Полезное:
Как сделать разговор полезным и приятным
Как сделать объемную звезду своими руками
Как сделать то, что делать не хочется?
Как сделать погремушку
Как сделать так чтобы женщины сами знакомились с вами
Как сделать идею коммерческой
Как сделать хорошую растяжку ног?
Как сделать наш разум здоровым?
Как сделать, чтобы люди обманывали меньше
Вопрос 4. Как сделать так, чтобы вас уважали и ценили?
Как сделать лучше себе и другим людям
Как сделать свидание интересным?
Категории:
АрхитектураАстрономияБиологияГеографияГеологияИнформатикаИскусствоИсторияКулинарияКультураМаркетингМатематикаМедицинаМенеджментОхрана трудаПравоПроизводствоПсихологияРелигияСоциологияСпортТехникаФизикаФилософияХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника
|
Ж. Вестфаль бейбіт бітімінің Еуропада әскери, саяси күштердің жаңа арасалмағының қалыптасуындағы рөлін сипаттаңыз
Швеция Балтықта өз мүддесін көздеді. ХҮІІ ғ. ол Скандинавия елдері арасындағы ең мықты мемлекет болып саналды. ХҮІ ғ. Мескеу мемлекеті Фин шығанағы жағалауындағы жерлерінен айырылды, ал бір кездері бұл жерлерді иемденуді Иван Грозный армандаған. Шведтер Фин шығанағының шығыс жағалауын және Рига шығанағын иемдене бастады, енді олар бекіністер орнатып, Батыс Еуропаға сауда-саттық жасаған Польша, Пруссия помещиктерінен салық алып отыруды армандады. 1632 ж. Густаф-Адольф қайтыс болып, Франция немістердің ісіне араласа бастады, «еркіндік» алып бермекші бола отырып, Франция Батыс Германияның кедейленуіне әсер етті. Ұзаққа созылған соғыс Германияның саяси бірігуіне кедергі болып, 1648 ж. Вестфаль бейбіт бітімімен аяқталды. Осы кезеңнен бастап дипломатия тарихы Еуропа конгрестеріінің тарихына ұласады. 1645-1648 жж. Оснабрюк конгресінде ұзақ келіссөздер жүргізіліп, онда Қасиетті Рим империясы, оның одақтастары мен Швеция және оның одақтастары арасында бір келісімге, 1645-1648 жж. өткен Мюнстер конгресінде Қасиетті Рим империясы және оның одақтастары мен Франция және оның одақтастары арасында екінші келісімге қол қойылды. Шведтердің барлық талаптары қанағаттандырылып, ол Штеттин (Шецин), Дамм, Гольнау қалаларымен қоса бүкіл Батыс Померанияны және Шығыс Померанияның жартысын, Рюген мен Волин аралдарын (Одераның сағасы), Гаваньмен бірге Висмар қаласын, зиялы князьдықтарға айналған Бремен мен Верден епископтықтарын иемденді; келіссөзде ежелгі ганзей қалалары – Висмар, Бремен, Штральзунд, Верден және т.б. өз еркіндіктерін сақтап қалады деп айтылған. Бұл жерлердің иеленушісі ретінде Швеция империя құрамына ене отырып, өз депутаттарын империя сеймдеріне жіберіп отыруға құқылы болды. Сөйтіп, Швеция басты мақсаты – Балтық және Солтүстік теңіздеріне қол жеткізді. Балтық және Солтүстік теңіздеріне ағатын шығыс еуропалық өзендердің сағасына бақылау орнатып, енді Швеция өзендер арқылы жүретін сауданы өзінің бақылауына алды. Шығыс Еуропадан Голландия мен Англияға қарай өтетін Швецияның бұл жетістіктері Бранденбург, Мекленбургтың есесінен алынғандықтан, соңғы екеуіне секуляризацияланған (мемлекет иелігіне немесе басқа да зиялы иеленушілерге берілген) епископтықтар мен монастырьлар берілді. Бранденбург иелігіне Гальберштадт, Камин, Минден епископтықтары беріліп, сонымен қоса архиепископ қайтыс болғаннан кейін Магдебург архиепископтығын иелену құқығы берілді. Мекленбург болса Шверин, Ратцебург епископтықтарына және шіркеудің бірқатар жерлеріне ие болды. Франция үш лотарингиялық епископтық – Мец, Туль, Верденді, Эльзастың Страсбургтан басқа барлық аумағын иемденді. Бавария Жоғарғы Пфальцты және сонымен байланысты курфюрстықты сақтап қалды. Швейцария мен құрама провинциялардың Республикасы (Голландия) империя құрамынан бөлініп шығып, олардың дербестігі мойындалды. Вестфаль бейбіт бітімінің негізгі гаранттары ретінде жеңіске жеткен екі держава – Франция мен Швеция танылды. Вестфаль бейбіт бітімі Германиядағы кальвинистер, католиктер, лютерандардың діни құқықтарын теңестіріп, шіркеулердің секуляризациясын заңдастырды, бірақ Германия князьдарының қол астындағыларының діни көзқарасын белгілеуіне тыйым салды. Алайда князьдар сыртқы саясаттарын өз бетінше жүргізу,соғыс ашу, бітімгершілік жасау, келіссөздер жүргізу құқықтарына ие болды, бірақ неміс князьдарының сыртқы саясаты империяға қарсы келмеу керек деп белгіленді. Вестфаль бейбіт бітімінің маңызы мынада: Германияның ішкі құрлысын ұзақ уақытқа тұрақтандырып, оның саяси бөлінуін бекітіп берді. Еуропа континентіндегі мемлекеттердің шекараларын анықтай отырып, Вестфаль бейбітшілігі ХҮІІІ ғасырдың аяғындағы француз буржуазиялық революциясына дейінгі барлық келісімшарттардың бастапқы құжаты ретінде қарастырылды. Вестфаль бейбіт бітімі Ришелье саясатының жемісі еді, әрине бұл кезде кардинал өзі тірі болмаған. Оның саясатын жалғастырушы кардинал Мазарини болды. Ол Оснабрюк, Мюстер шарттары жасалған кезде билікте еді. Кейін ол өзі Кромвель басқарған Англиямен одақтасып, Испанияға қарсы соғыс жүргізді және 1659 ж. Испания мен Пиреней бейбіт келісіміне қол қойды. Осы шарттың арқасында Франция Люксембургтың бір бөлігіне, Руссильон, Артуа мен Геннегауға ие болды. Вестфаль және Пиреней бейбіт келімішарттары Францияның Еуропада үстемдік етуіне жол ашты. Францияның ең басты қарсыласы – Империя іс жүзінде жойылды. Германияда «неміс еркіндігіне», Италияда «саяси еркіндікке» қол жеткізілді. «Бостандық» деген жел сөз болып қалып, осы екі еуропалық елдің саяси бытыраңқылығы бекітілді және Франция енді оларға қатысты ойына келгенін жасап отырды. Ежелгі Галлия кезіндегі фактілерді алға тарта отырып, Мазарини өзге жерлерді иемдену мақсатында «табиғи шекара» жайлы сөз қозғауға қол жеткізді
4 Жеті жылдық соғыс (1756–1763) — сол кездегі барлық маңызды еуропалық мемлекеттер қатысқан, 900 000-нан 1 400 000-ға дейін адам шығынына алып келген соғыс.[1] Соғыс 1756 жылдан 1763 жылға дейін еуропалық және отарлық соғыс театрларында өрбіді. 1754 – 1763 жылдар арасында орын алған Помераниялық соғыс пен Француз және үнді соғысы соның бөлігі болып саналады. Пруссия, Һановер курфюрсттығы жәнеҰлыбритания патшалығы (Солтүстік Америкадағы отарлары, британиялық Шығыс Үнді компаниясы жәнеИрландия патшалығымен бірге) одақ құрып, Аустрия, Франция (Солтүстік Америкалық Жаңа Франция отары және франциялық Шығыс Үнді компаниясымен бірге), Ресей империясы, Швеция және Саксония курфюрсттығына қарсы соғысты. Кейінірек текетіреске Португалия (Ұлыбританияның жағында) және Испания(Францияның жағында) да кірісті. Бейтарап Нидерланд республикасының қарулы күштері Үндістанда шабуылға ұшырады. Соғыстың нәтижесінде Франция Америкалардағы басты отарлаушы мемлекет ретіндегі ролін (онда ол Француз Гвианасы, Гваделупа, Мартиника, Сен-Доминг және Сент-Пьер және Микелон сияқты иеліктерін ғана сақтап қалды) және Ұлы француз революциясына дейін Еуропадағы ең басты мемлекет ролін жоғалтып алды.[2]Ұлыбритания болса дүниедегі басты отарлаушы мемлекетке айналды. Францияның әскери теңіз флоты бытырап кетті.[3] Дүниенің басқа бір шеті, Үндістанда британиялық Шығыс Үнді компаниясы орнығып, соның арқасында Үндістан «Империялық тәждің асыл тасына» айналды. Уинстон Черчилль бұл соғысты біріншідүниежүзілік соғыс деп атады,[4] себебі ол адамзат тарихындағы бүкіл жер шары бойынша жүргізілген соғыс болды (соғысушы жақтардың көбі еуропалық мемлекеттер болса да). Өздерінің империяларын үлкейтумен айналысып жатқан Англия мен Франция арасындағы әскери жанжал болғандықтан, кейде оны екінші Жүз жылдық соғыс деп те атайды.[5] Бұл соғыс Пруссия патшасы Ұлы Фридрихтың Саксонияға шабуылымен басталды.
Он сегізінші ғасырдың көп бөлігінде Франция соғыстарын бірдей тәсілмен жүргізіп отырды: соғыс болған кезде ол отарларын бәрібір ұстап қала алмайтынын сезіп, оларды өз бетінше қалдырып, онда азғантай немесе тәжірибесіз әскер жіберіп отырды. Ол өзінің әскерінің басты бөлігін елге жақынырақ әскердің жеңіске жетуі ықтималдырақ деп Еуропа құрлығында ұстап отыратын. Содан соң соғыстың кезінде көбірек жерді басып алуға тырысып, бітім туралы келіссөздер жүргізгенде сол басып алған жерді өзінің теңіздің арғы жағында айырылып қалған жерін қайтарып алуға қолданатын. Бұндай стратегия осы соғыста Франция үшін аса тиімді бола қойған жоқ, себебі теңіздің ар жағындағы отарлардан ол шынында да айырылып қалды, бірақ Еуропада ол онша көп жер басып ала алған жоқ. Ал британиялықтардың соғыс жүргізу тәсілі басқаша болды: олар өздерінің аса басым теңіз қуатын пайдаланып, елді теңізден қоршап, порттарын атқылай алатын және өз әскерлерін теңіз арқылы кез келген жерге жеткізе алатын. Олар жаудың теңіз қатынас кемелеріне шабуыл жасап, жақын жердегі британиялық отарлардан адам жинап, жаудың отарларына шабуыл жасайтын. Өздерінің құрлықтағы әлсіздігінің орнын британиялықтар өздерінің жауларының қарсыластарымен одақтасып толтыратын. Жеті жылдық соғыста британиялықтар өз заманының ең ұлы әскери стратегі Ұлы Фридрихпен одақтасты, ал оның мемлекеті Пруссия орталық Еуропаның көтеріліп келе жатқан әскери қуатты мемлекеті болды. Олар Фридрихқа соғыстарын қаржыландыру үшін көп қаржы беріп отырды.
Date: 2016-05-14; view: 2242; Нарушение авторских прав |