Главная Случайная страница


Полезное:

Как сделать разговор полезным и приятным Как сделать объемную звезду своими руками Как сделать то, что делать не хочется? Как сделать погремушку Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами Как сделать идею коммерческой Как сделать хорошую растяжку ног? Как сделать наш разум здоровым? Как сделать, чтобы люди обманывали меньше Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили? Как сделать лучше себе и другим людям Как сделать свидание интересным?


Категории:

АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника






ХҚ Веналық жүйесінің күйреу себептерін ашып көрсетіңіз





1848 - 1849 жылдар аралығындағы революция жеке мемлекеттер ішіндегі реакцияға ғана қарсы емес, сонымен қатар, монархиялық Еуропадағы халықаралық қатынастар жүйесіне де қарсы болды. 1848 жылы «веналық жүйе» жаңа соққыға тап болды.

1848 жылғы революцияның Германия мен Италия үшін басты мәселесі, осы елдердің феодалдық езгіден босату және осы елдерді біртұтас ұлттық буржуазиялық мемлекетке айналдыру болды. 1848 - 1848 жылдар аралығындағы революция Венгрияның австриялықтардың қол астынан азат етілуіне және Габсбургтер империясын құлатуға әкелер еді. 1848 жылғы Польшадағы революция Польшаны қайта қалпына келтіру проблемасын қайта туындатар еді.

1848 жылғы буржуазиялық - демократиялық революцияға қарсы реакциялық таптар мен оның үкіметі қарсы шықты. Әрбір мемлекеттердің феодалдық - абсолюттік реакциясы революцияға қарсы қозғалысқа бірігіп шықты және де осы қақтығыста дипломатия соңғы орында еместігі көрінеді.

1848 - 1849 жылғы революция дамыған жұмысшылар табының қолында жүруі еуропалық дипломатияға өзінің үлкен әсерін тигізді. 1848 жылға дейін британдық буржуазия барлық революциондық салттардан бас тартты, әсіресе, жұмысшы таптан сескенді. Англияның буржуазиялық — демократиялық плутократиясы реакцияның ең басты, ең маңызды қорғаны болды.

1849 жылдың көктемінде австриялық әскерді венгерлік әскердің талқандауы Габсбург империясының құлау шегіне, немесе бүкіл Еуропада жаңа революциялық қақтығысқа әкелер еді. Патша Германияда Австриялық империяның құлдырауы прустық гегемонияның күшейіп, нығаюына және жаңа прустық көтеріліске әкеледі деп қорықты. Ресеймен революция мемлекет-бекіністік жікке әкеледі деген қауіп туындады.

Өзінің әскерін Венгрияға қарай бет алмастан бұрын патша веналықтардан орыс әскерінің австриялықтарға бағынбауы жөнінде келісімді талап етті. Австриялық үкімет ұзақ уақыт бұған келісімін бермеді, бірақ, Николай Австриялық империяны сақтап қалуды өтінді. Интервенция кезінде патшалық дипломатия Англия мен Франция үкіметінің позициясын бақылады. Бұл жағдайда патша осы елдердің толық саяси тірегіне көзі жетті.

1849 жылдың көктемінде Германия жаңа революциялық бой көтеруді басынан кешірді. 28 наурыз күні Франкфурттық парламент прустық корольге Біріккен Германиямен бірге басшылықта тұруды ұсынды. Баденде, Пфалыдеде және Дрезденде революциялық қақтығыс басталды. Осы жағдайда прустік монархия Германияның жандармы рөлін атқарды.

Король Фридрих - Вильгельм IV жалпыгермандық конституцияның жобасын кейінге қалдырды, ал прустік әскер контрреволюциялық интервенцияны жүзеге асырды жэне Оңтүстік Германия мен Саксонияда көтерілісті басады.

Наурызда Даниямен қайтадан басталған соғыста прустік әскер Ютландияны жаулап алады. І Николай, Пальмерстон жэне Француздық республиканың үкіметі Германиядағы көтерілісті Пруссияның басуына жақсы қатынаста болды. Патша қайтадан өзінің әскери кемелер эскадрасына Альзен өзені бойымен Данияны қорғау үшін жылжуды бұйырды. Пальмерстон және француздық үкімет те Пруссияға қарсылықтарын

білдірді. Фридрих - Вильгельм IV шегінуге мәжбүр болды. Осылайша, ол Даниямен келісімге отырады және Шлезвиг пен Ютландиядан өзінің әскерін әкетуге келісімін береді.

Париж конгресінен кейін, Ресейдің шетел министрлігінің жұмыстары Нессельроденің қолынан князь Александр Михайлович Горчаковтың колына көшеді. Ол өте ақылды, көпті көрген және кең ой - өрісті адам болған. Ол терең білімді болмағанымен, қазіргі заманға жақын Еуропа дипломатиясының тарихын жақсы білді. Мінезі жағынан тәуелсіз адам болды, сол мінезі үшін де оны канцлер Нессельроде онша ұнатпады. Нессельроде мен ІІ Николай қарағанда, Горчаков ІІ Александр тәуелсіз қарым - қатынаста болды. Ол өзінің тағайындалуынан кейін, ІІ Александр берілетін баяндамасына өз саясатының негізі мен өзектілігін көрсетті. Сонымен қатар, бүкіл Еуропаға Ресейдің дипломатиялық рөлі жөнінде циркулярлы хатында да баяндады. Ресей еуропалық жұмыстарға белсенді түрде араласуынан ұстанады; Ресей болашақта достық, қарым - қатынас үшін мемлекетті өзі таңдауына құқылы.

Бір жағынан Ресей француз императорына әрекетіне бостандық берді, екінші жағынан - Горчаков Қасиетті Одақтағы Ресейдің одақтастарынан көңілі қалғанын білдіріп, Австрияға ниетін білдірді.

Француз императорының пиғылы үшін жағдай өте қолайлы болды. Париж бейбіт келісімінен кейін Ресеймен қатынас ай өткен сайын жақсара түсті. 1856 жылы Мәскеуде Александр II таққа отырғызу мерей тойына ІІІ Наполеон өзінің сенімді адамдарының бірі Қырым соғысы кезінде тез арада достасу қажет деген ұсынысты айтқан граф де Морниді жібереді. Бүкіл Успен соборы мен Кремльдегі мерй тойға қатысушыларды Морнидің күймесін собордан алыс қашықтықта тоқтатып койғаны таң қалдырды. Басқа елшілер олай жасамады. Граф де Морни орыс - француздық одақтың өте тиімді екенін айтты. Орыс аристократиясы граф Морниді өте жақсы қабылдады. Трубецкая ханымына үйленгеннен кейін, француз елшісі Мәскеуде де, Петербургте де өз адамы болып саналды. Патша оны қастерлеп, қандай да болмасын уақытта және қандай да болмасын жағдайда қабылдауға дайын болды. Морни Ресейде француз капиталына біраз экономикалық жеңілдіктерге ие болды.

Ресеймен жақындасу ІІІ Наполеон үшін өте қажет болды. Оның себебі, Қырым соғысында Францияға қарағанда көп нәрсеге ие болған Англияны әлсірету болды. Бірақ, сонымен қатар, ІІІ Наполеон Англиямен де қарым -қатынасын үзгісі келмеді. Орыс - француз одағын құру үшін, Қырым соғысынан кейін де жалғасын тапқан Англиямен қатынасын Францияға үзу керек болды. Өйткені, Пальмерстонның Ресейге қарсы өштесуі Кавказда да, Персияда да, Түркияда да басқа жерлерде де жалғаса берді. Екінші жағынан, ІІІ Наполеон Париж трактатын қайта қарауға келісімін бермеді. Егер, Франция Австрияға қарсы шабуыл жасаса, онда Ресей австриялықтарға көмек беріп қана қоймай, сонымен қатар Францияға қарсы достық бейтараптық позицияны ұстануын III Наполеон ойластырды.

1857 - 1862 жылдар аралығында Қиыр Шығыста, Сербияда, Черногорияда және дунайлық княздығындағы патшалық үкімет және III Наполеон бірігіп, ондағы Англияның, Австрияның, Түркияның ықпалын әлсіретуді ойлады.

1858 жылдың 20 шілде айында III Наполеон Сардиния патшалығы Кавурды Помбьер курортына шақырады. Осында император мен Кавур өздерінің дипломатиялық рөлдерін шешіп, келісімдерінің негізін анықтады. III Наполеон Сардина патшалығынан Савойа мен Ницца облыстарын беруді талап етті. Ол үшін III Наполеон Сардинаның патшасы Виктор – Эммануил II одақтасып, Австрияға қарсы соғыс жариялауға келісімін берді. Сонымен қатар, ол австриялықтарды Ломбардия мен Венециядан ығыстырмағанша, шегінбейтіні жайлы айтты. Австрияға қарап түрған осы екі аудан Сардиния патшасының иелігіне кіруі қажет болды. Пломьберлік келіссөздің құпия түрде келісілгендігіне қарамастан, 1858 жылы күзде Австрия қауіпті сезініп, соғысқа дайындала бастады. Франция мен Сардиния патшалығында да үлкен дайындық жүріп жатты. 1859 жылдың 1 қаңтар айында Парижде Тюильрийстік сарайында дипломатиялық корпустың жаңа жыл кеші өтіп жатты. Осы кезде III Наполеон австриялық граф Гюбперннің алдына келіп, келесі сөздерді айтты: «Сіздің үкіметіңіз бен достық қарым - қатынасымыздың әлсіреп бара жатқанына мен өкінемін» деді.

 

Date: 2016-05-14; view: 1236; Нарушение авторских прав; Помощь в написании работы --> СЮДА...



mydocx.ru - 2015-2024 year. (0.007 sec.) Все материалы представленные на сайте исключительно с целью ознакомления читателями и не преследуют коммерческих целей или нарушение авторских прав - Пожаловаться на публикацию