Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Р-ның Үкіметінің құқықтық мәртебесі





Қазақстан Республикасының Үкіметі – Қазақстан Республикасы мемлекеттік билігінің жоғарғы атқарушы органы. Оның құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен (64-70-баптар), «ҚР-ның Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Конституциялық заңмен, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 1997 жылғы 24 ақпандағы және 1999 жылғы 6 мамырдағы Конституциялық заңдармен белгіленген.

ҚР-ның Үкіметі – ҚР-да атқарушы биліктің біртұтас жүйесін басқаратын алқалы орган. ҚР-ның Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және Премьер-министр Кеңсесінің басшысы Үкімет мүшелері болып табылады. ҚР-сы Президенті өз қалауы бойынша Үкіметтің құрамына республикалық атқарушы

билік органдарының өзге де басшыларын енгізуі мүмкін. ҚР-сы Президенті ҚР-ның Конституциясында қаралған тәртіппен ҚР-ның Премьер-министрін тағайындайды. Оны қызметінен босатуды Премьер-министрдің орнынан түсетіні туралы арызы бойынша немесе ол өз өкілеттіктерін орындай алмайтын жағдайда Президент жүзеге асырады. Премьер-министрдің орнынан түсуін Президенттің қабылдауы немесе оны қызметінен босатуы бүкіл Үкіметтің өкілеттігі тоқтатылғанын білдіреді.

Премьер-министр өзі тағайындалғаннан кейін он күн мерзімде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді. Үкіметтің құрылымын министрліктер және өзге де орталық атқарушы органдар құрайды. Үкіметтің құрамына Үкімет мүшелері Республиканың Премьер-министрі, оның орынбасарлары, министрлер және республиканың өзге де лауазымды адамдары кіреді. Президент Премьер-министрдің ұсынуымен Премьер-министрдің орынбасарлары мен министрлерді қызметке тағайындайды және қызметтен босатады. Жоғарыда аталған Президенттің 2005 жылғы 4 мамырдағы жарлығымен әлеуметтік-экономикалық блок министрлерін олардың кандидатураларын Парламент Мәжілісі мен Сенатының бейіндік комитеттерінде алдын ала талқылағаннан кейін тағайындау тәжірибеге енгізілетін болды.

ҚР-ның Үкіметі атқарушы билік органдарының қызметіне басшылық жасайды және олардың жұмысына бақылау жасауды жүзеге асырады. Республика деңгейіндегі атқарушы билік органдары Үкіметке бағынышты және оның алдында жауап береді.

 

 

Date: 2016-05-23; view: 961; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию