Главная Случайная страница



Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать неотразимый комплимент Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника







Екілік санау жүйесінде алгебралық қосу





Қосындылау 2 модуль бойынша қосу ережелерімен орындалады.

 

Екілік сандарды машинада алгебралық азайту операциясы кері және қосымша кодаларда орындалады. Бұл кодаларды қолдану қосындыны есептеу арқылы айырымды анқытауға мүмкіндік береді. Нәтиже бойынша аса толуларды анықтау үшін жоғары разрядтан таңбалық разрядқа өткен тасымалдар анализденеді

Кері (немес қосымша) кодаларды қолданып алгебралық қосу операциясын орындау кезінде оң қосылғыштар қосындылағыш кірісіне тура кода кезінде беріледі, ал теріс қосылғыштар кері (қосымша) кодада беріледі. Кодаларды арифметикалық қосу кезінде таңбалық разрядтарда қатысады, олар бұл жағдайда үлкен разряд ретінде қарастыралады. Кері коданы қолданған кезде таңбалық разрядтан пайда болған тасымал қосындының кіші разрядына қосылады, ал қосымша коданы қолданған кезде таңбалық разрядтан шыққан тасымал ескерілмейді (жойылады). Егер алынған алгебралық қосынды оң таңбалы болса, онды нітиже тура кодада оқылады, егер қосынды таңбасы теріс болса, онды ол кері немесе қосымша кодаларда беріледі.

Мысал 2.4. Әр түрлі таңбалы X=+0.11001,У=-0,01010 сандарын кері және қосымша кодаларда қосу және бұл жағдайда Х+У>0.

Шешімі. X және У сандарын кері кодада бейнелейік: [Х]кері=[Х]тура=0,11001;
[У]кері=1,10101. Сандар кодасын қосындылаййық:

 

 

0,11001

+ 1,10101

10,01110

+ 1

[Х]тура+[У]кері= 0,01111 =[Х+У]кері=[Х+У]тура

Жауабы: Х+У=+0,01111.

Бірдей таңбалы екі сандарды қосу кезінде аса толу байқалуы мүмкін. алынған нәтиже осы берілген сан форматының мүмкін болатын шектік максималды мәнін асып түсуі мүмкін. ЭЕМ-де разрядтық тордың аса толуы бектіледі де, «Аса толу» сигналы қалыптасады. Екі оң сандарды қосу кезінде үлкен разрядтан таңбалық разрядқа тасымал орындалғанда аса толу орындалуы мүмкін, ал таңбалық разрядтан тасымал орындалмайды.



Мысал 2.5. X=0,11001 және У=0,10101 сандарын қосу.
Тура кодадағы қосынды келесіге тең болады:

+
[X]тура = 0,11001

[Y]тура = 0,10101

1,01110

0

1

Қосындыда аса толу бар.

Екі теріс сандарды қосу кезінде аса толу орындалса, таңбалық разрядтан тасымал орындалады, ал таңбалық разрядқа тасымал орындалмайды.

Мысал 1.6. X=-0,11001 және У=-0,10101 сандарын қосу.
Қосымша кодадағы қосынды келесідей болады:

+
[X]қос = 1,00111

[Y]қос = 1,01011

0,10010

1

0

 

Қосындыда аса толу бар.

Негізгі әдебиет:1[62-88], 3 [51-82]

Қосымша әдебиет:7[111-145], 9[305-361]

Бақылау сұрақтары:

  1. Санау жүйесі дегеніміз не?
  2. Қандай санау жүйелері позициялық емес деп саналады?
  3. Екілік санау жүйесіндегі A(2) =1011,011(2) санын қалай сегіздік санау жүйесіне ауыстыру керек?
  4. Тура, кері және қосымша кодалары не үшін қолданылады?
  5. Машинада алгебралық азайту операциялары қандай кодаларда іске асырылады?

 








Date: 2016-05-17; view: 964; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2021 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию