Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Шу және дірілмен күресу әдісі





Бас айналу ауруларын болдыртпау үшін тербелмелі орындарды дірілге қарсы орындықтар орналасады, дірілге қарсы едендерді жабу, жұмысшыларға дірілге қарсы аяқ киімдермен қолғаптармен қамтамасыз ету. Шуы бар қауіпті орындарда жұмысшылар тыңдауыштармен қамтамасыз етіледі. Есту мүшелерін қорғау үшін 500-700 гц жиілікте 500 гц-тен 50ДБ дейін жиіліктерде шуды 8ДБ дейін түсіретін миоу конструкциясы тыңдауыштарын қолданады.

Тербелу үстімен сәулеленген шуды азайту үшін олар үлкен ішкі қажалумен бірге суды соратын материалмен тартылады және резеңке, пластмасса басқада заттармен тартылады. Кен шығарылатын құарл-жабдықтарда, орындарда шудың төмендеуі өз уақытын және толық құнды жүзеге асады.

Көлік айдаушыны кабинаның шуынан қорғау үшін герметиздеуде жеткілікті. Кабинаның сыртқы қабырғасының ішкі қапталуы арасында кеңістікте айырушы заттар жинақталған. Автосамосвал, эксковатордың жүргізушісінің орындығы, болатты теміррессор түрінде орындалатын амортизацияланатын (тоздыратын) төсеніштермен бекітіледі.

Кен шығаратын орынның жарықтық есеп берілуі "кен шығарылатын орныды электрмен жабдықтау" бөлімінде шығарылады және көрсетіледі.

Дыбыс жылдамдығы қарапайым шарттарда (температура г20°С және қысым 0.1013 МПа) ауада 344 м/с құрайды, сұйықтықта - 1500 м/с және металлдарда - 5000 м/с.

Дыбыстық қозудың күші ауытқу жиілігінен айтарлықтай байланысты. Жиілігі 20 Гц-ке дейінгі (инфрадыбыс) және20 кГц-тен жоғары (ультрадыбыс) дыбыстар адамның есту қабілеті қабылдамайды. 20...20000 Гц диапазонындағы жиілікті дыбыстар әрбір октава шегінде біркелкісіз қабылданады. Орташа (300...800 Гц) және жоғары (800...4000 Гц) жиілікті дыбыстар анығырақ қабылданады, 300 Гц дейінгі жиіліктерде нашар. Күштері бірдей, бірақ жиіліктері әртүрлі дыбыстарды адам әртүрлі дауыс қаттылықты дыбыс ретінде қабылдайды. Сондықтан дауыс қаттылығының деңгейі деген түсінік еңгізілді(1000 Гц болғанда). Дауыс қаттылығының деңгейінің өлшем бірлігі ретінде 1 дБ қабылданды.

Тау-кен кәсіпорнының барлық дерлік технологиялық үдірістері – шу көздері. Өздерінің табиғаты бойынша шулар механикалық, аэродинамикалық және магнитті болып бөлінеді. Механикалық шулар динамикалық үдірістер және машина мен механизмдердің қосылуларындағы серпімді деформация нәтижесінде пайда болады, аэродинамикалық шулар пайдаланылған газдардың шығарылуы, қысымның соғуы кезінде, газдарда және сұйықтықтарда құйын тәрізді құрулар кезінде пайда болады. Магнитті шулар электрлі машинаның статоры мен роторының арасындағы ауалы саңылаудағы пайда болатын күштермен сипатталады.

Механикалық шуды төмендету үшін шуламайтын материалдан жасалған бөлшектер, вибротұтушы төсемдер мен иілгіш муфталар қолданылады. Шуды төмендету мүмкін болмағанда олардың құрылу көздерінің өздерінде олар дыбыс тұтушы қаптамада болады. Дыбыс тұтушы материал ретінде киіз, минералды мақта, асбест, асбосиликат, арболит, кеуекті шткһукатурка, поролон, резенке, пенополиуретан және басқалар пайдаланылады.

Дыбыс қысымының деңгейі мен шудың спектріне байланысты оның адамға келесі әсерлерін бөледі. Дыбыс қысымы 15...45 дБ шарты кезінде шу адамға зиянды әсер етпейді, 45...85 дБ шарты кезінде жұмыс қабілеттілігі төмендеп, хал-жайы нашарлауы мүмкін. Дыбыс қысымының деңгейі 85 дБ жоғары болатын шу денсаулыққа қауіпті, өйткені жұмыс қабілеттілігінің бұзылуына, абыржуға және физиологиялық ауытқуларға әкелуі мүмкін. Дыбыс қысымының деңгейі 90 дБ жоғары болатын шу жеке қорғаныс құралдарымен жұмыс істеген кезде ғана рұқсат етіледі,(3.2-кесте). Дыбыс қысымның деңгейі 120 дБ жоғары болатын шу есту органының механикалық бұзылуына құлақтың дабыл пердесінің жарылуына әкелуі мүмкін, сондықтан бұндай шудың адамға қысқа мезімді болсын әсері рұқсат етілмейді. Бұдан басқа шулық орта зақымдануға сеп тигізеді.

Дірілдің ұзақ әсері жүйке сүйек-бұлшық етті жүйенің өзгеруіне, ағзаның энергетикалық шығынының өсуіне, дене салмағының азаюына, бұлшық ет жүйесінің әлсіреуіне, қан қысымының жоғарылауына әкеледі. Ең қауіпті болып 6...9 Гц жиілікті вибрация саналады.

Жиіліктердің негізгі жолақтарында жұмыс орындары мен зоналары үшін, экскаваторларда, бұрғылау станоктарында, бульдозерлерде, автокөліктерде, өндірістік бөлмелерде және карьер территориясында дыбыс қысымының деңгейі келесі мәндерден аспауы керек:

 

3.2-кесте. Дыбыс қысымының рұқсат етілген деңгейлері

 

Жиілігі, Гц          
Дыбыс қысымының деңгейлері, дБ          

 

3.6 Жарық

 

Техникалық өнеркәсіпте өндіріс ғимараты мен орындарында ұтымды жарықтың болуы еңбек гигиенасының шарттарын, өндіріс мәдениетін жақсартып көтереді, жұмысшыларға психологиялық жағымды әсер етеді.

Өндіріс жарық көзіне байланысты: табиғи, күн сәулесі мен күндізгі жарықтың араласқан сәулесі және электр шамдарының жарығы.

Жасанды жарық люмениециентті күндізгі жарық шамы.

1. Төбе мен жұмыс беткейінің белгіленуі:

Н = 6 – 0,9 – 0,8 = 4,3 м

2. Төбеден шамға дейін:

h = 0,25 х Н = 0,25 х 4,3 = 1,08м

3. Жарықтану беткейінің шамның іліну биіктігі:

Н = Н - h = 4,3 – 1,08 = 3,22м

4. Шамның ілінуінің еденге дейінгі биіктігі:

Н = Н + h = 3,22 + 1,08 = 4,3м

5. Шам қатарларының ара қашықтығы:

L = 1,4Н = 1,4 х 3,22 = 4,51м

6. Шамдар саны:

N = 540/4,51² = 26,5

26,5 х 2 = 53

Date: 2016-05-14; view: 1517; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.009 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию