Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Бос әкімшілік лауазымдарға жұмысқа тұрудың тәртібін ашып түсіндір
Әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдарға орналасуға конкурс Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттiк қызметке бiрдей кiру мүмкiндiгiнiң конституциялық құқығын қамтамасыз етедi. Конкурсты бос әкiмшiлiк мемлекеттiк лауазымдары бар мемлекеттiк орган (бұдан әрi - мемлекеттiк орган), немесе Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмi бойынша мемлекеттiк қызмет iстерi жөнiндегi өкiлеттi орган (бұдан әрi - өкiлеттi орган) лауазымдардың сәйкестi санаттарына резервшiлер тiзiмi қаралғаннан кейiн өткiзедi.Конкурс жариялаған мемлекеттiк орган әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымдарына орналасуға үмiткерлердi iрiктеудi жүзеге асыруға өкілетті конкурс комиссиясын құрады. Конкурс өткiзiлген кезде "Мемлекеттiк қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының және өзге де мемлекеттiк қызмет туралы заңдардың талаптары сақталуы тиiс.Конкурс комиссиясының шешiмi әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметтің бос лауазымына орналасудың немесе мұндай лауазымға орналастырудан бас тартуға негiздеме болады. Мемлекеттік орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған жағдайда, жарияланған конкурс оның өткізудің кез келген кезеңінде ол туралы міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарына жарияланып тоқтатылуға тиіс. Конкурс өткiзудiң шарттары мен тәртiбi. Конкурсқа Қазақстан Республикасының азаматтары қатысуға құқылы:1) жасы он сегiзден төмен емес;2) тиiстi бiлiмi, кәсiби дайындық деңгейi болуы және белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сәйкес. Конкурсқа қатысуға мынадай азаматтар жiберiлмейдi:заңдылық күшi бар сот шешiмiмен жұмыс iстеу қабiлетi төмен немесе жұмыс iстеу қабiлетi шектелген болып танылғандар;заңдылық күшi бар сот шешiмiмен белгілi бiр анықталған мерзiмге дейiн мемлекеттiк қызметтi атқару құқығынан айырылғандар;мемлекеттік қызметке кірер алдында екі жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін тәртіптік жауапкершілікке тартылған; мемлекеттік қызметке кірер алдында бір жыл ішінде қасақана құқық бұзушылығы үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған; мемлекеттік қызметке кіргенге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; мемлекеттік қызметке кіру уақытына өтелмеген немесе заңда белгіленген тәртіппен алынбаған соттылығы бар адамдар.
Date: 2016-05-23; view: 917; Нарушение авторских прав |