Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Кімшілік-құқықтық нормалардың түсінігін түсіндір және олардың түрлері





Басқарушылық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мемлекеттік басқару аясындағы олардың қатысушыларының тиісті мінез құлқының шекарасын айқындайтын әкімшілік – құқықтық нормалардың көмегімен жүзеге асырылады. Оларда әкімшілік құқықтың реттеушілік рөлі тікеліей көрініс табады. Әкімшілік құқықтық нормалар мемлекет тағайындайтын мінез құлықтың ережелері болып табылады, олардың мақсаты атқарушы билік механизмінің қызметі аясында пайда болатын, өзгертілетін және тоқтатылатын қоғамдық қатынастарды реттеу. Әкімшілік құқықтық нормалардың реттеушілік міндеті мынадан көрініс табады, олар атқарушы билік органдарының, лауазымды адамдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың, сондай ақ азаматтардың мемлекеттік басқару аясында жасайтын іс әрекеттері қашан және қандай шарттарды сақтаған жағдайларда заңдылықтың талаптарына дәл сәйкес болатынын белгілейді. Сонымен бірге әкімшілік құқықтық нормаларда қандай іс әрекеттерді жасауға болатындығы, қандайларынан бас тарту тиіс екендігі көрсетіледі.Әкімшілік құқықтық нормаларда кез келген құқықтық нормаға тән болатын қасиеттер көрініс табады. Соған сәйкес олар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттері мен құқықтарын, сондай ақ құқықтарды бұзған және міндеттерді орындамаған жағдайда олардың жауапкершілігін белгілейді. Әкімшілік құқықтық нормалар тек азаматтардың мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдарының реттелетін басқарушылық қатынастар аясындағы құқықтарын ғана емес, сонымен бірге атқарушы органдардың белгілі бір іс әрекеттерді жасауға тыйым салуды да, сондай ақ олардың қатынастың екінші тарабының құқықтарын елемеген үшін жауапкершілігін де қамтиды, олардың заңдық кепілдіктерін де бекітеді. Әкімшілік құқықтық нормалардың көпшілігі атқарушы билік органдарына арналады. Әкімшілік құқықтық нормалардың ерекшеліктері туралы айтқанда, бірқатар өзге маңызды мән жайларды ескермеуге болмайды. Мысалы, олар тікелей атқарушы билікті жүзеге асыру процесінде және ерекше маңыздысы сол оның субьектілерінің өздерімен айтарлықтай жиі белгіленеді. Әкімшілік құқықтық нормалар өздеріне қол сұғудан (олардың талаптарын орындамау немесе адал орындамау) қорғанудың өзіндік заңдық құралдарымен қамтамасыз етілген.Бұл жерде, қағида бойынша соттан тысқары да болатын әкімшілік жауапкершілік еске алынып отыр. Әкімшілік құқықтық нормалар көптеген жағдайларда, құқықтың өзге салаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың тек қорғаушысы ретінде ғана емес, реттеуші рөлін атқара алады. Әкімшілік құқықтық нормалардың құрылымын алатын болсақ ол дәстүрдегідей: гипотеза, диспозиция және санкция. Әкімшілік құқықтық норманың гипотезасы заңдық айғақ түрінде болуы мүмкін.(мысалы, қызмет туралы контракт жасау, белгілі бір жасқа толу). Диспозицияда міндеттейтін, ерік беретін, тыйым салатын сипаты бар мінез құлық ережесінің өзі болады, соған сәйкес құқыққатынастың қатысушылары іс әрекет жасайды. Ал әкімшілік құқықтық норманың санкциясы әдетте жауапкершілік шарасын (әкімшілік немесе тәртіптік) немесе әкімшілік мәжбүрлеудің өзге шарасын қарайды.(мысалы, адамды әкімшілік ұстау). Әкімшілік құқықтық нормада санкцияның болмауы да мүмкін.Әкімшілік құқықтық нормалары өздерінің реттеушілік бағыттылығына және заңдық мазмұнына байланысты бірнеше топқа бөлінеді:


1.Заңдық биліктік нұсқамалардың мақсаттарына сәйкес келетін олардың екі түрін бөлуге заңды түрде басты орын беріледі. Олар материалдық және процессуалдық нормалар. Материалдық әкімшілік құқ.қ нормалар реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларының міндеттерінің, құқықтарының кешенін, жауапкершілігін, яғни шындығында олардың әкімшілік құқықтықмәртебесін бекітеді. Әкімшілік құқықтың процессуалдық нормалары басқарушылық қатынастарға қатысушылардың оларға материалдық құқық нормаларымен бекітілген міндеттер мен құқықтарды іс жүзінде жүзеге асырудың тәртібін белгілейді.Бұл енді басқарушылық қатынастардың динамикасы.

2.Нақты заңдық мазмұны бойынша топтастыру. Ол практикада пайдаланылатын әкімшілік құқықтық реттеу әдістерінен туындаған: міндеттейтін белгілі бір іс әрекеттерді міндетті түрде жасауға заңдық биліктік нұсқама бар нормалар.Мысалы, мемлекеттік қызметшіні жұмысқа алғанда атқарушы органның басшысы бұйрық шығаруға міндетті. Тыйым салатын осы нормамен қаралған белгілі бір әрекеттерді жасауға тиым салатын заңдық биліктік нұсқама бар нормалар.Бұған әкімшілік құқық бұзушылық құрамын қарайтын әкімшілік құқықтық нормалар жатады. Уәкілеттік беретін немесе ерік беретін яғни нормаларда қаралған шарттар шегінде өз қалауы бойынша іс әрекет жасау мүмкіндігі қаралған әкімшілік құқықтық нұсқамалар. Ынталандыратын (көтермелейтін) яғни бұл сияқты нормаларда басқарушылық қатынастардың қатысушыларына олардың тиісті мінез құлқын қамтамасыз ету мақсатында материалдық немесе моральдық ықпал жасаудың тиісті құралдары бекітіледі. Ұсынылатын нормалар, солардың көмегімен реттелетін қоғамдық қатынастардың қатысушыларына тиісті міндеттерді шешудің неғұрлым тиімді түрі ұсынылады.Бұл сияқты нормалар, әдетте бақылау қадағалау функцияларын жүзеге асыратын органдарға және олардың лауазымды адамдарына арналады.


3.Әкімшілік құқықтық нормалар кімдерге арналғандығы бойынша топталуы мүмкін:азаматтардың әкімшілік құқықтық мәртебесін, атқарушы билік органдарын ұйымдастыру мен қызметін, мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайын, мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің қызмет атқаруының негіздерін, әр түрлі коммерциялық, оның ішінде жеке меншіктік құрылымдардың ұйымдастырылуы мен қызметін, қоғамдық бірлестіктердің әкімшілік құқықтық мәртебесін регламенттейтін нормаларды бөлуге болады. Көлемі бойынша мыналарға бөлуге болады: жалпы болатын мемлекеттік басқарудың барлық аялары мен салаларына күші болатын нормалар, бұлар Президенттің жарлықтарында және Үкіметтің қаулыларында болады. Салааралық мемлекеттік басқарушылық қызметтің қандай да бір жақтарын регламенттейтін нормалар, Салалық яғни салалық құзіретті атқарушы органдарға бекітілген аяның шегінде пайда болатын басқарушылық қатынастардың қандай да болмасын жақтарын регламенттейтін нормалар.

 

 







Date: 2016-05-23; view: 883; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию