Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Екілік санау жүйесінде көбейтуді жылдамдату әдістері





Арифметикалық логикалық құрылғының (АЛҚ) өнімділігі көбейту операциясының орындалуы уақытымен анықталады десекте болады, сондықтан АЛҚ жобалау кезінде бұл операцияның орындалуын жылдамдататын түрлі әдістер қолданылады. АЛҚ-ң қандай бөлігі күрделенетіне байланысты логикалық, аппараттық және комбинацияланған жылдамдату белгіленеді.

Көбейтуді логикалық түрде жылдамдату кезінде АЛҚ-ң басқарушы бөлігі өзгереді, ал операциялық құрылымы өзгеріссіз қалады. Аппараттық жылдамдату әдістері кезінде жылдамдату әсері АЛҚ-ң операциялық бөлігіне қосымша құралдар енгізу есебінен болады. Жылдамдатудың комбинацияланған әдісінде АЛҚ-ң операциялық сонымен қатар, аппараттық бөлігі де өзгеріске ұшырайды.

Көбейтуді жылдамдатудың логикалық әдісінде көбейтудің бір қадамында бірден бірнеше разрядтар талданылады.

Енді көбейткіштің екі разряды талданылатын әдісті қарастырайық. Көбейткіштің талданылатын екі разрядтары келесідей болуы мүмкін: 00, 01, 10, 11. Жұптар 00 регистрдегі көбейгіштің құрамы қосындылағышқа берілмейді, тек АКҚ-сын екі разрядқа оңға жылжыту орындалады. 01 жағдайында АКҚ-на көбейгіш (жылжытылмаған) бір рет қосылады және АКҚ оңға екі разрядқа жылжытылады. Жұптар 10 болған кезде регистр құрамындағылар қосындалағыш кірісіне солға бір разрядқа жылжытылып беріледі де, АКҚ қосылады. Және бұл жағдайда АКҚ екі разрядқа оңға жылжыйды. Егер талданылатын кезекті жұптар 11 болса, онда АКҚ-на үш еселенген көбейгішті қосу керек. Үш еселенген көбейгішшті қосу екі такті ішінде орындалады. Бірінші тактіде АКҚ-ға бір реттік көбейгіш қосылады, содан соң оған екі еселенген көбейгіш қосылады және АКҚ оңға екі разрядқа жылжыйды. Алайда, мұндай үш еселенген көбейгішті қосу көбейту операциясының орындалу уақытын ұзартады. Сондықтан жұптар мәні 11 болғанда олар 100 – 001 айырымымен алмастырылады. Және бұл жағдайда АКҚ-нан бір реттік көбейгіш алынып тасталынады және нәтиже оңға екі разрядқа жылжыйды. Коррекция белгісі кіші разрядтардың келесідей жұптарын өңдеу кезінде ескеріледі. Егер кезекті жұп 00 болса, ол 01 түрінде қарастырылады, ал егер 01 болса, онда 10, егер 11 болса, онда 00 ретінде қарастырылады. Егер көбейгіштің үлкен разрядтарының жұптары 11 және 10 болса және алдыңғы жұптардан 1-ге тең коррекция белгісі болса, онда мұндай жағдайда қорытынды нәтижені алу үшін алынған көбейтіндіге көбейгішті қосу керек.

Date: 2016-05-17; view: 1111; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию