Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Жұмысты жазудағы міндеттерСтр 1 из 6Следующая ⇒
Азақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті Экономика және құқық институты Мемлекеттік басқару және маркетинг» кафедрасы «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының 4 курс (8семестр) студенттерінің Ндірістік практикасына арналған КҮНДЕЛІК Ақтөбе- 2016 ж. КҮНДЕЛІК Өндірістік практика 2015-2016 оқу жылы (практика түрі)
Экономика және құқық институтінің 4 курсының студенті Фамилиясы:Мұхамбетқали Аты-жөні: Бекарыс Практика:«Нұра ауылдық округінің әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде өтті (өндірістің аты) Практиканың күнтізбелік мерзімі: Оқу жоспары бойынша басталуы: 18.01.2016 ж. аяқталуы: 26.03.2016 ж. Практикаға келген уақыты: «18» қаңтар 2016 ж. Практиканың аяқталған уақыты: «26» наурыз 2016 ж. Практиканың университеттегі жетекшісі
Кафедрасы: «Мемлекеттік басқару және маркетинг» Дәрежесі: э.ғ.к. Фамилиясы: Есберген Аты-жөні: Раушан Қызметі: аға оқытушы Практиканың өндірістегі жетекшісі:
Фамилиясы: Қалиева Аты – жөні: Гүлсінай Қызметі: «Нүра ауылдық округінің әкімі аппараты» ММ-нің бас маманы.
МАЗМҰНЫ Кіріспе Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі 1.1. «Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен міндеттері 1.2. «Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы және қызметін ұйымдастыру
Нұра ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық даму жағдайы 2.1 Нұра ауылдық округінің бүгінгі даму ахуалы 2.2Нұра селолық округінің әлеуметтік жағдайына талдау Нұра ауылдық округінің әлеуметтік экономикалық жағдайын жақсарту жолдары Орытынды Олданылған әдебиет
Кіріспе Қазақстан Республикасының Президенті өз сөздерінде және Жолдауларында қазақстандықтардың өмір сүру сапасының өсуіне және бәсекеге қабілетті мемлекет құруға бағытталған бірқатар маңызды стратегиялық міндеттерді қойды. Қойылған міндеттердің ішінде ауылдың дамуына да зор көңіл аударылған. Ауыл шаруашылығы Қазақстан экономикасының негізгі салаларының бірі болып табылады. Ел тұрғындарының 40%-дан астамының қызметі мен тіршілік көзі ауылдық жер болып табылады, олардың көпшілігі үшін жер - негізгі өндіріс құралы. «Қазақстанда тарихи, әсіресе әміршіл экономика дәуірінде, адамдарды ауылдық жерлерге қоныстандыру нарықтық экономика тұрғысынан да, әлеуметтік және экологиялық жағынан да сәтсіз қалыптасып келеді. Нәтижесінде құлдырау экономикасы көптеген ауылдық аудандардың сипатты белгісіне айналды. Мемлекеттің күллі қаржы-экономикалық саясаты, соның ішінде әлеуметтік және ауылшаруашылық саясаты адамның тіршілігі мен нарықтың жұмыс істеуі тұрғысынан тек перспективалы аумақтарға ғана іріктеп бағытталуы тиіс»- деп баса айтқан еді Н.Ә.Назарбаев. «Нұра ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы заңдарымен көзделген тәртіпте мемлекеттік басқару қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Аппарат өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Президент пен Үкімет актілері, облыс әкімінің, әкімдігінің және Ырғыз ауданы әкімі мен әкімдігінің актілері, басқа да нормативтік құқықтық актілері және Ереже негізінде жүзеге асырылады. Нұра - Ырғыз ауданының солтүстік шығысындағы ауыл, ауылдық округ орталығы. Торғай өзенінің бойында орналасқан. «Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы - Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара қарым-қатынаста аумақтың мүддесін қорғап, аумақта Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Президенті мен Үкіметінің актілерін орындауды қамтамасыз ету. Халқымызда «Қазынасы бар елдің қазаны ортаймайды» - деген қанатты сөз бар. Ауылдағы өзекті мәселелерді түпкілікті шешу үшін бюджеттің кіріс бөлігінің орындалуының маңызы зор. Өндірістік тәжірибе есебін жасаудағы мақсат -ауылдың дамуы мен халықтың хал-ахуалын, тұрмыс-тіршілігін жақсарту жолында жасалған жұмыстармен танысып, әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдап, аймақтың даму бөлімінің қызметіндегі «Өңірлерді дамыту 2020» бағдарламасы жағдайын анықтау болып табылады. Болашақта өмірлік іс-тәжірибеде пайдалану. Жұмысты жазудағы міндеттер - «Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы ережесі мен негізгі міндеттерін қарастыру; - Қазақстан Республикасы Заң актілермен көзделген міндеттерін талдау; - «Нұра ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін құру жөніндегі актілерге шолу жасау. 2 - тарауда, Нұра ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы және ауылдық округтегі барлық мекемелер туралы ақпараттар талқыланған. 3 - тарауда, Нұра ауылдық округінің әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту жолдары, бүгінгі таңдағы өзекті проблемалар және оларды шешу жолдары қарастырылған. Осы жұмысты жазу барысында келесідей ақпарат көздері пайдаланылды: Президент қаулылары, Нұра ауылдық округі әкімінің есебі, аудан әкімінің есебі, Ырғыз ауданының 2011-2015 жылдарға арналған даму бағдарламасы.
Date: 2016-05-16; view: 563; Нарушение авторских прав |