Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Мемлекеттік басқару әдістерінің түсінігі және түрлерін ашып анықта
Мемлекеттік реттеу өзінің мәні бойынша мемлекеттік басқарушылық қызметтің өте қажет элементі,оның функцияларының яғни қызметінің негізгі бағыттарының бірі.Бұл сияқты функциялардың ішінде әдетте өкім ету,реттеу,ұйымдастыру,үйлестіру және бақылау аталады.Бұл орайда өкім ету басқару субъектісінің басқару объектілерінің қызметіне тікелей араласуын болжайды.Ал реттеуді алатын болсақ,оның мәні осы сияқты объектілердің қызметінің белгілі бір тәртібін белгілеуден,яғни оны ретке келтіруден тұрады.Реттеу,басқаруға қарсы қойылмайтындығы осының өзінен-ақ белгілі.Өзгеше болуы мүмкін емес,өйткені басқару қызметі функцияларының біреуі осы қызметтің бәрін«сіңіруі»мүмкін емес.Атқарушы билікті жүзеге асыру тәжірибесі дәлелдеп отырғандай,мемлекет басқара отырып,реттейді,ал реттей отырып-басқарады.Соған сәйкес атқарушы билік органдарының құзыретінен өкім етушілік те,сондай-ақ реттеушілік те өкілеттіктерді оңай табуға болады.Басқару дәстүр бойынша оның субъектілеріне тікелей бағындырылған объектілердің болуымен,ал реттеу-көпшілігінде басқару субъектісіне бағынышты емес объектілерге ықпал жасаумен байланыстырылады.Алайда мұның бәрі шартты жағдай,өйткені екі жағдайда да атқарушы билікті нақты іске асырудың қандай да бір нұсқалары жобалап түсініледі.Ал мұның өзі мемлекеттік басқару мемлекеттік реттеумен салыстырғанда едәуір кең ұғымы екендігін білдіреді.Таза заңдық мағынасында реттеу,басқару процесі элементі(функциясы)бола отырып,өзінің көрінісін басқарылатын аяда мінез-құлықтың ережелерін белгілеуден,яғни құқықтық реттеуден табады.Біздің жағдайда,әкімшілік құқықтық реттеу көзделіп отыр.Сонымен,біз ең айқын көріністері бар белгілермен таныстық,солардың көмегімен атқарушы билік және оны нақты жүзеге асырудың механизмі туралы түсінік алуға болатын болды.Соңғы жағдайда атқарушы биліктің ұйымдастыру құқықтық сипаттамасы еске алынып отыр.Оның негізі-тиісті құқықтық рәсімдерді қажет ететін мемлекеттік қызметтің барлық өзге түрлері сияқты,атқарушы билік органдарының мемлекеттік басқарушылық қызметі.Дәстүр бойынша атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде қалыптасатын қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу міндеті ерекше құқық саласы әкімшілік құқыққа жатады.
Date: 2016-05-23; view: 973; Нарушение авторских прав |