Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Триггерлер. Регистрлер.Үлестіргіштер





Триггерлер.

Триггерлер – бұл жады элементі мен оларды басқару схемаларын біріктіретін ЭЕМ-нің функционалдық түйін.

Жіктелінуі:

  1. Сигналдардың келіп түсуі уақыты бойынша:

- асинхронды;

- синхронды: а) біртактілі бірсатылы;

ә) біртактілі көпсатылы;

б) көптактілі.

  1. триггер-схемасын қалыптастыру типі бойынша (базисі бойынша):

- ЖӘНЕ-ЕМЕС базисінде;

- НЕМЕСЕ-ЕМЕС базисінде;

- аралас базисте.

  1. Типі бойынша (негізгі типтер):

- RS; D; DV; T; TV; JK.

ЖӘНЕ-ЕМЕС базисіндегі асинхронды RS триггер.

 
 
        -тыйым салынған күй.
         
         
        - сақтау режимі.

 

НЕМЕСЕ-ЕМЕС базисіндегі синхронные RS триггер.

 
 
    * * - сақтау режимі.
         
         
        -тыйым салынған күй.

 

 

 

ЖӘНЕ-ЕМЕС базисіндегі біртактілі бірсатылы синхронды RS триггер.

   
 
      * * - сақтау режимі.
      * * - сақтау режимі.
           
      1* 0*  
           
      1* 0*  
          -тыйым салынған күй.
      0* 0*  

 

 

D-триггері.

1 ақпараттық кірісі бар және тйым салынған күйі болмайды (немесе сақтау режимі, немесе ауысады).

 
 
         
    0* 1*  
         
    1* 0*  

 

 

Біртактілі екісатылы триггерлер.

Мұндай триггерлердің құрамында MS (Master Slave) схемасы бойынша біріккен екі бірдей біртактілі бірсатылы синхронды триггерлер болады:

- тыйм салушы байланысы бар;

- терістеуіші бар;

- түрлі өріспен басқарылатын.

Біртактілі екісатылы триггерлерлердің ерекшелігі – синхросигнал бар кезде (ЖӘНЕ-ЕМЕС базисі) бірінші сатыға ақпарат жазылады, ал дәл осы уақытта екіншісінен алдыңғы ақпарат оқылып жатады. Синхросигнал жоқ кезде бірінші саты жазылған күйді сақтайды, ақпарат бірінші сатыдан екінші сатының шығысына беріледі.

MS схемасы бойынша салынған терістегіші бар JK триггер.

Регистрлер.

Регистрлер – ақпаратты (санғ сөз, сөздің бөлігінің кодасын) жазуға, сақтауға және шығаруға арналған кеңінен таралған ЭЕМ-нің функционалдық түйіні. Сонымен қатар, регистрлер сөзді қажетті разрядтар санына солға немесе оңға жылжыту операцияларын орындауға арналған. Регистрлерде сондай ақ, тізбекті коданы параллельді кодаға және керісінше түрлендіруге, жеке жағдайларда төмендегідей разрядаралық операциялар орындауға болады:

- логикалық қосу;

- логикалық көбейту;

- 2 модуль бойынша қосу.

Жіктелінуі:

1. Жазу/оқу әдістері бойынша:

- тізбектелген;

- параллельді;

- параллельді-тізбекті;

- универсалды.

2. Келіп түсетін және шығарылатын ақпараттың фазалылыға бойынша:

- бірфазалы;

- екіфазалы;

- комбинациялық.

3. Тактілеу әдісі бойынша:

- біртактілі;

- көптактілі.

Тізбектелген регистрлер.

Тізбектелген регистрлерде сөз кодасын жылжыту тізбекті түрде жасалынады, ол үшін регистрдің синхрондаушы кірісіне (кірістеріне) жылжытқыш тактілік импульстердің сериясы беріледі.

Бір тактілі синхронизациясы бар ақпаратты бірфазалы түрде қабылдайтын жылжытқыш регистрдің қарапайым схемасы төменде келтірілген.

Сурет-6.1. Бір тактілі синхронизациясы бар ақпаратты бірфазалы түрде қабылдайтын жылжытқыш регистр

Бұл регистр ішкі тежелуі бар екісатылы D триггер негізінде жасалынған, ол триггерлердің саны регистрге жазылатын сөз кодасының разрядына байланысты. Бір бірімен тізбекті түрде жалғанған риггерлер арасындағы байланыс бірфазалы және регистрге сөзді жазу бір арна арқылы іске асырылады. D триггерден жасалынған бірфазалы жылжытқыш регистрлер байланыс саны жағынан үнемді болып келеді.

Алайда, RS және JK типті триггерлерден жасалынған парафазалы жылжытқыш регистрлер жоғары бөгеуілге төзімділігімен сипатталады.

Параллельді регистрлер бір бірімен байланыспаған N триггерден тұрады, мұнда N – регистр разрядының саны.

Ақпаратты парафазалы түрде енгізетін және тура немесе кері кодада бірфазалы түрде шығаратын параллельді регистр.

 

Сурет-6.2. Ақпаратты парафазалы түрде енгізетін және тура немесе кері кодада бірфазалы түрде шығаратын параллельді регистр.

Лестіргіштер.

Үлестіргіштер схема (түйіндер, құрылғылар) жұмыстарын басқаруға арналған сигналдарды қалытастыруға арналған.

Үлестіргіштер қалыптасатын сигналдар түрі бойынша:

- импульстер үлестіргіші;

- потенциалдар (деңгейлер) үлестіргіші.

Импульстер үлестіргіші (ИҮ) «1» деңгейлі жұмысшы сигнал ИҮ арналарының (шығыстарының) бірінде тек ауыстырғыш немесе стробтаушы импульс әсеру кезінде ғана қалыптасады.

Потенциалдар (деңгейлер) үлестіргіші (ПҮ) жұмысшы сигнал арналардың шығыстарының бірінде келесі импульс келіп түскенше тұрақты түрде болады.

Үлестіргіштерді регистрлік немесе қайтасанағыш схемалар негізінде салуға болады. 6.3-суретте импульстер үлестіргіші көрсетілген.

 

Сурет-6.3. Импульстер үлестіргішінің функционалдық схемасы.

 

Негізгі әдебиет: 4[222-299], 6[151-182]

Қосымша әдебиет: 9[283-291], 10[62-66]

Бақылау сұрақтары:

1. Тізбектелген функциналдық түйіндер дегеніміз не?

2. Триггер дегенімі не және оның жіктелінуі.

3. Регистр дегеніміз не және оның жіктелінуі.

4. Үлестіргіштер дегеніміз не?

5. Үлестіргіштер қандай құрылығыларда қолданылады?

 

Date: 2016-05-17; view: 2975; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.008 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию