Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Проблемалық оқыту технологиясы көмегімен «Ішкі энергия» тақырыбын оқыту





Тақырыбы: Ішкі энергия

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: дененің ішкі энергиясы ұғымын беру және ішкі энергияның өзгеру жағдайларын қарастыру, оқушылардың сұрау, талдау жасау қабілеттерін дамыту;.

2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Проблемалық технология.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, суреттер,электронды оқулық

Сабақтың барысы:

І кезең

1. Сәлемдесу;

2. Оқушыларды түгендеу;

3. Сынып бөлмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ кезең

Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.

Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ кезең

Білімді жан-жақты тексеру. Проблема тудыру. Сол арқылы оқушыларды іздендіру.

ІV кезең

Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Проблемалық сұрақтар:

1) Жеке молекуланың қозғалысы жөнінде не айтуға болады?

2) Суда еріген бояу бөлшектерінің қозғалыс траекториясы қандай? Неліктен?

3) Дене температурасы мен оның молекулаларының қозғалыс жылдамдықтары қалай байланысқан?

4) Жылулық қозғалыстың анықтамасын бер.Оның механикалық қозғалыстан ерекшелігі қандай?

5) Ғаздар, сұйыктар және қатты денелердегі жылулық қозғалысқа сипаттамабер.

6) Заттың ішкі құрылысы және жылулық қозғалыс жөніндегі білімнің маңызы неде?мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері)

V кезең

Жаңа материалды меңгерту:

Сабақтағы негізгі ұғымдар.

Механикалық энергия және оның екі түрі: кинетикалық және потенциялдықэнергия.

Механикалық энергияның бір түрден екінші түрге айналуы. Осындай түрленулердің мысалдары(серіппелі және математикалық маятниктердің тербелістері).

Механикалық энергияның ішкі энергияға айналуы.Осы кезде дененің деформациялануы және қызуы.

Дененін ішкі энергиясы - денені кұрайтын барлық бөлшектердің қозғалысының кинетикалық энергиясы мен өзара әсерлесулерінің потенциялдықэнергияларының қосындысы. Ішкі знергия-скаляр шама.

Ішкі энергия дененің температурасы мен агреғаттык күйіне тәуелді. Ішкі энергия дененің орналасу жағдайына (дене тыныштықта ма, әлде қозғалыста бола ма) тәуелді емес.

Дененің толық энергиясы — механикалық және ішкі энергияларының косындысы кез- келген процестерде өзгермейді.

Температуранын артуынша қарай дененің ішкі энергиясы да артады, себебі молекулалардың орташа кинетикалык энергиясы артады. Температураның төмендеуіне қарай дененің ішкі энергиясы азаяды.

Бір молекуланың пөтенциалдык және кинетикалык энергиясының аздығы.

Денеде молекулалар саны көп болса, сәйкесінше ішкі энергиясы да көп болады.

Сутегінің бір молекуласының ішкі энергиясы өте аз (5-10~!1Дж), ал 1 м3көлемдегі сутегінің ішкі энергиясы (140000 Дж).Осындай мөлшердегі энергия көмегімен массасы 5 т балғаны Зм биіктікке көтеруге болады.


Дененің ішкі энергиясы жұмыс атқарған кезде өзгереді.Егер денемен жұмыс атқарылса, онда дененің ішкі энергиясы артады.Дененің өзі жұмыс атқарса, онда дененін ішкі энергиясы кемиді.

ДененІң ішкі әпергиясын жылу берілу (жылу алмасу) арқылы да өзгертуге болады. Жылу алмасу температуралары әр түрлі денелер арасында жүреді.

Ішкі энергияны пайдаланудағы мәселелер. Тарихи мәліметтер.

Энергия ұғымын 1807 жылы ағылшын ғалымы Томас Юнг енгізген. Кинетшалық энергия ұғымын ағылшын ғалымы Уипъям Томсон енгізген Мөтенциальдық энергия ұғымын неміс ғалымы Герман Гельмголъц енгізген.

VІ кезең

Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

1) Өткен тақырып сұрақтарын талдау.

2)Қосымша кітаптардың сұрақтарын ауызша талдау.

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу:

VIІI кезең

Бағалау. Үй тапсырмасын беру

 







Date: 2016-05-23; view: 1035; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию