Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Адамзаттың қабылданған ақпаратпен байланысы қандай?





ДӘРІС

Тақырыбы: Кіріспе. Информатка пәні, объектілері және оның құрамдас бөліктері. Дискретизация түсінігі, тілдер – объектілерді және процесстерді бейнелеу әдістері. Суреттерді формализациялау. Компьютерлік графика түсінігі. Информатиканың геометриялық түсінігі.

Информатика пәні. Ақпарат ұғымы.

Информатика пәні мен оның мәселелері. Дискретизация түсінігі. Суреттерді формализациялау. Компьютерлік графика түсінігі.

Есептеу техникасының даму тарихы. Информатиканың геометриялық түсінігі.

 

Ақпарат ұғымы.

“Ақпарат” термині латынның «INFORMATION» - түсіндіру, баяндау, білу деген сөзінен шыққан. Ақпаратты біз ауызша немесе жазбаша түрде, қимыл не қозғалыс түрінде бере аламыз. Кез- келген керекті ақпараттың мағынасын түсініп, оны басқаларға жеткізіп, соның негізінде белгілі бір ой түйеміз.

Жалпы тұрғыдан алғанда, ақпарат – таңбалар мен сигналдар түрінде берілген әлемнің, заттың бейнесі болып саналады. Ақпарат алу дегеніміз – бізді қоршаған құбылыстар мен нысандардың өзара байланыстары, құрылымы немесе олардың бір-біріне қатысуы жөнінде нақты мағлұматтар мен мәліметтер алу деген сөз.

Сонымен, Ақпарат – белгілі бір нәрсе (адам, жануар, зат, құбылыс) туралы таңбалар мен сигналдар түрінде берілетін мағлұматтар.

Ақпараттың түпкі заттық мазмұны оның негізгі қасиеттерін – дәлдігі мен толықтығын, бағалығы мен қажеттілігін, анықтылығы мен түсініктілігін ашуға көмектеседі.

Ақпарат істің ақиқаттық жағдайын толық ашатын болса, оның дәл болғаны. Дәлдігі жоқ ақпарат оны түсінбеушілікке және соған байла нысты теріс шешім қабылдауға әкеліп соқтыруы мүмкін.

Егер ақпарат оны түсінуге және белгілі бір шешім қабылдауға жеткілікті болса, онда оның толық болғаны. Ақпараттың толық болмауы ол жөнінде белгілі бір тұжырымға келуге кедергісін тигізіп, қателікке ұрындыруы мүмкін.

Ақпараттың бағалылығы – оны пайдалана отырып, қандай мәселелер шеше алатынымызға байланысты болады. Өзекті (дер кезінде берілген) ақпарат жұмыс шарттары өзгерген жағдайда өте қажет болады.

Егер бағалы, әрі өзекті ақпарат түсініксіз сөздермен жазылса, оның пайдаға аспайтыны өзінен-ақ белгілі.

Ақпарат түрлері: мәтін, сурет, фотобейне, дыбыстық сигналдар, электрлік сигналдары, магниттік жазба және т.б.

Адамзаттың қабылданған ақпаратпен байланысы қандай?

Біріншіден, адамзат ақпаратты сақтайды. Әрдайым ақпаратты сақтау үшін адамзат тасымалдаушыларды пайдаланады: папирус, қағаз, фотопленка, кассеталар, дискілер және т.б.

Екіншіден, адамзат ақпаратты таратады. Ақпаратты тарату кезінде бір адам ақпаратты тарату көзі болса, екіншісі ақпаратты қабылдаушы болады.

Мысалы, кітап оқу арқылы Сіз ақпаратты қабылдаушысыз, ал кітап авторы ақпаратты тарату көзі болып табылады. Егер оқығаныңызды өзге адамға айтып берер болсаңыз, онда Сіз ақпарат тарату көзісіз, ал тыңдаушыңыз - Сіздің қабылдаушыңыз.

Ақпаратты тарату – екі жақтылы процесс, мұнда әрдайым таратушы мен қабылдаушы болуы қажет.

Ақпаратты тарату барысындағы құралдар ақпаратты тарату каналдары болып табылады: теледидар, радио, компьютерлік желі, басылымдар және т.б.

Үшіншіден, адамзат қабылданған ақпаратты өңдейді. Қабылданған ақпаратты өңдеу дегеніміз: жаңадан ақпарат алу, қабылданған ақпаратты қандай да бір ретке келтіру, өзіне қажетті ақпаратты іздеу жұмыстарын ұйымдастыру.

Мысалы, қандай да бір есепті шығару барысындағы сіздің әрекетіңіз:

1.Кітаптан есеп шартын оқисыз – ақпарат аласыз;

2.Есепті шығарасыз- ақпаратты өңдейсіз;

3.Нәтижені оқытушыға жеткізесіз – ақпаратты таратасыз.

Адамзаттың ақпаратты өңдеу процесі – үздіксіз процесс, тіпті ұйықтап жатса да ақпаратты өңдеу тоқтатылмайды.

Қорыта айтқанда, адамзат ақпаратты сақтайды, таратады және өңдейді. Бұл әрекеттер барысында ол қандай да бір әрекеттер жасайды, яғни ол ақпараттық процесстермен жұмыс істейді. Ақпараттық процесстер адамзаттың өзімен немесе әртүрлі құрылғылар мен құралдар көмегімен іске асады (қағаздар, магниттік ленталар, дискілер, калькулятор, компьютер).

Компьютердегі барлық ақпарат тек қана екiлiк санау жүйесінде өңделедi. Екiлiк санау жүйесінің сандарын Бит (Bit) деп айтамыз. 1 Байт (Byte) 8 Биттен тұрады. Ақпараттың негiзгi бiрлiгi Байт болып есептеледi. Байтта тек қана бiр символ сақталады.

1 байт = 8 бит

1 Кбайт (килобайт) = 1024 байт» 1000 байт;

1 Мбайт (мегабайт) = 1024 Кбайт» 1 миллион байт;

1 Гбайт (гигабайт)= 1024 Мбайт» 1 миллиард байт.

 

Мысалы, 7 сыныптың информатика оқулығы 240 беттен тұрады, ал әр бетте 38 қатар, әр қатарда 68 символдан бар. Оқулықта ешқандай да сурет жоқ, тек қана мәтіннен тұрады деп есептесек, онда 240*38*68=620 160 символ немесе 620 160 байт, яғни 620 Кбайт ақпараттық мәлімет бар.

Ақпараттың өлшем бірліктері арқылы әрбір ақпараттың бірлік уақытта таратылу жылдамдығын анықтауға болады. Ақпараттың таратылу жылдамдығы бірліктерде былай анықталады: бит/с, байт/с, килобайт/с және т.б. Мысалы, телефон желісі арқылы таратылатын ақпарат жылдамдығы 4 Кбайт/с -ке тең, ал адам баласының мәтін оқу жылдамдығы 38 байт/с, сөйлеу жылдамдығы шамамен 16 байт/с -ке тең.

 

Date: 2016-05-15; view: 1224; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.006 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию