Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Аналитикалық сигнал. Өлшеу





Үлгі таңдаған және дайындағаннан соң компонентті табу немесе оның мөлшерін анықтау кіретін химиялық анализ сатысы басталады. Осы мақсатта аналитикалық сигнал өлшенеді. Кейбір жағдайда тура мақсатта мөлшерін анықтау мүмкін.

Компонентті анықтау қажет болған жағдайда алдымен аналитикалық сигнал қабылданады– тұнба түзу, түс өзгеру, спектр линиясы және т.б. Аналитикалық белгі анық болуы тиіс. Компонент мөлшерін анықтау кезінде аналитикалық сигналдың сан мөлшері өлшенеді: тұнба массасы, ток күші, спектр линиясының жиілігі және т.б. [33]

Аналитикалық сигналды өлшеу кезінде анықталатын компонент мөлшерінің функциясы болатын пайдалы аналитикалық белгінің және анықталатын компонент қоспасы мен ерітіндіде, еріткіште және үлгі матрицасында кедергі келтіретін компоненттер кіретін аналитикалық белгі қорының болуы ескеріледі. Сонымен қатар бұл жағдайда өлшеу приборларында, арттырғыштар мен басқа да аппаратураларда болатын шу болуы да ескертіледі.

Аналитикалық белгі мен мөлшер арасындағы болатын тәуелділік негізінде анықталатын компонент концентрациясын табады.

Бұл жағдайда градуирленген график әдісі, стандарттар немесе қоспалар қолданылады.

Белгісіз компонент мөлшерін анықтау әдістерінде функциональдік y=Sx тәуелділік қолданылады. Сезімталдық коэффициенті S (кейбір кезде оны жай ғана сезімталдық деп атайды) компонент мөлшеріне аналитикалық белгінің дыбыс беруімен сипатталады. Сезімталдық коэффициенті – берілген мөлшер анықталатын жағдайда градуирлеу функциясының бірінші мәні.

Химиялық анализ кезінде бір анықтаумен шектелмейді, негізінен бір үлгі және бірдей жағдайда бірнеше параллель анықтау (ереже бойынша 3-5) жүргізеді. Параллель анықтаудың орташа нәтижесі анализ нәтижесі болып саналады және с немесе х арқылы белгіленеді. Анықталатын компоненттің шын мөлшерінен анализ нәтижесінің ауытқуы (сист., хист.) анықтау ауытқуы (погрешность) деп аталады [34].







Date: 2016-05-15; view: 1821; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию