Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кәсіпорындағы электр энергиясын тұтынушылардың сипаттамасы





Электр энргияны тұтынушылар бірнеше параметрлермен сипатталады:

а) Өндіріс орындарында электр энергияны қабылдағыштар ток түріне байланысты келесі топтарға бөлінеді:

1) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В –қа дейігі үш фазалы қабылдағыштар;

2) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-тан жоғары үш фазалы қабылдағыштар;

3) жиілігі 50Гц, кернеуі 1000В-қа дейігі бір фазалы қабылдағыштар;

4) жиілігі 50Гц-тан жоғары, түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін қабылдағыштар;

5) түрлендіргіштік қосалқы станциялардан және қондырғылардан қоректенетін тұрақты ток қабылдағыштар.

Қазіргі кезде өндіріс орындарында электр жабдықтау үш фазалы айнымалы ток арқылы іске асады. Тұрақты ток қабылдағыштардың қоректенуіне түрлендіргіштік агрегаттар орнатылған (жарты өткізгіштік түзеткіштер, сынаптық түзеткіштер, қозғалтқыш-генератор (Қ-Г) және механикалық түзеткіштер) түрлендіргіштік қосалқы станциялар құрылады.

Түрлендіргіштік агрегаттар үшфазалық ток желісінен қоректенеді, сондықтан оларды үш фазалы ток қабылдағыштар деп атайды.

Меншікті түрлендіргіш агрегаттары бар тұрақты ток қабылдағыштар: Қ-Г жүйе бойынша электр жетегі, ионды электр жетек және т.б. электр жабдықтау бойынша үш фазалы ток қабылдағыштар болып табылады.

Түрлендіруші қосалқы станциялардан қоректі талап ететін тұрақты ток қабылдағыштардың жиі кездесетіндері: завод ішіндегі электрфицирленген көлік, электролизді өндіріс, кейбір көтерме -көліктің және көмекші механизмдердің электр қозғалтқыштары;

б) кернеу бойынша- ПУЭ сәйкес, электр энергияны өндіруші, түрлендіруші, таратушы және тұтынушы электротехникалық қондырғылар, сонымен қатар кернеуі 1000В-қа дейін электр қондырғылар және 1000В-тан жоғары электр қондырғылар болып бөлінеді;

в) бейтарап режимдер:

1) кернеуі 1000В-қа дейінгі қондырғылар жерге қосқыш арқылы, сонымен қатар оқшауланған бейтарап арқылы орындалады, ал тұрақты ток қондырғылары- жерге қосу және оқшауланған нөлдік нүкте арқылы орындалады.

Кернеуі 1000В-қа дейін оқшауланған бейтарабы бар электрлік қондырғыларды аса қауіпсіздікті талап ететін жерде қолдану жөн (торф өндіру кәсіпорындарында, көмір шахталарында және т.б.) және оларға шарт қойылады: желі оқшауламасының бақылауын қамтамасыз ету және теілу сақтандырғыштың тұтастығы, қызметкерлердің жерге тұйықталу зонасын тез арада іздеп табу және оны жою немесе жерге тұйықталу зонасын автомат арқылы өшіру. Қауіптігі аз шартта айнымалы ток төрт сымды желілерде және тұрақты ток үш сымды желілерде бейтарап тұйықтау міндетті түрде керек;

2) кернеуі 1000В-тан жоғары электрлік қондырғылар келесі түрге бөлінеді:

- оқшауланған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 35 кВ-қа дейін);

- сыйымдылық тоғын өтемдеу үшін индуктивті кедергі арқылы жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 35 кВ-қа дейін және сирек кезде 110 кВ);

-жерге қосылған бейтарабы бар қондырғылар (кернеуі 110 кВ-қа дейін және жоғары).

Сонымен қатар бұл қондырғылар аз шамалы жерге тұйықталу тоғы бар қондырғылар (500 А-ге дейін) және үлкен жерге тұйықталу тоғы бар қондырғылар (500А-ден жоғары) болып бөлінеді;

г) ток жиілігі бойынша электр энергияны қабылдағыштар-өндірістік жиілікті қабылдағыштар (50Гц), үлкен жиілікті қабылдағыштар (100 кГц-тен жоғары), жоғары жиілікті қабылдағыштар (10 Гц-ке дейін) және төмен жиілікті қабылдағыштар (50 кГц-тен төмен) болып бөлінеді.

Көп жағдайда қабылдағыштар өндірістік жиіліктегі электр энергияны пайдаланады. Үлкен жиілікті және жоғары жиілікті қондырғылар металды балқыту үшін қолданады. Жоғары жиілікті қондырғыларға, мысалы текстилді өнеркәсіпте жасанды жібек өндіретін электрқозғалтқыштар жатады (133Гц);

д) электр энергия қабылдағыштары режим ұқсастығы бойынша, яғни жүктеме графигінің ұқсастығы бойынша топтарға бөлінеді. Тұтынушылардың осы топтарға бөлінуі жалпы электр жүктеменің қосындысын табуға мүмкіндік береді.







Date: 2016-05-25; view: 1866; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию