Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Осындылағыштар





Қосындылағыш – үш екілік сандарды (қосылғыштар және алдыңғы разрядтан келген тасымал) қосуға және шығыста тасымал қалыптастыруға арналған ЭЕМ-ң функционалдық түйіні.

Жіктелінуі:

  1. Кірістер саны бойынша:

- жартылай қосындылағыштар;

- бірразрядты;

- көпразрядты: - параллельді;

- тізбекті.

  1. Разряд аралық тасымалды ұйымдастыру әдісі бойынша:

- тасымалдары тізбектеліп тасымалданатын қосындылағыштар;

- тасымалдары параллельді түрде тасымалданатын қосындылағыштар;

- тасымалдары тікелей тасымалданатын қосындылағыштар;

- тасымалдары топтап тасымалданатын қосындылағыштар.

  1. Логикалық құрылымы бойынша:

- комбинациялық;

- жинақтағыш.

  1. Тактілеу әдісі бойынша:

- асинхронды;

- синхронды.

  1. Санау жүйесі бойынша:

- екілік;

- ондық;

- кез келген басқа санау жүйелері.

 

Бір разрядты асинхронды комбинациялық екілік қосындылағыш.

    Сурет-7.1. Бір разрядты асинхронды комбинациялық екілік қосындылағыш.  
pi-1 xi yi Si pi
         
         
         
         
         
         
         
         

 

 

где

(7.1)

 

Комбинациялық схемалардың артықшылығы олардың шығыс жылдамдығында.

Кемшілігі қосынды және тасымал сигналдарының тек кіріс сигналдары бар кезде ғана болуы.

Көпразряддты тізбектелген қосындылағыш, қосындылағыш және триггер негізінде жасалынады.

 

Сурет-7.2. Көпразряддты тізбектелген қосындылағыш

 

Ақпарат С синхросигналы бар кезде х, у кірістері арқылы кіші разрядтан бастап беріледі. Келесі разрядқа тасымал рi қалыптасады, ол D триггерінде сақталынады және бірразрядты қосындылағыш кірісіне келесі синхросигналмен бірге келіп түседі. Si қосындысын шығару кіші разрядтан бастап орындалады.

Артықшылығы: аппараттық шығындардың аз болуы;

Кемшілігі: жылдамдықтың төмендігі.

 

Екілік-ондық сандар қосындылағышы.

    Сурет-7.3. Екілік-ондық сандар қосындылағыш. Екілік-ондық қосындылағыштар екілік сандармен жұмыста қолданылады. Мұндай қосындылағыштарды екілік қосындылағыштар сияқты жасауға болады. Бірақ, егер екілік қосындылағыш кезінде екімәнді үш айнымалы үшін 2 функцияны іске асыру керек болса, екілік-ондық қосындылағыш жағдайында екімәнді тоғыз айнымалы үшін 5 функцияны іске асыру керек. Бұл жағдайда 29=512 жиындардың тек 200 ғана анықталған болады. Сондықтан бұл жиындарды белгілі формальды әдістер көмегімен минимизациялауға болатын еді.

 

Сонымен қатар, функциялар мәндерінің көптеген саны анықталмай қалатындықтан, оларды оптимальды түрде соңына дейін анықтап алу мәселесі қиындайды. Сондықтан 8421 салмақты екілік-ондық кодаларды қолданғанда екілік сандарды қосындылау екі сатыдан тұрады.

Санағыштар.

Cанағыш – кірісіне келіп түскен сигналдарды санауға және кіріске келген сигналдарды n-түрдегі екілік кода түрінде шығаруға арналған ЭЕМ-нің функционалдық түйіні.

Санағыштар T, JK, DV, D триггерлерінде жасалынады.

Жіктелінуі:

  1. Санау бағыты бойынша:

- қосындылаушы;

- азайтушы;

- реверсивті.

  1. Санау жүйесінің негізі бойынша:

- екілік;

- еклілік емес;

- еркін санау коэфициенті бар.

  1. Сигналдардың келіп түсу уақыты бойынша:

- асинхронные;

- синхронные.

  1. Разрядтық немесе разряд аралық тасымалдарды ұйымдастыру әдісі бойынша:

- тізбектеп тасымалдайтын;

- параллельді түрде тасымалдайтын;

- түкелей түрде тасымалдайтын;

- комбинацияланған немесе топтасқан тұрде тасымалдау.

Тасымалдары параллельді түрде тасымалдайтын қосындылаушы синхронды санағыш.

Сурет-7.4. Т-триггерінен тұратын 4 разрядты тасымалдары параллельді түрде тасымалданатын қосындылаушы санағыш.

 

Тасымалдары параллельді түрде тасымалдайтын азайтқыш синхронды санағыш.

Сурет-7.5. DV -триггерінен тұратын 3разрядты тасымалдары параллельді түрде тасымалданатын азайтқыш санағыш.

 

Еркін санау модулі бар санағыштар, яғни К<>2N, мұндай санағыштарды тұрақты күйлерді азайту арқылы алуға болады, мұнда N шамасы – К санау коэфициенті бар санағыштағы триггерлер саны келесі шартты қанағаттандыруы тиіс:

(7.2)

Жойылуға тиісті артық күйлер саны:

(7.3)

Артық күйлерді алып тастаудың әдістері:

1. Санағыштың артық күйлер ретінде алғашқы күйлерді алып тастау, бастапқы күйді нөлдік емес күйге ауыстырады;

2. Соңғы күйлерді алып тастау табиғи санау тәртібін қалыптастырады;

Санағыштың артық күйлер ретінде ортаңғы күйлерді алып тастау, мәжбұрлі санау тәртібін қалыптастырады.

Бұл әдістер кері байланыс орнату және қосымша элементтер енгізу арқылы іске асады.

Негізгі әдебиет: 4[182-199], 7[51-82]

Қосымша әдебиет: 9[236-283], 10[35-61]

Бақылау сұрақтары:

1. Қосындылағыш дегеніміз не?

2. Қосындылағыштар қалай жіктелінеді?

3. Көпразряддты тізбектелген қосындылағыштығ схемасын салыңыз.

4. Санағыш дегеніміз не және оныі жіктелінуі?

5. Санағышты еркін модульді түрде жобалаудың қанша әдісін білесіз?

 

Date: 2016-05-17; view: 1991; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию