Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Тақырып 7. Сүт пен ет өнімдері, жеміс пен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінің сандық анализі
Дәріс 9-10-11-12 Тамақ өнімдерін анализінің физика-химиялық әдістері. Әдістердің жалпы сипаттамасы. Тамақ өнімдерінің реологиялық қасиеттерін зерттеу әдістері. Сүт пен ет өнімдері, жеміс пен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінің анализінің хроматографиялық әдістері. Тамақ өнімдерінің реологиялық қасиеттерін зерттеу әдістері. Сүт пен ет өнімдері, жеміс пен көкөністерді қайта өңдеу өнімдерінің анализінің хроматографиялық әдістері. Тамақ өнімдерін спектроскопиялық зерттеу әдістері. Шикізат пен дайын өнімдерінің сапасын бағалауда спектрлерді қолдану. Химиялық құрамды анықтаудың экспресс әдісі ретінде анализдің спектральді әдістері. Электромагниттік сәулеленудің (ЭМС) толқынды және квантты сипаттамасы. Атомды-эмиссиялық және атомды-абсорбциялық спектроскопия. Тамақ өнімдерінің технологиялық көреткіштерін анықтаудың электрохимиялық әдістері. Потенциометриялық анықтау негіздері. Ионометрия мен рН-метрия қолданумен кейбір иондарды, макро- мен микроэлементтерді анықтау.. Анализдің кинетикалық, биохимиялық және биологиялық әдістері. Сандық анализ Ауыл шаруашылығында анализ объектісі - олар топырақтар, өсімдіктер, тыңайтқыштар, пестицидтер, жануар және өсімдік текті өнімдер. Біртекті емес объектілерде (мысалы, топырақта, тамақ өнімдерінде, жемде қалған пестицидтердің қалдық мөлшері, тиісті тыңайтқыштарда немесе топырақта K2O немесе P2O5 мөлшері және т.б.) жеке элементтер немесе жеке заттардың (компоненттер) сандық мөлшері (ережеге сәйкес пайызбен) анықталады [35]. Сандық анализ элемент немесе зат (немесе олардың концентрациясы) мөлшері мен өлшенетін физикалық мән арасындағы функциональдік тәуелділікке негізделген. Сандық анализдің көптеген әдістері химиялық және физикалық болып бөлінеді. Олар өлшенетін физикалық мән бойынша жіктеледі (кесте 5).
Кесте 5 Өлшенетін физикалық мән бойынша сандық анализдің маңызды түрлерінің жіктелуі
Әрбір әдістің өзіндік мүмкіндігі, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сандық анализдің физикалық және физика химиялық (инструментальдік) әдістер негізінен жылдам мен жоғары сезімталды, бірақ күрделі қондырғыны және жоғары квалификациялы аналитиктерді талап етеді. Анализдеудің химиялық әдістері (гравиметрия, титриметрия, газоволюметрия) - көне, «классикалық», жақсы өңделген және толық түрде дәлдікте, және анализ үшін көп уақыт кетсе де олар кең көлемде қол жетімді, және күрделі қондырғыны талап етпейтін әдістер. Мысалы, титриметрия немесе газоволюметрияны егістік жағдайында да қолдануға болады [33]. Date: 2016-05-15; view: 1395; Нарушение авторских прав |