Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Агрессорды бейбіттендіру саясаты және оның мақсатын түсіндіріңіз





Агрессорды бейбіттендіру саясаты және оның мақсаты. Германия мемлекеті соғыстан жеңіліс тапқаннан кейін Антанта мемлекеттері тарапынан оны бейтараптау саясаты жүргізіле бастады. Ең алғашқы қадам болып 1918 жылы толық Компьен бітімгершілік шартына қол қойған сәттен басталды. Жаңа саясат бойынша Герман мемлекеті Шығыс Африкадағы әскері капитуляцияланды, қарулы күштерінің көп бөлігі Антантаға берілді, сонымен қатар Германияға болашақта әскер санын көбейтуге және агрессорлық саясатта пайдалануға тыйым салынды. Версаль келісім шарты бойынша Германия барлық дерлік колонияларынан айырылды және сол жерлерден әскерін шығарды. Келісім шартта Германияның толық қарусыздануы тиіс екені көрсетілді. Ерікті түрде шақырылған жаяу әскер саны 100-ға дейін қысқарды, әскери күш көрсету алынып тасталды, генералдар штабы таратылды. Әскерді тек ішкі тәртіпті сақтау үшін ғана пайдалануға рұқсат болды. Сонымен қатар шекараға жақын жерлерде соғылған қамалдарын бұзуы тиіс еді; танк, ауыр артилерия, әскери авиация, сүңгуір кемелер иеленуге тыйым салынды; әскери флот қысқартылды. Германия соғыс бастады деп айыпталды және келтірілген шығындарды өтеуге міндеттенді. Германияға жүктелген міндеттерін орындату мақсатында Рейн өзенінің батыс территориясы 5 жылдан 15-ға дейін оккупацияланды. Жалпы айтқанда Версаль келісім шарты Германияның тәуелсіздігін шектеді және сыртқы экономикалық, қаржы және әскери потенциялына шек қойды. Сонымен қатар бұл шарт герман халқының арасында реванштық қозғалыстарға жол ашты. 1920 жылы Спада өткен конференция Германияны қарусыздандыру және репарация жүргізудегі ең негізгі кездесу болып есептелді. Германия Антанта мемлекеттеріне 132 млрд. алтын маркасында қарыз қайтаруы тиіс еді. Соның салдарынан әскерді ұстауға берілген ақша сомасы түгелдей дерлік қарызды қайтаруға жұмсалды, әскерилердің жағдайы нашарлады. Бұл өз кезегінде әскер санының қайтадан қысқаруына алып келді. 1921 жылдың 7 наурызынан бастап 25 күн ішінде Германия 1 млрд. алтын маркасы көлемінде қарызын қайтаруы тиіс болды, оның кепілі ретінде одақтас мемлекеттер 8 наурыз күні Рейнге жақын орнасқан қалаларын оккупациялап алды. Германияның жағдайы Г. Штрезман сыртқы істер министрі болып тағайындалған кезден бастап жақсарды. Ол одақтас мемлекеттерден Герман жерінен әскери күштерін алып кетуді талап етті және оның бұл талабы орындалған болатын. Штерзман кезінде Герман статусы көтеріле бастады. 1925 жылы Рейн кепілдік пактісіне қол қойылды. Пактіде Франция, Германия және Бельгия үшін міндеттері көрсетілген еді. Пакт бойынша осы мемлекетте үшін “Status Quo”, яғни шекараларының мызғымастығы бекітілді және бір біріне шадуыл жасамау туралы ережелер көрсетілді. Германия өз әскерлерін ішкі тәртіпті сақтауға ғана емес, сонымен қатар сыртқы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ұстауға рұқсат етілді, бейтараптау саясаты жеңілденді.







Date: 2016-05-14; view: 1083; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию