланың жеке даму картасына тіркелуі тиіс. Бүл карта ПМПК-да 5 жыл сақгапады, кейін архивке өткізіледі.

Баланы тексеру процедурасы ПМПК тексеру мақсатына сәйкес өтеді. Маманның баланы тексеру жекеше басқа мамандардың катысуымен жүзеге асады, ата - анапардың қатысуы нақтыжағдайдың ерекшелігімен анықталады. Баланы тексеру әдістемесімен қамтамасыз ету әрбір маман озі белгілейді. Әр маманның тексеруіне хатгама жүргізілуі тиіс, баланы тексеру жоспар мазмүнымен сәйкестеледі.

Мүмкіндіктері шектеулі баланы тексерудің нақгы қорытынды тек кешенді келесімі бойынша ғана беріледі. ПМПК-ң корытындысы баланың даму ерекшеліктерін керсете, медициналық, психологилық, педагогикапык, әлеуметтік қажеггіліктерің, оларды қамтамасыз ету шараларын, лайық білім беру үйымың бекітеді.

ПМПК штатына міндеті түрде келесі мамандар кіреді: психиатр, невропатолог, сурдолог, офтальмолог, педагог-психолог, мүғалім-логопед, дефектологтар (олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог), әлеуметтік педагог, медициналық статист, бухгалтер, санитар.

Бала дамуындагы кемістікті терең тексеру қажет болған жағдайда ПМПК қүрамында диагностикалық-түзету топтар ашуға болады.

Қазіргі уакытта дамуында күрделі, ауыр кемістіктері бар балалар мен жеткіншектердің арнайы білім, тәрбие алып және әлеуметтік бейімделуі үшін жаңа үлгідегі арнайы (түзету) үйымдары кеңінен ашалып" жатыр. Бүл орталықтар: психологиялык-медициналык оңапту мен түзету, педагогикалык, әлеуметтік-еңбекке бейімдеу мен мамандыкқа бағдарлау, психологиялык- педагогикалык және әлеуметтік көмек бала мен оның отбасына, жетім балаларға әлеуметтік көмек көрсету қызметтерін аткарады.

Күрделі және көптеген кемістігі бар балалар мен жеткіншектер үшін жаңа үлгідегі арнайы мекемелер моделі қүрылган. Мүндай білім беру мекемесінің (Псковск қаласындагы емдік-педагогикалык ортапық) он жылдық тәжірибесі күрделі және көптеген бүзылыстары бар балаларды білім беру кеңістігіне косу керектігін көрсетті.

6. Мүмкіндігі шектеулі тұлғалардын кәсіби білім алуы, оларды кәсіби багдарлау

Кемтар балалар Қазақстан Республикасының білім беру туралы заң актілеріне сәйкес кәсіби білім ала алады. Кемтар балаларды еңбекке даярлау отбасында, арнаулы білім беру үйымдарында жүргізіледі. Кемтар балалардың болашак кәсіби кызметінің мүмкіндіктері мен сипатын айкындау үшін кәсіби-консультациялык орталыктарда, арнаулы білім беру үйымдарында кәсіби диагностика жүргізіледі.

Кәсіби диагностика - бойындағы психикалык және (немесе) дене кемістігін ескере отырып балалардың еңбек кызметінің немесе кәсіптің дагдыларын меңгеру мен орындауға әлеуметгік мүмкіндіктерін аныктау.

Дамуында кемістігі бар түлганың кәсіби мамандыкты тандау жагдайы шектеулі болғандықтан, кәсіби даярлау жүмысы да қиындайды.

Бүл тұлғалардың кәсіби еңбекке оңалту кұкыктары мүгедектердің кұқыктарын қоргау саласындагы Заңдар мен заңламаларда бекітілген.

Жеке оңалгу бағдарламасы - баланың соматикалық жай-күйі деңгейінің болжамын, психикалық-дене тезімділігін, отбасының әлеуметгік мәртебесі мен әлеуметтік инфракұрылым мүмкіндіктерін ескере отырып, онын кажеттіліктерінің кұрылымына, ден қоятын мәселелерінің шеңберіне, қүштарлықтарының деңгейіне сәйкес баланың тұрмыстық, қоғамдық кәсіби кызметке қабілетін қалпына келтіруге багытталған медициналык, психологиялык, педагогикалық және әлеуметтік іс-шаралар тізбесі.

Бұл бағдарламаны әзірлеуге дәрігер, психолог, әлеуметтік педагогтар т.б. қатысады. Бұл жерде багдарламарды жүзеге асыру мүгедектік тобын аныктауды талап етеді.

Мүгедектктің бірінші тобына - жарақат пен даму ауытқушылығын салдарынан тұракты ағза мүшелерінде аса ауыр кемістігі бар тұлгалар жатады. Оның нәтижесінде өзіне-өзі қызмет ету мүмкіндігі, қимьш- қозғалысы, қоршаған ортада бейімделу мүмкіндігі терең деңгейде зардап шегуі мүмкін.

Мүгедектіктің екінші тобы - ауру, жаракат, даму ауытқушылығын салдарынан ағза мүшелерінде түрақты кемістігі бар түлғаларды айтамыз. Денсаулығындағы бүзылыстар білім және еңбек т.б. қызмет, өзін-өзі бақылау, қарым-катынас ету мүмкіндігінің шектелуіне алып келуі мүмкін.

Мүгедектіктің үшінші тобына - ауру, жаракат, даму ауытқушылығын салдарынан ағза мүшелерінде шамалы кемістіктері бар түлғапар жатады.

Сонымен, екінші және үшінші топтағы мүгедектер арнайы білім алып еңбек етуге қабілетті.

Мүмкіндігі шектеулі жеткіншек немесе ересек адамға белгілі бір үнайтын, оған лайықгы еңбек қызметін таңдау қиынға түседі, сондықтан оған көмекке педагогтар мен психологтар келеді.

Белгілі бір еңбек кызметін тандау үшін алдымен акыл-ой және дене дамуының жағдайы туралы мәлемттерді анықтап алуы керек.

Психологтардың ойы бойынша туа және жүре пайда болған кемістіктер адамның психикасына жағымсыз әсерін тигізеді, жаракаттайды. Мүгедек түлга жиі баска адамдарға тәуелді болып, үйреншікті өз кәсіби еңбегінен амалсыз бас тартып, баска мамандықты меңгеруге мәжбүр болады, бүл жағдай ауыр тиеді.

Осы жерде мүмкіндіктері шектеулі түлғаларды кәсіби мамандыққа бағдарлау және арнайы оқыту жүмысын дүрыс үйымдастыру аса маңызды.

Дамуындағы кемісіктің деңгейіне байланысты мүмкіндіктері шектеулі түлғалар бастауыш немесе орта, жоғары білім кәсіби білім алады. Бүл жүмысты атқару үшін даму мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіби мамандықтар тізімін анықгау және сол тізімді компьютер жүйесіне еңгізу кажет.

Қазіргі уақытта орта білім беруден кейінгі кәсіптік білім беру және жоғары кәсіптік білім беру жүйесі каркынды даму жолында. Арнайы мектеп түлектерінің цензді білім алуы, оларга орта және жоғары кәсіптік білім беру оку орындарына түсуге мүмкіндік береді. Тәжірибеде бүл көбінесе кәсіптік мектеп, училище, колледждерде оқу аркылы жүзеге асады, мысалы, естуінде ауыткуы бар түлгаларды "Сервис колледжі" оқытуда жағымды нәтиже жинактаган. Ал жоғары оку орындарында мүмкінідіктері шектеулі студенттер білім алуда, бүл негізінде оларды қалапты студенттермен бірге бір топта оқыту түрінде үйымдаскан.

Бүл бағыттағы жүмысты біздің елімізде жетілдіру міндеті озекті, арнайы ғылыми-әдістемелік зерттеулер өткізуді талап етеді.

7. Мүмкіндііі шектеулі түлғаларға әлеумегтік-педаюгикалык комек корсету

Мүмкіндігі шектеулі түлғаларға қоғам көзкарасы озгерген сайын оларға әлеуметтік көмек көрсетудін қолайлы түрлерін іздеуге мүмкіндік тудырады. Әлеуметтік көмек мүмкіндігі шектеулі түлғаларға мемлекеттік- әлеуметтік қорғау жүйесінің негізгі бөлігі болып табылады. Жәбірлеген түлғаларға әлеуметтік комек корсету мемлекеттік әлеуметтік корғау жүйесінің қүрамына кіреді.

ҚР "Білім туралы" Заңындағы 6 бапқа сәйкес білім беру саласындағы жергілікті өкілді және аткарушы органдардың кұзыреті- дамуында проблемалары бар балапар мен жасөспірімдерді оңалтуды және әлеуметтік бейімдеуді камтамасыз ету. Ал білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктері бойынша даму мүмкіндіктері шектеулі балалар, мүгедектер және бала кезінен мүгедек бапалар әлеуметтік квмек көрсетілетін азаматтар санатына кіреді. Мемлекет әлеуметгік көмекке мүкгаж Қазакстан Республикасы азаматтарын олардың білім алуы кезеңінде каржылау шағыстарын толык немесе ішінара өтейді. Әлеуметік көмектің мелшерін, көздерін және беру тәртібін Қазакстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

Әлеуметтік тексеру - тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, дене кіріптарлығына, жинақгылығы, әдеттегі кызметпен айналысу кабілеті, әкономикалык дербестігі мен коғамға кірігу кабілеті шектелуіне байланысты болуы мүмкін әлеуметтік кемістіктер дәрежесін аныктайды. Мүмкіндігі шектеулі түлғаларга үзак уакытгык әкономикалық, педагогикалык, психологияляқ, әлеуметтік және әкономикалык көмек көрсетіліп отырады.

Педагогикалык тексеру арқылы тиісті жастағы балаларға арналған жас нормативтерін ескере отырып, балалардың зияты жағынан даму ерекшеліктерін және олардың ойын ойнауға, білім алу мен қарым-қатынас жасауға әлеуметтік мүмкіндікгерін анықтайды.

Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларга әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсету бүл ерекше қажеттілікгерді талап ететін адамдарға - үздіксіз педагогикалық ұйымдастырылған процесте әлеуметтік тәрбие беру.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет адамның өмірлік жағдайларымен, әкономикасымен және саясатты тығыз байланысты.

Әлеуметтік бейімдеу - нысаналы әлеуметтік және медициналық педагогикапық түзеу арқылы колдау процесінде кемтар балапардың коғамда кабылданған кұндылықгарды, мінез-кұлық ережелері мен нормаларын игеру мен қабылдауы және еңбекке даярлануы жолымен әлеуметтік орта жағдайпарына белсенді түрде икемделуі.

Әлеумеггік жұмыс - жекеленген адамдарға, отбасыларына-олардың толық мәнді әлеуметтік жұмыс істеуіне кедергі келтірегін бұзылған немесе жойылған функцияларының орнын толтыра отырып әлеуметтік құқықтары мен кепілдіктерін іске асыруда көмек көрсету жөніндегі қызмет.

Әлеуметтік көмек - бұл әкономикалық жағдайы төмен, әлеуметтік әлсіз, психологиялық жағынан әлсіз адамдар тобына әлеуметтік ортада қалыптасуын жаксартуына бағытталган кызмет көрсету кешені. Ол зейнетақы төлемін қосымша төлеумен, сондай-ак ұзақ кызмет көрсетуімен (медицинапық, психологиялық, құқыктық, педагогикалық және т.б.) сипатталады.

Бүл үрдіс үздіксіз жүйелі түрде ұйымдастырылады. Оның негізгі мақсаты мүмкіндігі шектеулі тұпғаларды әлеуметтік бейімдеу. Қазақстан Республикасында әлеуметтік қызмет көрсету институты толығымен ұйымдастырылмаған және әр тұлганың жеке әлеуметтік кажеттіліктерін аныктау жұмысы толык жүргізілмейді. «Кемтар балапарды әлеуметтік және медициналык педагогикалык түзеу арқылы қолдау туралы» ҚР заңына заңга байланысты 2003 жылдан бастап мугедек балаларга әлеуметтік көмек корсету, оларды бейімдеу жұмысы алга басты. Заңды іске асыру жоспарына сәйкес 2003 жылдан бастап 2005 жылга дейін Қазақстан Республикасында 212 бөлімі ашылуы тиіс және де сол бөлімдерде 3236 әлеуметтік қызметкерлер жүмыс істеуі тиіс. Қазіргі уакытта әлеуметтік көмек көрсету үйымдарында әр түрлі мамандар жүмыс істеді. Олардың арнайы бөлімдері жоқ. Әлеуметтік педагогикалық даярлау басталганымен олардың қызметтерінің нормативтік базасы қүрастырылмаган және білім беру мекемелерінде әлуметтік педагогикалық қолданудың технологиялар жеткіліксіз.

Әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде әлеуметтік педагогикалык әрекеттің орны ерекше.

Әлеуметік- педагогикалық әрекет (мүмкіндігі шектеулі түлгаларга жәрдемдесу)- бүл мүмкіндігі шектеулі түлгалардың жасына, қоршаган ортасына байланысты даму ерекшелігін ескертетін үздіксіз педагогикапык максатты үйымдастырылган әлеуметгік және мәдени шартталган кеңістіктен «шыгып кетуіне» (Л.С.Выготский) әкеледі. Қоршаган ортамен қарым- катынасты бүзады. Сондықтан мүмкіндігі шектеулі түлгалар әлеуметтік - педагогикалық әрекет аркылы қолдану - бүл білім беру кеңістігінде (оку орындары мен мектеп жасынан тыс) калыптасу болып табылады. Әлеуметтік педагогикалық әрекет адам өмірінің әкономикалық, саяси және түлгалық жагдайымен тыгыз байланысты. Бүл арнайы мамандардың көмегімен, әсіресе әлеуметтік педагогтар көмегімен іске асады.

Мүмкіндігі шектеулі түлғаларга қазіргі әлеуметтік-педагогикалык комек көрсету жүйесі өзіндік көпсалалы инфрақүрылымына ие. Оның әртүрлі бөлімдері білім беру, денсаулық сақтау, түрғындарды әлеуметтік қорғау, мәдениет және спорт, сонымен қатар ата-анапар және мамандар үйымдары, мейірім қорлары, діни және т.б. мемлекеттік емес қүрылымдар әрекетгер қүрамына кіреді.

Бүл жүйнде негізгі кызмет ететін маман - әлеуметгік педагог. Әлеуметтік -педагоггың негізгі міндеті мүмкіндігі шекгеулі түлғалар мен қоғам расындағы қарым қатынасты және де балапар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу.

Озінің максатына жету үшін әлеуметгік педагог мемлекеттік басқару органдарымен, коғамдық үйымдармен, білім беру мекемслерімен, денсаулық сактау мекемелерімен, түрғындарды әлеуметтік корғау және т.б. Мекемелер мен үйымдарда тәрбиеленушілердің қүқықтарын корғайтын жерлердегі адамдармен қарым-катынас орнату қажет. Әлеуметтік педагогтың кәсіби әрекет мазмүнына келесі багыттар кіреді.

- әлеуметтік ортада жағымды, адамгершілік бағытында қарым - қатынас калыптастыру;

баланың түлғалық дамуына әсер ету;

 

- тәрбиеленушілер мен түлектердің әлеуметгік бейімделу мен оналтуына жағдай жасау;

- окушылардың жеке және әлеуметтік мәселесін шешуге көмектесу;

- арнайы педагогтар мен окушылардың құқықтары мен міндетгері туралы ағартушылык жумыс аткару;

- сот және заң органдарында арнайы (түзету) мекеме атынан тәрбиелеушілер құқыктарын корғау;

- жұмысқа орналастыру үшін немесе оқушылар білім алу үшін кажетті қүжаттарды дайындауда әкімшілік, психолог, педагогтармен және т.б. қызметкерлерімен бірлесіп қарым -қатынас жасау;

- әлеуметтік-медициналык көмекті кажетсінетін балаларды есепке алу, көмекпен қамтамасыз ету..

Шет елдерде мүмкіндігі шектеулі түлғаларга арналған әлеуметтік - педагогикалық көмек көрсету жүйесі интеграция негізінен, ягни когамға біріктіру, принципі бойынша кұрылған. Мундай балалар мен ересектер педагогикалык-әлеуметтік көмектің кешеді шараларын отбасы жагдайында алады. Ересектер өздерінің түрғылықгы жерінде немесе таңдаған жерінде көмек ала алады.

Еуропалык мемлекеттерде мектептер мен әлеуметтік қызмет керсету мекемелері арнайы білім берудің езіндік бағдарламалары мен әдістерін колданады. Швецияда мүмкіндігі шектеулі түлғалары бар жанүялар қосымша қаржылық және медициалык көмек алуға және арнайы көмекші маманмен камтамасыз етілуіне құқылы. Ерте жастан әр балапармен түзетушілік оқыту бағдарламалары әзірленіп жүзеге асырылады.

Мүмкіндігі шектеулі түлғаларға әлеуметтік корғау керсетуге байланысты «мүгедек балалар» және «мүгедектерді әлеуметтік коргау» туралы бағдарламалар әзірленген. Бұл бағдарламалардың негізгі мақсаты мүгедектер мен мүгедектердің мәселелерін кешенді түрде шешу.

Қазіргі уақытта Қазакстан Респубикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға арнайы әлеуметтік жүмыс жүйесі дұрыс ұйымдаспаған. (Хакимжанова Г.Д.). Мүгедек, кемтар түлғалардың күқықтары женінде арнайы қабылданған заңдар оларды әлеуметтік корғау туралы жарлықтар, казіргі заманның беталыстарына сәйкес болуын кездейді. Жалпы әлеуметтік қолдау керсету, әлеуметтік кажеттіліктерді аныктау, камтамасыз ету бағыты езінше арнайы зерттеулерді кажет етеді. Біздін елімізде Түзеу педагогика ¥лттық гылыми-практикалык ортапыгында "Әлеуметтік жұмыс" зерттхана қызметкерлері әлеуметгік жүмыстардың түрлі жобаларын жүзеге асырып жатыр.

Бақылау сұрактар мен тапсырмалар:

- Медициналык-әлеуметтік-педагогикалық-патронаж кызметі, максат- міндеттері кандай?

- Мектеп жасына дейінгі муміндіктері шектеулі балаларға кандай мекемелерде арнайы қолдау керсетіледі?

- Қазіргі арнайы мектептер жүйесіне сипатгама берініз.

- Мұгедектіктің негізгі топтарына сипаттама берініз

- Әлеуметтік педагогикалык көмек көрсетуді қалай түсінесіз?

Әдебиеттер:

- ҚР "Білім туралы" Заңы, Алматы,- Юрист.-2007.

- Специальное образование в Казахстане. Информационно-методический бюллетень.- Алматы.- 2004.№3-4 (10-11).

- Специальная педагогика /Н.М.Назарова ред.-М.- 2000

- Сурдопедагогика / под ред. Е.Г. Речицкой. - М.- 2004.

- Апраушев А.В. Тифлосурдопедагогика-М, 1983.

- Сулейменова Р.А. Система ранней коррекционной помощи детям с ограниченными возможностями в Казахстане: проблемы создания и развития. Алматы, 2001.

- Г.Д. Хакимжанова Научные, правовые и методогические основы развития социально-педагогической работы в Казахстане. // Вестник КазНПУ имени Абая, серия «Специальная педагогика» №2 (4), Алматы, 2003.

II гарау бойыниіа бақылау және курстык жұмыстардың такырыптары:

- Ерекше кажеттіліктер мен арнайы білім беру мазмұны

- Арнайы білім берудегі педагогикалык әрекет мазмұны

- Арнайы білім беру принциптері

- Арнайы білімнің мазмұны

- Арнайы білім берудегі оқулық

- Арнайы мектептегі оқыту процес

- Арнайы оқыту технологиялар

- Арнайы мектептегі оқыту әдістер

- Арнайы оқыту әдістер

- Арнайы білім беруді ұйымдастыру формалары

- Арнайы мектептегі сабак

- Мұмкіндіктері шектеулі тұлғаларға кәсіби білім беру.

- Мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларга әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету

- Арнайы мектептегі тәрбие: міндеттер мен мазмұны

- Арнайы мектептегі сабақтан тыс жұмыс

- Мүмкіндіктері шектеулі баланы жаң-ұяда, балалар ұжымында тәрбиелеу

- ҚР арнайы білім беру жүйесі

- Мектепке дейінгі арнайы білім беру

- Мүмкіндіктері шектеулі балаларға ерте жастан түзеу аркылы көмек көрсету жүйесі

- Арнайы мектептер жүйесі

- Арнайы мектептін мақсат-міндетгері

III -ТАРАУ.

АРІІАЙЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ІІЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕРІ

Даріс № 26-27 Ақыл-ойы кемтар түлгаларга арнаны білім беру

Жоспар:

- Зиятында ауытқушылығы бар балаларга сипаттама

- Акыл - ойы кемтар балаларға арнайы көмек ұйымдастыру

- Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсету

Түсініктер: ақыл-ойы кемтарлық, зият ауытқуышлыктар, психикалық дамудың тежелуі, олигофрения, дебильдік, имбецильдік, нақұрыстық, таным процестері.

1. Зиятында ауыткушылыгы бар балаларга сипаттама

Ақыл ойы кемтарлығы деген кең мағынадағы үғым, ол түрлі наукастар мен жағдайларды біріктіреді. Арнайы педагогика нақтыпсихикалық дамуы тежелген және зиятында ауыкуы бар балаларға арнайы білім беру мәселесін қарастырады

Үлгерімі төмен балалар тобында 50% дейін ПДТ балалар кездеседі. ПДТ себептері ми қыртысының минималды, функционалды закымдануы немесе балалардың үзак мерзімде әлеуметгік депривацияға үшырауы т.б. Бүл балалардың әмоция- ерік сферасын, таным іс-әрекетінің дамуы, тежелуі, оның сапалы ерекшеліктері педагогикалык түзету шаралар арқылы орнына келуі, жөнделуі мүмкін.

1960-1970 жж. жалпы білім беру жүйесінде өткен реформалар мектептердегі оқу бағдарламаларын күрделендірді. Бүл шаралардың салдарынан окуда үлгермейтін окушылардың саны көбейіп, ғалымдарды бүл жағдайды зерттеуге шақырды (Т.Е.Сухарева, Т.А.Власова, М.С.Певзнер, В.И.Лубовский, В.И.Лебединская т.б.).

Психикалық дамуы тежелген балалар деген терминді Т.Е. Сухарева өз зертгеуінің нәтижесінде үсынған. ПДТ баланың жатыріштегі және ерте жастағы соматикалық аурулардың және тағы басқа патогенді фактордын әсерінен пайда болды. Қазіргі кезде дифференциалды психодиагностиканың дамуына байланысты ПДТ балаларды психологиялық - педагогикалық зерттеулер үлкен жетістіктер мол нәтижелерге кол жеткізген Қ.С.Лебединская ПДТ балалар әтимологиялык принциптер негізінде 4 топқа бөлген:

Date: 2016-05-14; view: 1711; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию