Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






Соғысаралық кезеңдегi халықаралық қатынастардағы герман мәселесiн ашып көрсетіңіз





Соғысаралық кезеңдегi халықаралық қатынастардағы герман мәселесi. Соғыс жылдарынан кейін әлемде үлкен өзгерістер орын алды. Соның бірі әлемдік ұлы державалардың бірі болған – Герман мемлекетінің жеңіліс табуы. 1918 жылдың 11 ноябрь айында Германия Антанта одағының бітімгершілік келісімдерімен келісуге мәжбүр болады. Бұл келісімге қол қою Компьен орманында өтеді. Келісім бойынша барлық іскери қимылдар тоқтатылды, герман әскерлері басып алған жерлерінен шығарылды. Рейн өзенінің сол жағ жағалауын Антанта және АҚШ әскерлері оккупациялайды, ал оң жақ жағалауда бейтарап зона құрылды. Германияның жеңіліс табуы көптеген мемлекеттер үшін көптеген мүмкіндіктерге жол ашты. Мысалы, Германияның экономикалық және әскери әлсіреуі Францияның континентте өзінің гегемониясын орнатуға жол ашты, Италия Герман мемлекетінің Тынық мұхиттағы колониялық аралдарының есебінен өзінің экономикалық және әскери потенциалын көбейтуге ұмтылды. Герман мәселесі Париж конференцисында да орын тапты. Конференция Германия және оның одақтастарымен бейбіт келісімге келу үшін шақырылды. Бұл конференцияда ең басты мәселе болып – Германиямен дипломатиялық қатынастарын толық үзуге ұмтылған Латын Америкасы елдері болды. Жоғарыда аталған келісімдерден бөлек Германия Версаль бейбіт келісім шартына да қол қоюға мәжбүр болады. Бұл процессте көптеген келіспеулшіліктерді тудырған еді. Оған түрткі болған Герман мемлекетін соғысты бастаған жалғыз ғана мемлекет деп таныған 231 бап еді. Германия өзіне тағылған кінәларды мойындағысы келмеде, ол келісімге қол қоюдан бас тартты. Бірақ жеңген мемлекеттер Германия қол қоймаса соғыс әрекеттерін қайта бастаймыз деген ультиматум қояды. Ақыр аяғында Германия келісім шартқа қол қояды. Осы келісімнен кейін елде жаңа дүмпулер орын алды, халық арасында реваншизм мен ұлтшылдық экстремизм орын алды, Германия өзінің көптеген иеліктерінен айырылды. Келісім шарт бойынша Францияға Эльзас пен Лотарингия қайтарылды. Бельгияға Эйпен, Мальмеди және Морене берілді. Сонымен қатар Дания, Польшаға да өз жерлері қайтарылған еді. Жалпы Германия территориясының 1/8 және халқының 1/12 бөлігінен айырылады. Соған қарамастан, келісімнен кейін Германияның халықаралық аренадағы жағдайы жақсара бастайды. Германия және басқа да мемлекеттер арасындағы қатынастар жандана бастады. Бұған Германияның Ұлттар Лигасының тұрақты мүшесі болып қосылуы мысал бола алады. Сонымен қатар Германия мемлекеті Рейн кепілдік пактін де қабылдайды. Пактіде Франция, Германия және Бельгия үшін міндеттері көрсетілген еді. Пакт бойынша осы мемлекеттердің шекараларының мызғымастығы бекітілді және бір біріне шадуыл жасамау туралы ережелер көрсетілді. Германияны Ұлттар Лигасының Кеңесіне мүшелікке алынуы оған «Ұлы Держава» статусын берді. Мұның барлығы Герман мәселесінің жойылуына және оны халықаралық қатынастардың тең қатысушысы ретіндегі беделін көтерді.







Date: 2016-05-14; view: 1557; Нарушение авторских прав



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.005 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию