Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Атқарушы билік органдарының жүйесі





 

Атқарушы билік органы – мемлекеттік биліктің атқарушы билік тармағын жүзеге асыратын негізгі субъект. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті жүзеге асыру, әкімшілік құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Атқарушы билік органы деп билікті бөлу принципіне сәйкес мемлкеттің тапсыруымен қоғамның шаруашылық, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік саяси өмірінің әр түрлі салаларында атқарушы өкім етуші қызметті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік биліктік механизмінің буыны түсініледі. Атқарушы билік органы заң шығарушы және сот билігі органдарымен қатар мемлекеттік аппараттың жеке буыны болып табылады. Яғни ол мемлекеттік орган ретінде мемлекеттік басқару мен бақылауды атқаруға уәкілдік берілген, заңнамалармен белгіленген тәртіппен құрылатын мемлекеттік мекеме. Атқарушы билік органдарына берілетін мемлекеттік биліктік сипаты бар өкілеттіктердің мәні олардың мынадай құқығынан көрініс табады: мемлекеттің атынан заңды түрде міндетті болатын құқықтық актілер шығаратын құқығынан, құқықтық актілермен белгіленетін талаптар мен ережелердің сақталуына мемлекет атынан байқау жасауды жүзеге асыру құқығынан, заңды түрде міндетті болатын актілердің талаптарын орындауды қамтамасыз ету және өзінің сипаты бойынша мемлекеттік мәні бар иландыру, түсіндіру, көтермелеу сияқты шараларды, ал қажет болған жағдайдамемлекеттік мәжбүрлеу шараларын қолдану жолымен оларды бұзушылықтан қорғау құқығынан көрініс табады. Атқарушы билік органдары өздерінің мемлекеттік биліктік өкілеттіктерін тек қана мемлекеттік басқарушылық қызметтің мақсаты үшін пайдаланылады. Атқарушы билік органдары өзінің қызметінің мазмұны мен нақты бағыты бойынша айырылысады. Оларды мынадай түрлерге топтастыруға болады:1. Қызметінің аумақтық көлемі бойынша: республикалық және жергілікті атқарушы билік органдарын бөлуге болады.2. Құзіретінің көлемі мен сипатынақарай мынадай атқарушы билік органдары бар:- жалпықұзіретті, яғни, мемлекеттік басқарушылық қызметтің бәріне немесе көпшілік учаскелеріне таратылатын функциялар мен өкілеттіктерді жүзеге асыратын органдар. (Үкімет, әкімдіктер);- салалық құзіретті, функциялары мен өкілеттіктерін өздеріне тапсырылған басқару салаларының шегінде жүзеге асыратын органдар. (министрліктер, комитеттер);- салааралық құзіретті, барлық немесе бірнеше салалық жүйелер үшін ортақ болатын өздерінің қарауына жатқызылған арнайы мәселелер бойынша өкілеттіктер жүзеге асыратын органдар;- аралас құзіретті, өзінің өкілеттіктерін әрі салалық, әрі салааралық көлемде жүзеге асыратын органдар.3. Құру тәртібі мен тәсілі бойынша:мемлекет басшысы құратын, мысалы, ҚРның Президенті ҚР Үкіметін, министрліктерін құрады;атқарушы билік органдарының өздері құратындары;жекелеген жағдайларда сайлау тәсілі қолданылады.4. Ведомстволық қарасты мәселелерді шешу тәртібі бойынша:құзіретінің негізгі мәселелерін алқалы негізде, оның құрамына кіретін адамдардың көпшілік даусымен шешетін алқалы органдар. Мысалы Үкімет;құзіретінің негізгі мәселелерін басшылары шешетін жеке дара басшылық органдары, мысалы, министрліктер, агенттіктер.5. Ұйымдастыру құқықтық нысандары бойынша ажыратылатын органдар, олар өздерінің көрінісін ең алдымен өздерінің атауларынан табады. Атқарушы билік органдарының жүйесі деп біріне бірі бағынышты органдардың өз араларында құзіретін бөлу негізінде олардың арасындағы тік байланыс түсініледі.Қазіргі кезде атқарушы билік органдарының жүйесі мыналардан тұрады: ҚР-ның Үкіметі, ҚР-ның министрліктері, ҚР-ның агенттіктері, ҚР-ның министрліктерінің комитеттері, әкімдіктер, әкімдер, өзге органдар.

 







Date: 2016-05-23; view: 1573; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию