Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Сыртқы жады және кіргізу/шығару интерфейсі





TMS 320С20 микросхемасында кең диапазонды интерфейс жүйесі бар. Берілгеннің адрес кеңістігі, бағдарлама кіріс/шығыс жадымен, сыртқы құрылғымен түйіндес қамтамасыз етеді, ол жүйенің мүмкіндігін жоғарлатады. Локальді жадының интерфейсі келесіден тұрады:

- 16 – разрядты берілістер шинасы (Д0-Д15);

- 16 – разрядты адрес шинасы (А0-А15);

- берілістердің адресті кеңістігі, бағдарлама кіріс/шығыс сигналдары (*DS, *PS, *IS);

- жүйемен басқарудың әртүрлі сигналдары.

R/*W сигналы берілістің бағытын басқарады.

*STRB сигналы берілісті басқарады.

Орталық арифметикалы – логикалық құрылғы.

Орталық арифметиалы – логикалық құрылғыда (CALV) 16 – разрядты масштабты жылжымалы регистор 16*16 параллельді көбейткіш 32 – разрядты арифметикалық – логикалық құрылға (АЛҚ), 32 – разрядты аккумулятор және бірнеше қосымша жылжымалы регистор бар.

Кез – келген АЛУ операциясы келесі бірізділікпен орындалады.

  1. Мәліметтер RAM – нан берілістер шинасына ұсталады.
  2. Мәліметтер масштабталған жылдамдықтағы регистор арқылы және арифметикалық операциялар арындалатын ALU арқылы өтеді.
  3. Нәтиже аккумуляторға беріледі.

ALU бір кірісі барлық уақытта аккумулятор шығысымен байланысқан, ол ақпаратты (PR) көбейткішке өңделген регистордан немесе масштабтан жылжымалы регистор арқылы жадыдан алуы мүмкін.

 

Негізгі әдебиет: 4[182-199], 7[51-82]

Қосымша әдебиет: 9[236-283], 10[35-61]

Бақылау сұрақтары:

1. Үш шиналы Гарвардтық архитектураның ерекшелігін атаңызю

2. DSP архитектурасы бір машина циклында қандай әрекеттер орындайды?

3. Motorola фирмасы қазіргі уақытта санды процессорларының серияларын атаңыз.

4. DSP96000 құрамдас бөлігінің архитектура ерекшелігін атаңыз.

5. Texas Instruments фирмасының DSP қандай микросхемаларды ұсынады?

ГЛОССАРИЙ

 

Ақпаратты түрлендіру Құбылыстардың бір класының құбылыстардың басқа класына бейнеленуі
Алгоритм Тапсырманы шешуге қажетті әрекеттер мен ережелер жиынтығы.
Байт 8 биттен тұратын ЭЕМ жадынын немесе ондағы мәліметтердің мекентелетін ең кіші бірлігі.
Бит екілік санау жүйесінің цифры (0 немесе 1 мәнін қабылдайды).
Бульдік айнымалылар (немесе функциялар) Айнымалы шамалар мен олардың функциялары тек екі мәнді (0 және 1) қабылдайды.
Вейч-Карно картасы Ықшамдауға арналған карта
Диаграмма Сандық шамалардың немесе геометриялық тәсілмен орындалған олардың қатынастарының шартты бейнесі.
Д-кодалар Екілік-ондық кодтар (8421, 2421, 7421. 8421+3, 8421+3)
Дизьюнкция Логикалық қосу
Екілік сан 1 және 0 түрінде берілген сан
Екілік-ондық сан Сандар тетрада-тетрадамен шекаралары ашылып беріледі.
Жад мәліметтерді қабылдауға, сақтауға және беруге арналған ЭЕМ-нің функционалдық бөлігі.
Жад сыртқы мәліметтерді ұзақ уақыт сақтауға арналған алмалы-салмалы жад құралдары (магниттік диск, иілгіш магниттік диск т.с.с.).
Жад КЭШ процессор мен жедел жад арасында буфер ретінде пайдаланылатын, мәліметтер aлy (қатынас құру) уақыты жедел жадқа қарағанда өте жылдам жад түрі
Жад жедел берілген мезетте атқарылатын программалар мен оларға дер кезінде қажетті мәліметтерді сақтайтын электрондық жад.
Жылжытқыш Санды жылжыту операциясын орындайды (аңға жылжытқыш, солға жылжытқыш).
Инверсия Логикалық терістеу
Интегралдық сұлба Жүйедегі элементтердің бірыңғай корпуска конструктивтік тұрғыдан орналастырылуы.
Квайн әдісі Ықшамдауға арналған әдістердің бірі
Кері кода Санның таңбалық разрядына 1 жазылады, сандық бөліктердегі 1-лер 0-мен, 0-дер 1-мен ауыстырылады.
Коньюнкция Логикалық көбейту
Қосындылағыш Екі санды қосу құрылғысы
Қосымша кода Санның таңбалық разрядына 1 жазылады, санның сандық бөлігіндегі 1-лер нөлмен, 0-дер 1-мен ауыстырылып, ең кіші разрядына 1 қосылады.
Логика алгебрасының функциялары Екілік айнымалылар жиынтығымен анықталатын және өздері 0 немесе 1 мәнді қабылдайтын функциялар.
Ондық сан Табиғи формада берілген, араб цифрларымен берілген сандар.
Программа өңделуге тиісті реттелген командалар тізбегі; есепті шешу алгоритмін сипаттайтын программалау тілінің сөйлемдер тізбегі.
Разряд Бір биттік орын.
Сандар форматы(Формат чисел) сандарды бейнелеу (ұсыну) түрі.
Санау жүйелері Кез келген санның қайсыбір символдар (цифрлар) алфавитімен өрнектелу тәсілі
Тұрақты жад(Память постоянная) ЭЕМ жұмысы барысында мазмұны өзгертілмейтін жад. Әдетте бұл жадқа мәліметтер оны дайындап жатқан кезде жазылады.

 

 

Әдебиеттер тізімінің мазмұны:

Негізгі әдебиет:

1. К.Хамакер и др., Организация ЭВМ. Питер, 2003-845с.

2. С.Тынымбаев. Вычислительные машины6 системы6 комплексы и сети. Алматы Рауан, 1997-395с.

3. Угрюмов Е.П. Цифровая схемотехника.- СПб.: БХВ – Санкт-Петербург, 2000. - 528 с.

4. Гольденберг Л.М. и др. Цифровые устройства и микропроцессорные системы. Задачи и упражнения. Учебное пособие.- М.: Радио и связь,1992. - 256 с.

5. Бирюков С.А. Применение цифровых микросхем серий ТТЛ и КМОП.2-е изд.- М.: ДМК,2000. - 240 с.

6. Калабеков Б.А. Цифровые устройства и микропроцессорные системы. Учебник для техникумов связи.- М.: Горячая линия–Телеком, 2000. – 336 с.

7. Пухальский Г.И., Новосельцева Т.Я.Цифровые устройства. Учебное пособие для втузов.- СПб.: Политехника, 1996. - 885 с.

8. Пухальский Г.И. Проектирование микропроцессорных систем. Учебное пособие для вузов.- СПб.: Политехника, 2001.–544 с.

9. Цифровая и вычислительная техника. Учебник под ред. Э.В.Евреинова.- М.: Радио и связь,1991. - 464 с.

10. Калабеков Б.А. Микропроцессоры и их применение в системах передачи и обработки сигналов.- М.: Радио и связь,1988. - 368 с.

Қосымша әдебиет:

11.Гришин Ю.П., Казаринов Ю.М. и др. Проектирование импульсных и цифровых устройств радиотехнических систем.- М.: Высш.шк.,1985. - 319 с.

12.Сташин В.В. и др. Проектирование цифровых устройств на однокристальных микроконтроллерах.- М.: Энергоатомиздат, 1990. – 224 с.

13.Боборыкин А.В. и др. Однокристальные микро-ЭВМ. Справочник.- М.: БИНОМ, 1994. – 400 с.

Date: 2016-05-17; view: 974; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию