Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Нұра селолық округінің әлеуметтік жағдайына талдау





Білім саласы бойынша округтегі жалпы білім беретін 1 орта мектеп, 3 негізгі мектеп жұмыс жасайды, 2015/2016 оқу жылына тартылған оқушы саны 272 бала.

Т.Жүргенов атындағы орта мектеп жанында интернат жұмыс жасайды, онда 9 бала тәрбиеленуде. «Бөбек» балабақшасында 30 бала тәрбиеленуде.

Мектептер қысқы кезеңге дайын.Сұйық отынмен және қатты отынмен қамтамасыз етілген.Жылу жүйелері,жылу пештері жұмыс жасап тұр.Т.Жүргенов орта мектебінің жылу жүйесінің қазандығының электр генераторы жаңартылды.

«Мектепке жол» акциясы кезінде мекеме қызметкерлері,шаруа қожалықтар,кәсіпкерлер жиналып,көп балалы,аз қамтылған отбасылардың балаларына, ақшалай,заттай көмек көрсетті.

Т.Жүргенов атындағы орта мектеп жыл сайын ұлттық бірыңғай тестілеуден төмен нәтиже көрсетуде,мектеп ұжымының білім сапасын көтеруге жауапкершілікпен жұмыс жасау керек.

Мәдениет саласы бойынша округте 3 кітапхана, 3 клуб үйі жұмыс жасайды. Мереке күндері және жылдық жоспарларында белгіленген шаралар уақытылы аталып өтілуде.

«Елдің атын ер шығарады» дегендей,елге елеулі болған,кезінде жемісті еңбек етіп,Нұра еліне еңбегі сіңген Сәрсеналы ағамыздың 80 жасын атап өтіп,жастарға үлгі ретінде көрсетілді.

Нұра топырағынан шыққан тарихшы, өлкетанушы, шежіреші, тек ауылымыздың емес ғалымдар мен бүкіл елге танымал болған Бекарыстан Боранқұлұлының 60 жасын атап өтіп,ауыл халқымен кездесу өткізілді.

Ырғыздың 170 жылдығын жоғары дәрежеде өткізуге ауылдағы мекеме қызметкерлері мен шаруа қожалықтары,жеке кәсіпкерлер белсене ат салысты.Оның ішінде өз ағаш үйлерін апарып тіккен Қараш Жұбаназаров, Шыңғыс Оспанов,қаржылай көмек көрсеткен Ерхосай Балаев,Болат Қоқымбаев,Үсен Ұзақов,Нақыш Ермағанбетова,Мереке Жеңсікбаев,Саламат Дәуренбековтерге алғыс айтамыз.

Денсаулық саласы бойынша 1 ОДА, 3 ФАП бар оларда 1 дәрігер, 7 медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды,компьютерлендірілген.Өкпе ауруымен жаңадан тіркелгендер жоқ.

Қылмыс жағдайы бойынша 1 қылмыс тіркелді. Ауылдық округте осы кезге дейін тұрақты полиция қызметкері жоқ. Уақытша болған полиция қызметкерлері де тұрақтап жұмыс жасамайды.

Date: 2016-05-16; view: 503; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию