Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Разрядты i8086 микропроцессоры16-разрядты i8086 микропроцессоры біркристалды микропроцессорларды жасаудың бастамасы болып табылады. Бұл микропроцессорда разрядтылықтың өсуімен қатар, бірнеше архитектуралы шешімдер қабылданды:
i8080 моделінің i8086 моделіне ұқсастығын сақтап қалу үшін екі жұмыс режимі қарастырылған: «минимальді режим», «максимальді режим». Минимальді режимде i8086 микропроцессоры кеңейтілген командалар жүйесі бар 16-разрядты i8080 микропроцессоры сияқты жұмыс істейді. Максимальді режим мультипроцессорлық жүйелер құрамында i8086 жұмысына негізделген. 16-разрядты i8086 микропроцессорының құрылымдық схемасы 13.2-суретте көрсетілген. Микропроцессор құрамына үш егізгі құрылғы кіреді: - ДӨҚ – деректерді өңдеу құрылғысы; - МБҚ - магистральмен байланыс құрылғысы; - БжСҚ – басқару және синхронизация құрылғысы. ДӨҚ командаларды орындауға арналған және оның құрамына 16-разрядты АЛҚ, жүйелік регистрлер және басқа да қосымша схемалар, регистрлер блогы және микропрограммалық басқару блогы кіреді. МБҚ жадының 20-разрядты физикалық адресін және СҚ-рдың 16-разрядты адресін қалыптастыруға, жадыдан команданы таңдауға, жады құрылғыларымен, сыртқы құрылғылармен және басқа процессорлармен магистраль бойынша деректер алмасуға мүмкіндік береді.
Сурет-13.2. 16-разрядты i8086 микропроцессорының құрылымдық схемасы
13.3-суретте i8086 микропроцессорының ішкі құрылымы берілген. A/D[15:0] - [15:0] адресінің кіші разрядтары / деректер; A[19:16]/ST[6:3] - [19:16] адреса / сигнал күйлерінің үлкен разрядтары; BHE\/ST[7] – деректердің/сигналдардың үлкен байтын тасымалдауға рұқсат; STB(QS0) – адрес стробы (командалар кезегінің күйі); R\ - оқу; W\/(LOCK\) - жазу (арнаны жабу); M-IO\(ST2\) - жады – сыртқы құрылғы (цикл күйі); OP-IP\(ST1\) - шығару-қабылдау (цикл күйі); DE\(ST0\) – деректерді тасымалдауға рұқсат (цикл күйі); TEST\ - тексеру; RDY - дайындық; CLR - орнату; CLC – тактілік сигнал; INT – ішкі үзуге сұраныс; INTA\(QS1) - үзуді растау (командалар кезегінің күйі); NMI – жасырын емес үзуге сұраныс жасау; HLD(RQ\/E0) – жадыға тура қатынас құруға сұраныс (магистральге қатынас құруға сұраныс / растау); NLDA(RQ\/E1) - жадыға тура қатынас құруды растау (магистральге қатынас құруды растау); MIN/MAX\ - режимді беру потенциалы (1-min, 0-max).
·
· Сурет-13.3. i8086 микропроцессорының ішкі құрылымы Негізгі әдебиет: 4[182-199], 7[51-82] Қосымша әдебиет: 9[236-283], 10[35-61] Бақылау сұрақтары: 1. 8-разрядты i8080 микропроцессоры. 2. READY, INT, HOLD сигналдары нені білдіреді. 3. 16-разрядты i8080 микропроцессорының 8-разрядты i8080 микропроцессорынан айырмашылығы қандай? 4. 16-разрядты i8080 микропроцессоры қандай режимдерде жұмыс істейді? 5. 16-разрядты i8080 микропроцессоры қандай негізгі құрылғылардан тұрады?
|